Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2020)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-8 1003
Аңдатпа
Мақалада ұнды кондитер өнімдерін өндіруде композитті қоспалардың ұнын қолдану қарастырылды. Қантты печеньеге композитті қоспалар ұнын қосқаннан құрамындағы ақуыздың мөлшері бақылау үлгісімен салыстырғанда орташа есеппен 4,5%-ға, май 17,2%-ға, кальций 13%-ға, магний 40,4%-ға жоғарылайды, сондай-ақ көмірсулардың мөлшері 4,33%-ға және энергетикалық құндылығы 24 ккал-ға төмендейді. Нұт пен сұлының құрамында ауыстырылмайтын аминқышқылдары, дәрумендер, микроэлементтер және басқа да пайдалы заттар болғандықтан, композитті қоспалардан алынған қантты печеньені емдік профилактикалық тамақтану үшін ұсынуға болады, ол функционалды бағытта ұнды кондитер өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.
8-12 401
Аңдатпа
Сүттің қышқылды сарысуының қамыр даярлау технологиялық процесінің көрсеткіштері мен крахмал-ақ жүгері қоспасынан алынған глютенсіз нанның сапасына әсерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Сарысуды қолданған кезде қамыр жүйесі мен нанның қышқылдығының артатындығы айқындалды. Қамырдың ферментациясы процесінде газ түзілуі артады, ол ашу процесінің қарқындануына дәлел болады. Қышқылдықтың артуының нәтижесінде ақ жүгері ұны бөлшектерінің ісінуі жақсарып, соның салдарынан қамырдың қалпын сақтау қабілеті жақсарады. Бұл қамыр мен дайын өнімдер көлемінің ұлғаюымен расталады. Сүт сарысуының оңтайлы мөлшері 10%, осы кезде бақылау үлгісімен салыстырғанда меншікті көлемнің 5%-ға және кеуектіліктің 3%-ға артуы қамтамасыз етіледі. Нан ақуыздармен және басқа физиологиялық құнды заттармен байытылады.
12-17 411
Аңдатпа
Жұмыста Қазақстан селекциясының күздік және жаздық формадағы тритикале астығының ферментативті белсенділігін зерттеу ұсынылған. Ферменттердің белсенділігі эксперименталды түрде анықталды: амилолитикалық, протеолитикалық, сондай-ақ дифенолоксидаза және пероксидаза ферменттері. Бұл ретте, зерттелетін тритикале бидай сорттарының α-амилазасының белсенділігі оның бидайдағы белсенділігінен едәуір жоғары екені анықталды. Сонымен қатар β-амилазаның белсенділігінен төмен барлық сорттар үшін αамилазаның белсенділігі. Ол 59,01-62,5 шарт шегінде ауытқиды. бірл., бұл бидай 4,5 есе көп. Β-амилазаның белсенділігі 109,54-117,67 шартты құрайды, бұл бидай дәнінің деңгейінде. Тритикале протеолитикалық ферменттерінің белсенділігі олардың бидай дәніндегі белсенділігінен екі есе артық және 0,48-0,74 шартты құрайды, ферменттерді зерттеу кезінде катализациялық тотығу-тотықсыздану реакциялары пероксидаза белсенділігі біршама жоғары болып анықталды және 7,11-9,21 бірлікті құрайды.
18-22 362
Аңдатпа
Бұл мақалада 1 сұрып бидай ұны массасына шаққанда 5-25 % мөлшерде қосылған ас бұршақ пен жүгері ұндарының сдобалы печеньенің ескіруіне әсері анықталды. Жүгері ұны сдобалы қамырдың жақсы борпылдақтығын, ол өз кезегінде дайын өнімнің нәзік үгітілгіш болуын қамтамасыз етеді. Жүгері ұнын 20 %-ға, ал ас бұршақ ұнын 15 %-ға дейін қосқанда өнімнің беріктік шегі төмен, печеньелер 25-30 тәулік сақталғанда да өзінің жұмсақтығын сақтағандығы анықталды.
23-30 345
Аңдатпа
Мақалада жұмсақ бидайдың 5 және класқа жатпайтын топтарынан алынған нанның сапалық көрсеткіштеріне ионозондалған судың әсері зерттелген. Нәтижесінде, ионозондалған су нанның көлемі мен кеуектілігін арттыруға, ақуызы мен крахмалдың мөлшерін жоғарылатуға ықпал ететіндігі анықталды, ал нан дайындау уақыты 30 минутқа қысқарады. Ионозондалған судың көмегімен жұмсақ бидайдың төменгі кластарынан нан алуға болатындығы дәлелденді.
30-37 818
Аңдатпа
Адам ағзасындағы тағамдық талшықтардың жетіспеушілігі әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеп соғатынын ескере келе емдік және профилактикалық ұнды кондитер өнімдерін жасап шығару осы мәселені шешудің бірден бір көзі. Бұл жұмыста сдобалы печеньесі өндірісінде жүгері мен ас бұршақ ұнын және жаңа май түрлері қолданылып печенье алудың технологиялық параметрлері анықталып, рецептурасы негізделді. Зерттеу нәтижесі бойынша бидай ұны массасына шаққанда 20% жүгері, 15 % ас бұршақ ұндары мен МемСТ 52178-2003 бойынша талап етілетіндей аралықта еритін маргарин қосылған үгітілмелі-сықпалы печенье дайындаудың технологиясы ұсынылды. Бұл технологиямен алынған қамыр жоғары борпылдақтығымен ерекшеленеді, ал осындай қамырдан пісірілген печенье үгітімелі болып шықты.
37-43 335
Аңдатпа
Мақалада дәстүрлі қымыз алу тәсілі сипатталған және құрамында пектин бар қымыз дайындау сұлбасы келтірілген. Зерттелетін қымыз түрінде сұйық алма пектинін қосу есебінен С витамині мен ақуыз құрамының дәстүрлі қымызмен салыстырғанда айтарлықтай артуы байқалады. Құрамында пектин бар қымыздың детоксикациялық қасиеттері мен қолдану қауіпсіздігін анықтау мақсатында кадмиймен уланған зертханалық ақ егеуқұйрықтарға клиникаға дейінгі эксперименттер жүргізілді. Құрамында пектин бар қымыздың қан көрсеткіштеріне оң әсерін тигізгенін және зерттелетін жануарлардың жалпы жағдайының жақсаруына ықпал ететінін, және де бұл қымыздың осы түрін ауыр металдармен тірі организмдердің уланған кезде функционалдық ретінде пайдалануға мүмкіндік беретіні көрсетілді.
43-49 484
Аңдатпа
Бұл мақалада медициналық мекемеде термиялық жарақаты бар науқастарға арналған арнайы киімді жасаудағы құрылымдық және технологиялық мәселелерді шешу қарастырылады. Арнайы мақсаттағы киімдер жиынтығы пациенттерді әрі қарай оңалтуды қамтамасыз ететін медициналық процедуралардың топографиясы мен нақты талаптарын ескере отырып жасалды.
49-53 332
Аңдатпа
Мақалада «Карина» сорты асқабақ сығындыларынан және «Торпеда» сорты қауынынан жасалған құрамында пектин бар сығындылардың аналитикалық сипаттамаларына, олардың сілікпе құраушы және кешенді қалыптастырушы қабілетіне зерттеу жүргізілді. Жүргізілген эксперименттер негізінде бақша дақылдарынан жасалған пектиндер этерификацияның төмен дәрежесімен (34,7-36,8%), 240-290 мг Рb2+/г деңгейінде жоғары кешен құраушы қабілеттілігімен сипатталады, бұл табиғи детоксиканттар ретінде әзірленген пектинөнімдерді пайдалануды ұсынуға мүмкіндік береді. Бақша дақылдарының пектинде-рінде сілікпенің кешен құраушы қабілеті мен беріктігі арасында кері тәуелділік орнатылған.
54-60 348
Аңдатпа
Сымдардың қауіпті жақындасуы немесе аралықтағы сымдардың бұралуы олардың билеуіне әкеледі. Сондықтан, сымның өзара қашықтығын және де сымдар мен тростар арасындағы қашықтықты, билейтін сымдардың қарқындылығын ескере отырып таңдау керек. Осы мақаланың мақсаты – автотербелістік режим негізіндегі тарамдалған фазасымдарының анкерлік өткінде мүмкін болатын қарқынды билеуін анықтау болып табылады. Автотербелістік процесті зерттеу Ван – Дер - Пол әдісімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жоғары вольтты электр желілерін жобалауда, сымдардың билеу құбылыстарын зерттеуде, және де желілерді сымдардың билеуінен қорғауға арналған шараларды жасауда қолдануға болады.
60-66 297
Аңдатпа
Жердің cейсмикалық және вулканикалық белсенділігі плиталар тектоникасымен байланысты. Жұқа серпімді жер үсті плиталар литосфераны құрайды, оларға әр түрлі жүктемелер әсер етеді. Мақалада көлденең күштер мен температуралық өріс әсерінен экспоненциалды профильді литосфералық плитаның кернеулі-деформацияланған күйінің жаңа моделі қарастырылады. Аталмыш міндетті шешудің жаңалығы - литосфералық плита иілу кезіндегі бір текті емес коэффициенттерімен сызықтық емес дифференциалдық теңдеуді ішінара дискреттеу әдісімен зерттеу. Радиалды біркалыпты бөлінген жүктеме мен көлемдік ортадан тепкіш күштер әсерінен, сондай -ақ температуралық қыздыру нәтижесінде радиалды күштер мен и ілуші моменттер өзгеру заңдылықтары алынған. Жүргізілген графикалық талдау олардың таралуының бейсызықтық екенін көрсетеді, ол иілген плитаның қалпына елеулі әсерін тигізеді.
67-73 320
Аңдатпа
Геологиялық уақыт масштабында Жер бетіне жақын жыныстарының қаттылығын және олардың серпімді қасиетін плиталар тектоника білдіреді. Тектоникалық және термоградиент күштердің әсерінен плиталардың иілу, созылуға және жылу деформациясы қабілеттігі артады. Мақалада күш әсерінен, сондай-ақ біркелкі емес қыздырудан күрделі иілу және созылу қалыңдығы айнымалы осьсимметриялық литосфера плита сына жаңа міндеттер қою қарастырылған. Қарастырылып отырған есеп математикалық түрде айнымалы коэффициенттік дифференциалдық теңдеуге әкеледі, оның аналитикалық шешімі алғашқы рет ішінара дискреттеу әдісімен табылды.
73-78 325
Аңдатпа
Мақалада балаларға арналған спорттық киімдерде қолданылатын трикотаж маталарының қасиеттері қарастырылған. Жұмыста трикотаж жаймаларының тозуға төзімділік, ауа өткізгіштік және созылу қасиеттерін зерттеу ұсынылды. Механикалық қасиеттерді зерттеу балалар спорттық киімінің ассортиментін әзірлеу үшін қажет "футер" трикотаж матасын таңдауға мүмкіндік берді.
78-82 435
Аңдатпа
Мақалада алабұға тұқымдас балықтардың микробиологиялық, физика-химиялық зерттеулерінің және қауіпсіздігінің нәтижелері келтірілген. Тәжірибелік талдау алабұға және көксерке етінің ақуызында лимиттелген триптофан мен метионин аминқышқылдарының бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, көксерке етінде лизин мен лейциннің, алабұға етінде валин, лейцин және лизиннің жоғары көрсеткіштері анықталды. Алабұға және көксерке етінің липидтерінде май қышқылдары сомасының - 57,79% және 48,51%-ы болатын моноқанықпаған май қышқылдары басым болады, бұл жеңіл және қоректік тағам болып табылатын пайдалы және диеталық тамақтанудың мінсіз тәсілін дәлелдейді.
82-90 716
Аңдатпа
Мақалада глютенсіз нан және ұлттық ұн өнімдерін өндіру үшін құрамында глютен жоқ дәнді және бұршақты дақылдардан ұнды іріктеу және биохимиялық құрамы туралы мәліметтер берілген. Зерттеудің жаңалығы тағамдық қоспалар мен жақсартқыштардың әзірленген глютенсіз бұйымдардың сапасына әсерін зерттеу болып табылады. Практикалық қолдану үшін бешбармақ үшін глютенсіз нан және қамыр рецептуралары ұсынылады.
91-99 507
Аңдатпа
Елімізде өсірілетін бидай астығын ұтқырлы және тиімді пайдалану үшін мақалада Қазақстандағы бидай астығын терең өңдеу өнімдерін пайдалану бойынша шолу материалдары мен статистикалық деректер ұсынылған. Сонымен қатар, глютен мен крахмал алудың негізгі технологиялары бойынша деректер ұсынылған, шикізат іріктеліп алынды, оның технологиялық қасиеттері анықталды. Өндірісті жолға қою үшін крахмал мен глютенді алудың оңтайлы параметрлері әзірленді және оларды пайдалану бойынша дерек тер ұсынылған.
99-105 461
Аңдатпа
Мақалада Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылындағы "Зеренді "асыл тұқымды шаруашылығы" ЖШС-да өсірілетін заанен, нубиялық, альпілік ешкілердің физиологиясы, өнімділігі, лактация кезеңі сипатталған. Сонымен қатар, органолептикалық тал дау кезінде сүттің түсі, иісі, дәмі және құрамы, физикалық-химиялық талдау кезінде сүттің тығыздығы, қышқылдығы, майлылығы, қауіпсіздігі нәтижелері келтірілген. Асыл тұқымды ешкі сүтінің сапасымен салыстырғанда заанен тұқымды сүттің майлылығы-4,6%, ақуыз құрамы-3,8%, күніне сүт көлемі-5 литрден кем емес, нубий тұқымды сүттің майлылығы4,3%, ақуыз құрамы-3,6%, күніне сүт көлемі-4-5 литр, ал альпілік тұқымды сүттің майлылығы-4,2%, ақуыз құрамы-3,7%, күніне сүт көлемі-4 литр. Зерттеу нәтижесінде нубиялық және альпілік тұқымды ешкілер сүтінің көрсеткіштерімен салыстырғанда, заанендік ешкілер сүтінің сапасы неғұрлым жоғары.
105-110 510
Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі құстың сүйек шикізатын тағамдық мақсатта тиімді және қалдықсыз пайдалану болып табылады. Мақалада еттартқыш-ұсақтағыш және "Супермассколойдер" микроұсақтағышта сүйек шикізатын жұқа ұсақтау арқылы құс ұшасының әр түрлі бөліктерінен тауық ет-сүйек пастасын алу технологиясы сипатталған. Зерттеу нәтижелері бойынша ақуыздың құрамы тауық төсінің ет-сүйек пастасында басым (18,8%), ең азы тауық қанаттарынан ет-сүйек пастасында (17,9%). Майдың жоғары мөлшері (15,6%) және энергетикалық құндылығы (235ккал/100г) тауық сирағынан жасалған ет-сүйек пастасында, ең азы - тауық төсінен жасалған ет -сүйек пастасында (май-10,9%, энергетикалық құндылығы-175,9 ккал/100г) тіркелген. Ет-сүйек пастасының барлық түрлерінде көмірсулардың мөлшері шамамен бір деңгейде болды және ол 0,7%-дан аспайды. Алынған тауық ет-сүйек пастасы болашақта аралас ет өнімдерін өндіруге арналған тағам қоспасы ретінде қолданыла алады.
111-115 551
Аңдатпа
Сүт қышықылды өнімдер түрлі сүт қышқылды бактерияларды қолдану арқылы өндіріледі, бұл өнімдерді бүкіл әлемде миллиондаған адамдар кеңінен тұтынады. Соңғы жылдары сүт өнімдерін тұтыну төмендеді, бұл энергетикалық құндылығы төмен және қызметі жоғары жаңа буын сүт өнімдерінің пайда болуына әкелді. Сүт қышқылды өнімдердің көпшілігіне көптеген энергетикалық құндылығы жоғары ингредиенттер (қант, жемісқоспалары, дәнді дақылдар, жаңғақ, шоколад және т.б.).) өндіріс процесінде қосылады. Зерттеу нәтижелері сүттегі құрғақ майсыз заттардың жоғары құрамы сүт қышқылды өнімдердің органолептикалық және құрылымдық қасиеттерінің жақсаруына оң әсер ететінін көрсетті. Құрғақ майсыздандырылған сүт қалпына келтірілген сүт өнімдерін өндіру кезінде шикі майсыздандырылған сүтке қолайлы балама болуы тиіс.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

116-122 1208
Аңдатпа
Қазіргі уақытта маркетингтік құралдар арқылы мейрамханалық бизнестің даму трендтері мен үрдістері анық талатың тұтынушылық таңдауларда өзгерістер жүруде. Мақалада, Алматы мейрамханалық нарығында қандай трендтер бар және өз бизнесіңіздің концепциясын әзірлеуде жаңа идеяларды табу, сонымен қатар мейрамхананың даму бағыттары анықтау мен болжауда маркетинг құралдарының қаншалықты пайдалы екені көрсетілген. Авторлар әлемдік мейрамханалар нарығы мен оның тенденцияларын зерттеу жақын болашақта өзекті болатын жаңа бағыттарды уақытылы игеруге мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.
122-126 517
Аңдатпа
Мақалада жағдаяттық туризм мен ивент-индустрия байланыстары, жағдаяттық туризмді ұйымдастырудың теориялық аспектілері қарастырылады, жағдаяттық туризмнің сипаттық ерекшеліктері зерттелінген, әртүрлі іс-шараларды дайындау және жүргізу кезеңдерін талдау қаралған. Тиімді ивент жасаудың алгоритмі анықталады. Ивентті жасау тәртібі және кезеңдерін сипаттайтын ұсыныстар жасалынған. Бұл ұсыныстырды қолдану туризм және қонақжайлылық саласындағы кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттырады.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС

127-130 399
Аңдатпа
Аталмыш мақала қашықтықтан оқытудың негізгі түрлері мен әдістерін қарастырады. Атап айтқанда, бұл мақалада шетел тілін оқыту барысындағы қашықтықтан оқыту технологиясының тиімділігі мен әдістері сөз етіледі. Сонымен қатар, отандық білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылатын шетел тілін оқытудың инновациялық әдістерін пайдаланудың өзектілігі қарастырылды. Аталмыш мақалада оқытудағы технологиялардың практикалық құндылығы қарастырылады – арнайы тілдерді жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдана отырып табысты оқыту деңгейі едәуір артуда.
130-134 588
Аңдатпа
Мақалада жүкті тасымалдың тиімді техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау жолы қарастырылған. Тасымал үдерісінің тиімділігін анықтауда келесі параметрлер функциясын ескеру қажет: жүкағынын, тасымалдау құнын, жүкті тасымалдауға дайындауын, жүкті арту-түсіру жұмыстарын орындауымен сақтауын, жеке жылжымалы құрам жүккөтерімділігін, жылжымалы құрамның техникалық дайындық коэффициентін, тасымалдау қашықтығын, жылжымалы құрамның техникалық жылдамдығын, әрбір жүрістегі жүкті арту-түсіру уақытын, жүкті алмауына байланысты шығындарын, тасымал кезінде жүктің бүлінуіне байланысты шығындарын. Жүкті тасымалдаудың жоспарланған кезіндегі құны жүкті тасымалдау қашықтығының өзгеруі нәтижесінен ғана емес, тиімсіз жүккөтерімділікті, жылжымалы құрамды пайдаланудан, жүкті арту-түсіру жұмыстары уақтысының ұзақтығынан, жанар маймен қосымша материалдарды пайдаланудың артуынан және т.б. болатыны анықталды.


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)