Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 3 (2019)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-8 403
Аңдатпа
Бұл жұмыста нанға дәнді қоспа ретінде дәстүрлі емес шикізатты енгізу аспектілері қарастырылған. 20% қарақұмық жармасы, 10% зығыр тұқымы, 10% «Фин қоспасы» нан өнімдерінің сапасын жақсартуға және оның құндылығын арттыруға мүмкіндік берді.
8-12 243
Аңдатпа
Нарықта ұсынылған киіз өнімдерінің ассортименті негізінен сырт киім бұйымдары мен аксессуарлардан тұрады, бұл жұқа жаймалардың белгілі бір күш түсу кезінде созылу және үзілу мәселесі негізінде пайдалану мерзімі аз болуына байланысты. Материал құрылымын нығайту арқылы жұқа жайма жасауға болады, бұл өз кезегінде әйелдер киімінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада киіз материалдарын түрлендіру әдісі және оның дайындалатын жайманың құрылымына әсері зерттеледі. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін талдау киіз материалын түрлендіру, оның тұтынушылық қасиеттерін екі есеге арттыратынын растайды.
12-15 379
Аңдатпа
Мақалада қазіргі кездегі тамақ қауіпсіздігі, НАССР жүйесінің принциптері, міндеті, өзектілігі, ішкі және сыртқы артықшылықтары мен жүйені енгізудегі проблемалар туралы толық жазылған. Өнімдердің сапасын арттыру үшін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін кәсіпорынды басқару жүйесін енгізу, кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аудару, қолда бар сапа жүйелерін жетілдіру және оларға инвестиция салу қажет. Сондай-ақ сапасыз өнім өндірушілермен күресу үшін БАҚ күшжігері қажет. Арзан азық-түлік сатып ала отырып, сатып алушы сапасыз тағамды тұтынуға мәжбүрлегенін түсіндіру қажет.
16-19 374
Аңдатпа
Бұл мақалада ғылыми-техникалық ақпаратқа талдау, сондай-ақ құрамында коллаген бар шикізатты биотехнологиялық өңдеу үшін бактериялық ашытқыны алу бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Биотехнология әдістері үлкен болашақта дамуға ие. Қайталама шикізатты биотехнологиялық өңдеу барлық алмастырылмайтын аминқышқылдарын толығымен сақтауға, сондай-ақ теңдестірілген дәрежесі жоғары белокты байытушыны алуға мүмкіндік береді. Әдеби көздерді талдау микробтан шыққан ферменттік препараттардың физикалық-химиялық, микроқұрылымдық, микробиологиялық, құрылымдық-механикалық көрсеткіштердің қалыптасуына ғана емес, сонымен қатар дайын өнімнің сапалық сипаттамаларына да оң әсері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
20-24 299
Аңдатпа
Судың 40, 50, 60°C температурасында 0,5 мин уақыт арасында суда ұсталған кезде дәннің өзгерген микроқұрылымы қарастырылды. Крахмал және ақуыз молекулалары суда 40°С, 0,5 минут уақыт арасында ұстаған кезде дәннің микроқұрылымында, ақуыз молекулалары үшін оңтайлы ісіну температурасы 40°C-қа дейін жететіндігі атап өтілді. Температура 50°C дейін өсетіндіктен, крахмалдың ісіну қабілеті ұлғаяды және ақуыз молекулалары созылады. Ал 60°C температурасында крахмал созылмалы жабысқақ затқа айналады және ақуыз деформацияланады. Зерттеу нәтижелері бойынша тритикалді өсіру үшін суда 40°C температурада 0,5 мин ішінде ұстау оңтайлы екендігі қабылданды.
24-28 397
Аңдатпа
Мақалада «Няшки» печеньесінің микробиологиялық көрсеткіштерінің өзгеруін, сондай-ақ оны дайындау үшін шикізатты: какао майын алмастыратын кондитерлік жабындыларды (CВS) зерттеді. Зерттеу нәтижесінде кондитерлік глазурьді қайта өңдеу (жылыту) кезінде микробиологиялық көрсеткіштердің өзгеруі байқалды, бірақ қалыпты диапазонда. Микробиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кондитерлік глазурьдың жылыту және салқындату параметрлерін сақтау қажет. 1 және 2 HACCP қағидаттарына сүйене отырып, «Няшки» өнімдерінің азық-түлік тізбегінде анықталған 2 сынақ бақылау нүктелер (СБН) анықталған.
28-33 322
Аңдатпа
Қазақстанда табиғи өнімдерді, оның ішінде өсімдіктердің жемістері мен жидектерінен жасау өзекті болып табылады. Жемістер мен жидектер - дәрумендердің, минералды заттардың, каротиноидтердің, фенолдық қосылыстардың, ферменттердің бай көзі, олардың көпшілігі антиоксиданттар болып табылады. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі анар жемістерінің химиялық құрамы бекітілді. Стевия экстрактісі қосылған анар сиропының зерттелетін үлгілерінің органолептикалық, физикалық-химиялық көрсеткіштері анықталды. Жүргізілген тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінде анар сиропын өндіру кезінде стевия экстрактісін пайдалану негізделді. Стевияның құрғақ жапырақтарынан алынған экстракты қосылған анар сиропының дайын үлгілері микробиологиялық сынақтан өтті, нәтижесінде өнімнің қауіпсіздігі расталды.
34-41 274
Аңдатпа
Мақалада жұмсақ бидайдың 3 және 4 класстарынан алынған нанның сапалық көрсеткіштеріне ионозондалған судың әсері зерттелген. Нәтижесінде, иондалған су нанның көлемі мен кеуектілігін арттыруға, ақуыз мен крахмалдың мөлшерін жоғарылатуға ықпал ететіндігі анықталды. Иондалған сумен жұмсақ бидайдың төменгі класстарынан алынған нан дәстүрлі әдіспен дайындалған нанға қарағанда жақсы сапаға ие екендігі дәлелденді.
41-46 639
Аңдатпа
Мақалада геродиетикалық тамақтануға арналған сұйық йогуртты технологиясын құрастыру барысында жасалған үлгілердің органолептикалық бағалауын зерттеудің нәтижелері келтірілген. Түйе сүтіне пастеризация мен ашыту үрдісіне жібермей тұрып, пектин мен фруктоолигосахаридті қосу, оның бақылау үлгісімен салыстырғандағы дәмдік, ароматтық қасиетін жоғарылататындығы анықталды.
47-51 533
Аңдатпа
Мақалада сублимациялық әдіспен алынған құрғақ түйе сүтінің физикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Алынған нәтижелер жақсы функционалдық және физика-химиялық қасиеттері бар түйе сүті негізінде құрғақ сүт өнімдерін өндіру үшін кептіру үрдісін оңтайландырудың маңыздылығын көрсетеді. Сублимациялық әдіспен кептірілген құрғақ түйе сүтінің суда ерігіштік индексі 38,33%, ал суды абсорбциялау индексі 125,20% екені орнатылды.
52-56 346
Аңдатпа
Сүт өндірісінде қолданылатын биоқоспаны алу үшін ұнтақтаудан кейін алынған сәбіз күнжарасын талшықтарды жібіту, сіңімділігін жоғарылату және микробтық тұқым себілу алқабын төмендету мақсатында ультрадыбыстық өңдеуден өткіздік. Тәжірибелік зерттеулер барысында сәбіз күнжарасынан дайындалган биологиялық белсенді қоспаның дәрумендік құрамы зерттелді. Алынған деректерге сәйкес дәрумендердің сақталу деңгейі тәжірибелік және бақылау үлгілерінде әр түрлі дәрумендерінің бастапқы мөлшері ультрадыбыс жиілігінің өсуіне байланысты төмендейді. 40 Гц ультрадыбыс жиілігінде С дәруменінің (аскорбин қышқылы) мөлшері 0,00049 мг-ға дейін өсті. 60 Гц ультрадыбыс жиілігінде аз ғана В1 (тиамин-хлорид) дәрумені мөлшері анықталды. Жүргізілген зерттеулерге байланысты 40 Гц ультрадыбыс жиілігін қолдану жөн деп санаймыз.
56-59 370
Аңдатпа
Ешкі сүтіне негізделген функционалды ингредиенттері бар жаңа ашыған сүт өнімдерінің зерттеу нәтижелері ұсынылған. Ешкі сүтіне негізделген жаңа десертке арналған функционалды ингредиенттер таңдалды: пробиотикалық микроорганизмдер бар Стартер культурасы, тұрақтандырушы жүйе. Органолептикалық және физика-химиялық зерттеулер жүргізілді. Ешкі мен сиыр сүтінен дайындалған десерт технологиясы әзірленді, оны өндіру сүт кәсіпорындары үшін де, ұсақ фермалар үшін де ұсынылады.
59-64 256
Аңдатпа
Берілген мақалада сүттің кейбір сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін ядролық магниттік резонанс әдісінің принципі бойынша сүтті магнит өрісінің көмегімен өңдей отырып оның сапасын басқару міндеттері қарастырылады. Сүт сапасын басқарудың үш деңгейлі автоматтандырылған жүйесі жасалып, ұсынылды және оның жұмыс істеу принципі мен құрылымдық сызбасы келтірілді. Мақаладағы сүт өнімдерінің сапасының көрсеткіштерін эксперименттік бағалауы ядролық магниттік резонанс негізіндегі магнит өрісін тұрақтандыру жүйесінің параметрлерінің оңтайлы мәндерін анықтап, ретке келтіруге мүмкіндік берді.
64-69 354
Аңдатпа
Шырғанақ жемістерінен шырынды пайдалана отырып, жартылай консервілерді дайындау технологиясын әзірлеу профилактикалық бағыттағы жеміс консервілерінің ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтер шырғанақ жемістерінен алынған шырын магнийге, с, D2 витаминдеріне және каротинге бай екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Біз квиттинді жеміс-жидек десерті үшін қоюландырғыш ретінде іріктеу бойынша зерттеулер жүргіздік. Дайын жеміс-жидек десерті физикалық-химиялық көрсеткіштерге сай келеді.
69-73 344
Аңдатпа
Дәнді-бұршақты дақылдар өнімінің қажетті сапалық қасиеттеріне қол жеткізу үшін дәнді-бұршақты дәндердің ұнын пайдаланумен қатар әр түрлі өңдеу құралдары пайдаланылады: экструдирлеу, микронизация. Дәнді-бұршақты тұқымдарды микронизациялау олардың функционалдық-технологиялық қасиеттерін өзгертеді және жылумен өңдеу уақытын ай-тарлықтай төмендетуі мүмкін. Көрсетілген өзгерістер микронизациялау режимдеріне байланысты. Мақалада адам денсаулығына пайдалы бағалы микронутриенттермен бидай нанын байыту мақсатында нан-тоқаш өнімдерінің рецептураларын түзету үшін олардың негізінде азық-түлік қоспасын алу мақсатында нут, жасымық және бұршақ сияқты дәнді-бұршақты дақылдарды микронизациялау режимдері ұсынылған.
73-78 282
Аңдатпа
Ақуыз қоспасы бар дән қоспасының экструзиясы процесінің негізгі заңдылықтарын зерттеу қарастырылды. Экструдер кезінде 4 МПа жететін қысым процесі есептелді. Экструдер шнегінің айналу жылдамдығы 55 сек. Қоспаның бастапқы ылғалдылығының жоғарылауы, сондай-ақ қалыптау алдындағы аймақта балқыманың тұтқырлығының төмендеуі есебінен экструзия процесінің өту жылдамдығының артуына алып келеді. Шнектің тұрақты айналу жылдамдығы кезінде экструдер жұмыс аймағының ұзындығы бойынша өнім температурасын бөлу оның матрицаға дейін күрт өсуімен сипатталады. Матрицаның алдындағы аймақта өнімнің температурасы тұрақты және матрицадан шыққан кезде тез 1000С-қа дейін төмендейді. Жоғары жылдамдық пен тамақ қоспасы жұмыс аймағында аз уақыт тұратыны анықталды, бұл матрица алдындағы аймақта температура өскен кезде қоректік заттардың ыдырауын төмендетеді. Бұл экструдердегі суды сұйық күйінде жоғары қысым мен температураға байланысты. Экструдат матрицадан шыққан кезде судың жарылу булануы есебінен көп энергия бөлінеді және температураның күрт төмендеуі орыналады.
78-81 388
Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада тағамдық және биологиялық құндылығы жоғарылатылған ет жартылай фабрикаттары - жаңа котлет үлгілері ұсынылған. Котлеттердің биологиялық құндылығын арттыру мақсатында оның құрамындағы бидай наны қарақұмық жармасымен алмастырылған. Қарақұмық жармасы витаминдер мен минералды заттарға бай болуына байланысты көптеген емдік қасиетке ие. Алынған котлеттердің құрамына сараптама жасау нәтижесінде олардың құрамындағы В1 витамині №1 котлетте 93%, №2 котлетте 87% -ға, ал К макроэлементі сәйкесінше 54% және 7%-ға артқаны анықталды.
81-88 289
Аңдатпа
Осы жұмыста мақсары дәнін өңдеуге дайындауға арналған, тиімділігі жоғары болатын желінің жаңа сызбасы ұсынылады. Ұсынылып отырған желінің артықшылығы сол, фотосепаратордың алдында ажарлағыш машина мен дуоаспиратордың қосымша орнатылуы шашақтарын бөліп алуға, одан кейінгі спектрлік нүктелік талдауды әлдеқайда тиімді жүргізу үшін тұқымның қатты қабат түріндегі қабықшасын жоюға мүмкін береді, аталмыш талдау химиялық құрамы мен түсінің негізінде дәндерді фотосепараторда сұрыптау мақсатында дәннің құрамын анықтайды. Тас жинағыштан кейін физикалық қасиеттері жағынан шамалас болатын өнімдерді бөлуге арналған дірілді сепаратордың, дуоаспираторы бар ажарлағыш машинаның, фотосепаратор мен ылғал-жылулық өңдеуге арналған аппараттың рет-ретімен орналастырылуы мақсарыны қоспалардан тиімді бөлудің және оны қайта өңдеуге дайындаудың технологиялық процесін қарқынды етеді.
88-93 271
Аңдатпа
Қорғаныс қасиеттері жақсартылған, жаңа эстетикалық дизайны, эргономикалық талаптарды ескере отырып, жаңа әзірленген конструкциясы бар монтаждау өндірісіне арналған арнайы жұмысшы киімі жиынтығының моделі мен құрылымын әзірлеуге арналған жұмыс. Зерттеу барысында монтаждық өндіріс жұмыстарына арналған арнайы киімнің композициялық элементтері конструкциясының көркемдік-конструктивтік және стильдік шешімі әзірленді, ол тасушының талаптарын қанағаттандырады және монтаждық өндіріс жұмыстарына арналған арнайы киімді жобалаудың оңтайлы параметрлерінің негіздемелері ұсынылды.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

94-98 270
Аңдатпа
Мұнаймен ластану экологияға ауқымды зиян келтіреді. Қалыпты жағдайда, мұнай қалдықтары мен мұнаймен ластанған топырақты тазарту жұмыстары құралжабдықтардың болмауынан және қайта өңдеудің тиімді технологиясының жоқтығынан жүргізілмейді. Мақалада мұнаймен ластанған топырақты тазартудың перспективті әдістерін жасаудың қажеттілігі мен жол құрылысында топырақ қабатын бекіту үшін органикалық ұстастырғыш материал ретінде, сонымен қатар құрылыс материалдары ретінде мұнаймен ластанған топырақты пайдалану мүмкіндігі айтылады. Мұнаймен ластанған топыраққа материал ретінде синтетикалық волластонит қолданылды. Ол құрылыс материалдарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, қысым кезіндегі беріктігін күшейтеді, суыққа төзімділік коэффициентін арттырады.
98-102 492
Аңдатпа
Бұл мақалада жүргізілген зерттеулер нәтижесінде сулы ерітінділерден статикалық режимде вермикулитті сорбент арқылы мыс иондарын бөлудің оңтайлы шарттары белгіленген. Сорбцияны рН 4-7 аралығында жүргізіледі. Табиғи вермикулиттің ең жоғарғы сорбциялық сыйымдылығы мыс иондарына (ІІ) қатысты 1,024 ммоль/г құрайды. Қопсытылған вермикулиттің табиғи вермикулитпен салыстырғанда төмен алмасу сыйымдылығна ие екендігі көрсетілген.
103-108 359
Аңдатпа
Мақалада суда еритін мұнай өнімдеріне қатысты сорбенттердің сорбциялық мүмкіндіктері, сондай-ақ су тазарту процестерінде сорбенттерді практикалық пайдалану үшін адсорбция механизмі зерттелінді. Мұнай өнімдерінің жəне кейбір иондардың бейорганикалық сорбенттердегі адсорбция үрдісі қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде анықталды: 1 грамм сорбент 15-18 грамм майды сіңіреді, бұл сулы ортадағы мұнайдың төгілуіне қарсы тиімді күресуге ықпал етеді. Күріш қауызын тиімді сорбент ретінде пайдалану ұсынылады.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС

109-114 714
Аңдатпа
Бұл мақалада қабілеттілік тұжырымдамасы талқыланып, оны басқарудың негізгі бағыттары зерттеледі. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында туристік нарықта көптеген компьютерлік брондау және резервілеу жүйесі енгізіле бастағаны қарастырылады. Мақаланың жаңалығы - біріккен туристік агенттіктердің жетекші ассоциациялары бірқатар қонақ үй компанияларына осы қонақ үйлерді электрондық брондау желілеріне енгізу қажеттілігі туралы ұсыныс жасалды. Зерттеу нәтижесінде қонақжайлылық индустриясының келешектегі қызметкерлерінің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер мен қонақжайлылық индустриясының кәсіпорындарында қолданылатын технологияларды зерттеу, болашақ маманның кәсіби қызметтегі нарықта арнайы бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелерді қолдануды үйретеді.

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

115-119 389
Аңдатпа
Мақалада демография, этнодемография және бұл мәселелердің ұлт тағдырына әсері қарастырылады. Қызыл империяның жүргізген саясатының қазақ ұлты үшін оңай болмағанын байқауға болады. Ұлтты жоюға бағытталған саясат және ең бастысы халықтың бұл науқандарға қатысты шарасыздығы әр кезде де өз көкейтестілігін жоғалтпақ емес. Автор мақалада тарихтағы болған осындай жағдайларға болашақта жол берілмеуіне алаңдаушылық білдіреді. Философия ғылымында саннан сапа туындайды деген ұғым бар, сондықтан осы мақсатта Үкіметке арнайы этнодемографиялық саясат қажеттігіне ұсыныс білдіреді.


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)