Preview
№ 3 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
https://doi.org/10.48184/2304-568X-2020-3

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-8 1720
Аңдатпа

Қазіргі уақытта ешкі өсіру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін басым бағыт болып табылмайды. Алайда, түбітті ешкілерді өсіруді қолдаудың Қазақстандағы экспорттық мүмкіндіктерінің өсуіне және еліміздің жеңіл өнеркәсібінің дамуына жақсы перспективалары бар. Мақалада ешкі популяциясының қазіргі жағдайы туралы деректер келтірілген. Қазақтың генотиптерінен шыққан ешкі Кашмир ешкілерінің ұсақтылығына сәйкес келетіндігі көрсетілген, бұл оның құндылығы жоғары және оның өндірісін ел ішінде көбейтуге толық негіз бар.

9-13 1498
Аңдатпа

Мақалада трансформация әдісі арқылы жобаланған той көйлектерінің бірнеше нұсқалары ұсынылады. Бұл мақаланың мақсаты әйелдерге арналған үйлену той көйлегінің жинағын көркемдік жобалау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін өзара байланысты бірқатар мәселелер мен міндеттершешілді: сән бағыттарын зерттеу және пайдалану, шығармашылық дереккөзді талдау, киім үлгілерінің перспективалық коллекциясын әзірлеу, модельдің техникалық эскизін орындау. Зерттеу нәтижесінде той көйлегінің жиынтығы әзірленді.

14-19 1856
Аңдатпа

Мақалада түйе сүтінің негізінде геродиетикалық тамақтануға арналған қышқыл сүт өнімдерінің ақуыздарының аминқышқыл теңгерімділігін анықтау және есептеу бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Түйе сүтіне өсімдік компонентінің ұнтағын, шөп өсімдігінен алынған өнімді енгізу геродиетикалық тағамға арналған қышқыл сүт өнімдерін дайындаудағы алмастырылмайтын амин қышқылдарының келесі құрамы арттыратыны анық-талды. Олар: лейцин - 8,66 г ± 0,2 г, изолейцин - 4,81 г ± 0,1 г, лизин - 6,72 г ± 0,2, метионин - 3,26 г ± 0,2, фениаланин + тирозин - 5,72 г ± 0,2, треонин - 6,3 г ± 0,2 триптофан 1,18 г ± 0,2, валин 6,21 г ± 0,2. Нәтижелермен қатар сәйкессіздік коэффициенттері есептелді, олар келесі сандарға ие: №1 рецептура - 2.4, №2  рецептура- 2,5.

20-25 1531
Аңдатпа

Мақалада дәнді және бұршақты дақылдардың биохимиялық құрамы туралы мәліметтер келтірілген, олардың негізінде астықтың 2 түрі таңдалды: қарақұмық және жасымық. Қарақұмық жармасы мен жасымық дәнінен крахмал, талшық, ақуыз, майдың оңтайлы қатынасы, ұнтақтау ірілігі 400-600 мкм болатын ұнының тәжірибелік үлгілері алынды. Қарақұмық және жасымық дәндерін тұтас ұнтақталған өңдеудің технологиялық схемасы ұсынылған.

26-31 409
Аңдатпа

Мақалада қант қызылшасын сақтау үшін ионозонаторлы қондырғыны қолдану тиімділігі қарастырылды. Қант қызылшасын қоймада сақтау тиімділігін анықтау үшін біз дәстүрлі және ионозонды өңдеуге кеткен шығындарды есептедік. Нәтижесінде ионозон технологиясын қолдана отырып, қант қызылшасын сақтаудың экономикалық тиімділігі 208 тг/т құрайтындығы дәлелденді. Есептелген мәліметтер негізінде қант қызылшасын сақтауға арналған ионозон технологиясы ұсынылды, себебі бұл дәстүрлі технологиямен салыстырғанда шамамен 2,6 есе арзан болды.

31-35 610
Аңдатпа

«Стелла Альпина» ЖШС-де шығарылған жартылай жұмсақ Качотта ірімшігінің аминқышқылдар құрамы анықталды. Оның құрамында ақуыз бен майдың көп мөлшері болатындығы анықталды және ол ірімшік - биологиялық құнды өнім. Ірімшіктің энергетикалық құндылығы 10-нан 18 кДж-ға дейін өзгереді. Качотта ірімшігінің құрамында 13 аминқыш-қылы табылды. Зерттеу мәліметтері бойынша 10 аминқышқылының ең көп 7-і лейцин, изолейцин, фенилаланин, валин, лизин, треонин, метионин алмастырылмайтын аминқыш-қылдары болып табылады.

35-39 878
Аңдатпа

Берілген мақалада әртүрлі жарма қосылған көкөніс дәмтағам консервілерінің рецепту-ралары мен олардың сапасын бағалау нәтижелері көрсетілген. Зерттеу барысында көкөніс дәмтағам консервілерінің ассортиментін кеңейту мақсатында көкөніс фаршының құрамына қосылатын күріштің орны 90 г, 100 г, 110 г арақатынасында қарақұмық, тары жармалары-мен алмастырылды. Мақалада тары және қарақұмық қосылып дайындалған көкөніс дәмтағам консервілерінің жаңа рецептуралары көрсетілген, сондай ақ олардың құрамындағы ауыр металдар мөлшері МЕМСТ 30178-96, МЕМСТ 26935-86 стандарттарына сәйкес келетіндігі көрсетілді.

39-44 612
Аңдатпа

Мақала мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған функционалдық қасиеттері бар ет қосылған өнімдерді зерттеуге арналған. Cапалы ет өнімін жасау бойынша ингредиенттік құрамның үйлесушілілігін ескеріп зерттеулер жүргізілді. Өндірістің технологиясы құрастырылып, өнімнің рецептурасы жасалынып, микробиологиялық көрсеткіштер, сапалық көрсеткіштер анықталып, өндірістік анықтаудан өткізілді. Әзірленген паштеттер отандық өндірістің табиғи биологиялық корректорымен (ТБК) байытылған, ТБК оларды бағытталған әрекет үшін қажетті микронутриенттермен байытады: құс еті қосылған кальциймен байытылған паштет. «Құс етінен жасалған паштет» консервіле-ріндегі микробиологиялық зерттеулерге сәйкес мезофильді аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдер саны (МАФАнМС) сенімділік аралығынан аспайды, 6,6 х 102 КОЕ/г құрайды.

44-47 521
Аңдатпа

Мақалада электрофизикалық әдістерді қолдану, оның ішінде қант қызылшасын сақтау үшін кавитация аймағында озонды өңдеу қарастырылaды. Көксу қант зауытының екінші дәрежелі залалданған қант қызылшасы үлгілерін эксперименттік зерттеу озонды кавитациялық өңдеудің ұзақ мерзімді сақтауға жағымды әсер ететіндігін көрсетті. Зерттеу нәтижесінде 5 атм дейін қысым кезінде 20 минут ішінде 8 г/м3 озон концентрациясымен өңдеу ең оңтайлы режим екендігі дәлелденді.

48-52 765
Аңдатпа

Былғары және аяқ киім өндірісінің қалдықтары әлі толық қолданыс таппады және көп жағдайда оларды сыртқа шығарып тастайды, бұл жағдай қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Қалдықтардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайту үшін оларды қайта өңдеу технологиясын зерттеп, қолданысқа еңгізу өзекті мәселе. Сондықтан, бұл мақалада былғары және аяқ киім өндірісінің қалдықтарын ұсақтау үрдістері, олардан шикізат пен өнім алудың технологиялық үрдістері талқыланады. Осы мақсатта зертханалық жағдайда қалдықтарды одан әрі өңдеуге жарамды ұсақтау үрдісін зерттеуге мүмкіндік беретін қондырғы жасалды. Өндіріс қалдықтарын ұнтақтаудың технологиялық үрдісінің ұтымды режимдерін анықтау үшін зерттеулер жүргізілді. Өңдеу реті және оның режимдерінің мәндерін өндіріс жағдайында қолдануға ұсынылды.

52-56 574
Аңдатпа
.

Бұл мақаладa зертханaлық жағдaйда бидaй ұны құрамынa жүгерi ұны және Urtica dioca l. ұнтағы қолдaнылып, замaнауи технолoгиялық рецептурaға сaй дайындaлған өнімнiң физикaлық және химиялық сипатамалaры зерттелдi. Ғылыми мәліметтeрге сәйкeс қoсүйлі қалaқай жaпырақтарының химиялық құрaмын С, K, B дәрумендерi, пaнтенон қышқылы, құмырсқa қышқылы, карoтин, қaльций құрaйды. Сoл себепті, макарон өнімдерiнің құрaмына қосүйлі қалaқай ұнын қoсу, жүрeк пeн өкпeнің жұмысын бiр қaлыпты ұстaуда, бaуыр және өт жoлдарының созылмaлы дерттерiн aлдын алудa ықпaлын тигізeді. Зерттeу нәтижесінe сaй 20% жүгeрі ұны, сондай-ақ 2% қосүйлі қалaқай ұнтaғы қосылғaн макaрон өнімдерiнің органoлептикалық, физикaлық және химиялық қасиеттері стaндарттарға сай бoлып, ол жаңа макарон рецептурaсына қосылaтын оңтайлы мөлшер бoлып есептеледі.

56-61 458
Аңдатпа

Мақалада қант өнімі шикізатын ұзақ уақыт сақтауды қамтамасыз ету үшін электрофизикалық қондырғыны пайдалану тиімділігі қарастырылды. Көксу қант зауытының екінші дәрежелі қант қызылшасының эксперименттік зерттеулері жүргізілді. Нәтижесінде, қант өнімдерінің жарамдылық мерзімін арттыру үшін ең оңтайлы режим 20 минут ішінде 3 немесе 5 атм артық қысымда 8 г/м3 концентрациясы бар озонды өңдеу болып табылады. 

61-67 421
Аңдатпа

Сенімді ақпарат негізінде сақталатын астықтың жай-күйін ғылыми негізделген бағалау және басқару астықтың сандық-сапалық ысырабын және тағамдық қауіпсіздігін болдырмау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында өзара байланысты физика-химиялық және биохимиялық процестер бағытының сенімді болжамын қамтамасыз етеді. Астықты сақтау процесінің стационарлығына сүйене отырып, астықтың өздігінен жылынуына жол бермеу үшін конвективті тасымалдау, жылу өткізгіштік, анизотропты, кеуекті материал қабаты арқылы оттегінің таралуы арқылы жылу беру жағдайларын сипаттай-тын дифференциалдық теңдеулер жүйесін қолдану ұсынылады. Термодинамикалық жүйе ретінде Eа=123 кДж/моль астық массасының белсендіру тосқауылының деңгейі анық-талды, оған жеткенде тұрақты ішкі жылу көзі пайда болады. Негізгі факторларды есепке алу және астық массасындағы (токтарда, элеваторларда, тасымалдау, сақтау кезінде және т. б.) ықтимал экзотермиялық процестерді болжамды бағалау үшін имитациялық математика-лық модельді қолдану ұсынылады.

 

67-73 505
Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты электрофореграмма әдісі арқылы ақуыз гидролизаттарының табиғатын, олардың өлшемімен молекулалық массасын анықтайтын, гидролиз дәрежесін зерттеу болып табылады. Бұл зерттеуде түйе сирағынан ақуыздарды гидролиздеу үшін түйенің ұйқы безінің суспензиясы пайдаланылды. Ақуыздардың таралуын бақылау және әр-түрлі инкубация кезеңдерінде олардың молекулалық салмағын бағалау үшін полиакриламидті гельдегі натрий додецилсульфаты электрофорезі (SDS-PAGE) пайдаланылды. BioCapt (Vilber Lourmat, Франция) бағдарламасын қолдана отырып электрофореграмманы өңдеу гидроли-заттар арасындағы ақуыз және пептидті профильдердің гидролизінің табиғатын анық-тайды және 8 сағатқа созылатын гидролиз уақыты молекулалық массасы <20кДа төмен болатын молекулалық қосылыстардың ең көп жинақталуын көрсетеді, бұл пептидтердің ықтимал белсенділігі үшін қолайлы нәтиже болып табылады.

73-78 593
Аңдатпа

Қазақстанда сапалы құс еті мен жұмыртқаға сұраныстың өсуіне байланысты эколо-гиялық таза өндіріске көшу өзекті болып табылады. Құс фабрикаларында пробиотиктерді қолдану өнімнің қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада әлемде және отандық құс шаруашылығында пайдаланылатын пробиоти-калық препараттарды қолданудың тиімділігі туралы деректер келтірілген. Пробиотиктерді енгізу арқылы ет, жұмыртқа және құс қаңқасының сапасы жақсаратыны, антибиотиктерге төзімділік концентрациясы 1,5-2%-ға және иммунитеті жоғарылайтыны, азықтың конверсиясы 5-7%-ға жақсаратыны, бақылау топтарымен салыстырғанда тауықтардың дене салмағы 1,1%-дан 3,9%-ға дейін артатыны дәлелденді. Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы қазақстандық құс фабрикаларында қолданылатын шетелдік пробиотиктер нарығын және олардың тиімділігін зерттеу болып табылады.

79-84 544
Аңдатпа

Қазіргі уақытта сыра қайнату өнеркәсібінің ассoртиментін кеңейту үшін технoлoгияға өсімдік шикізатының дәстүрлі емес түрін енгізумен мүмкін бoлады, бұл белгілі бір сапа көрсеткіштері бар арнайы мақсаттағы сусындарды өндіруге мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі міндеті компоненттердің ең көп санын, экстрагирлеудің оңтайлы параметрлерін алуға мүмкіндік беретін экстрагенттің концентрациясын анықтау, сондай-ақ ферментті препараттармен алдын ала өңдеудің жеміс-жидек шикізатының қасиеттеріне әсерін бағалау болып табылады. Жүргізілген зерттеулер спирттің 60% көл. концентрациясы бар ерітінділер спирт және суда еритін заттардың шығуын арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Бірақ жеміс-жидек шикізатынан бояғыштарды алу мақсатында күштілігі 75% экстрагентті пайдалануды ұсынуға болады, ол көбінесе антоциан қосылыстарын шығарады. 

84-89 853
Аңдатпа

Мақалада қант диабетімен ауыратын және лактозаны көтере алмаушылығы бар адамдар үшін пайдалы бадам сүтінен балмұздақ алу технологиясы қарастырылады. Жұмыс барысында бадам сүтінің және жаңа дайын өнімнің, физика-химиялық құрамы анықталды. Ұсынылған жаңа өнімде, рецептурада көп мөлшерде адам ағзасына зиян келтіретін қант жоқ, дәмдік қасиеттерді беру үшін бай дәрумен-минералды құрамы, емдік қасиеттері және жоғары қоректік құндылығы бар финиктер қосылған. 

90-94 504
Аңдатпа

Бұл жұмыста экструдталған астық өнімдеріне арналған ақуызды толтырудың аминқышқылдық құрамы зерттелді. Зерттеулерге сәйкес, маңызды аминқышқылдары барлық аминқышқылдарының 1/3 бөлігін құрайды, бұл ақуызды толтыратын ақуыздың жоғары сапасын білдіреді. Ағзаның аминқышқылдарының тәуліктік қажеттілігін ақуыз толтырумен қамту қарастырылды. Ақуызды толтыру құрамында аминқышқылдарының бай құрамы бар екендігі анықталды және ұзақ сақтау мерзімі бар экструдталған астық өнімдерін алуға мүмкіндік береді.

94-98 441
Аңдатпа

Жұмыста ұсақталған дәндер бөлшектерінің әртүрлі мөлшерімен алынған ақуызбен толтырылған экструдталған өнімдер зерттелді. Дайын өнімнің физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштерін анықтау кезінде бір-бірінен аздап ерекшеленетіні анықталды. Оңтайлы үлгі-бөлшектердің мөлшері 1,0 мм болатын өнім.

99-103 474
Аңдатпа

Мақалада биоцидтік құрамдармен өңделген салмалы аяқ киім ұлтарақтарындағы микробқа қарсы белсенділікті зерттеу мен олардың қауіпсіздігі қарастырылған. Микробқа қарсы өңдеу келесі агенттерді: поливинил спиртін (ПВС), салицил қышқылын (СК), мыс сульфатын, несепнәрді, поливинилпирролидонды (ПВП), бензой қышқылын қолдана отырып, дистилденген суда жүзеге асырылды. Модификацияланған материалдардың микробқа қарсы белсенділігі e.coli ішек таяқшасы мен p.Penicillium зең саңырауқұлақтарына қатысты анықталған. Тіндердің зерттелген үлгілерінің тұрақты антибактериалды әсері бар – өсуді басу аймағы 2 мм-ден 4 мм-ге дейін, ал саңырауқұлаққа төзімділігі жоқ екендігі анықталды.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

104-107 603
Аңдатпа

Мақала Өзен, Кеңқияқ, Мартыши кен орындары мұнайының физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеуге және депрессорлық қоспалардың Өзен кен орындары мұнайының реологиялық қасиеттеріне әсерін зерттеуге арналған. Мұнайдың парафиндер мөлшерін, қоюлығын, қату температурасының бастапқы талдауы жасалған болатын. Зерттеу жүргізу кезінде MR-1055/980, Deprop 4125, WX 161 депрессорлық маркалар пайдаланылды. Мұнайға депрессорлық телімдердің әсері олардың физикалық-химиялық сипаттамаларына оң әсер ететіні анықталды.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС

108-111 507
Аңдатпа

Елдің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері республиканың барлық даму стратегияларында және мемлекеттік бағдарламаларында қарастырылған. Бұл мақалада кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың маңызды бағыттары мен мәселелері қарастырылады. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық бизнесті дамыту бойынша шаралар кешенін ұстанады. Осыған орай, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнестің сапалы дамуына ықпал етеді. Мұнда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауы - шағын бизнесті дамытудағы негізгі міндеттерді қалыптастыру процесіне ықпал етеді. Авторлар «Даму» қоры және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы сияқты компаниялардың қызметін көрсете отырып, Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың негізгі бағыттарын талдады.

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

112-115 445
Аңдатпа

Ұсынылған мақала "Абай жолы" романында кеңістіктік қатынастарды білдірудің лексикалық және семантикалық ерекшеліктеріне арналған. Кеңістік категориясының үш өлшемділігін (биіктігі, ұзындығы және ені) ескере отырып, М. Әуезов өзінің "Абай жолы" эпопеясында объективті дүние заттарының жағдайын статистикалық және динамикалық жағдайда, сондайақ лексикалық, лексикалық-морфологиялық және синтаксистік деңгейдегі тілдік құралдардың көмегімен тік, көлденең және көлемді жазықтықта беруді қарастырады. Жұмыстың зерттеу нәтижелері кез келген туыстық емес тілді, соның ішінде шетел тілін оқытуда ұлттық-бағдарлы тәсілге негізделген оқулықтар мен құралдарды дайындау кезінде жаттығулар жүйесін құруда пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда осы зерттеудің практикалық маңыздылығын көреміз.



ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)