Preview
№ 3 (2018)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-9 284
Аңдатпа
Мақалада золь-гель әдісімен алынған жүннің микробқа қарсы белсенділігі туралы зерттеу-лер жазылған. Антимикробты өңдеу сүт қышқылы қосылған мырыш ацетатының спиртті ерітіндісінде жүргізілді. Түрлендірілген материалдардың микробқа қарсы белсенділігі B. cereus, Proteus vulgaris, Pseudomonas aeroginosa сынау арқылы анықталды. Зерттелген маталар үлгіле-рінің тұрақты антисептикалық әсерге ие болатындығы анықталды. Электронды сканерлеу микроскопия мен энергиялы дисперсионды рентгендік талдау нәтижелері бойынша тоқыма талшықтарындағы заттардың сандық мазмұны анықталды. Тоқыма материалдарының қа-сиеттеріне композициялардың әсері зерттелді.
9-13 345
Аңдатпа
Бұл мақалада функционалдық өнімдерді өндіруде жергілікті өсімдік тектес қоспаларды пайдалану мүмкіндігін негіздейді. Көкөніс қоспаларын қолдану сүт өнімдерінің тағамдық құнды-лығын арттырудың бірден бір жолы. Сүт өнімдері мен өсімдік қоспаларын үйлесімді пайдалану перспективасы бар бағыт болып табылады, себебі жануар мен өсімдік шикізатына негізделген көпқұрамды өнімдер функционалдық тамақтану талаптарына сәйкес келеді.
13-16 311
Аңдатпа
Мақалада әртүрлі отандық өндірушілердің күнбағыс майын таңбалаудың зерттеу нәти-желері келтірілген. Мақалада «Май» АҚ («Забота», «№1 Май зауыты» сауда белгісімен) компа-ниясының, «Евразиан Фудс Корпарэйшен» («Шедевр» сауда белгісімен) АҚ және «Актобе Фудс» («Лето», «Золотая семечка», «Хозяюшка» сауда белгісімен) ЖШС-нің өндірген бөтелкеленген күнбағыс майларының үлгілеріның маркировкасы кедендік одақтың май өнімдері техникалық регламенті, тағам өнімдерін таңбалау техникалық регламенті талаптарына сәйкестігі зерт-телген. Зерттелген «Май» АҚ («Забота», «№1 Май зауыты» сауда белгісімен) компаниясының, «Евразиан Фудс Корпарэйшен» («Шедевр» сауда белгісімен) АҚ және «Актобе Фудс» («Лето», «Золотая семечка», «Хозяюшка» сауда белгісімен) ЖШС-нің өндірген бөтелкеленген күнбағыс майларының үлгілерінің таңбалауы кедендік одақтың май өнімдері техникалық регламенті 022/2011 және тағам өнімдерін таңбалау техникалық регламенті 024/2011 талаптарына сәйкес қажетті мәліметтері толғымен анықталды.
17-20 441
Аңдатпа
Мақалада бие сүті негізінде балмұздақ өндірудің жаңа технологиясы көрсетілген. Балмұз-дақтың жаңа түрінің негізгі емдік-профилактикалық қасиеттері зерттелді. Жаңа технология-ның балмұздақтың тағамдық және биологиялық құндылығын арттырып, адам ағзасына пайда-лы жаңа өнімнің технологиясын жетілдіруге мүмкіндік беретіні көрсетілді. Бие сүті негізінде жасалған балмұздақтың биохимиялық көрсеткіштері зерттелді. Жасалған өнім балмұздақ сапасына арналған барлық реттеуші талаптарға сай.
20-27 246
Аңдатпа
Жұмыста композициялардың жұқтырғыш қасиеттері жоғары екендігі және жеке компо-ненттерге қарағанда композиялардың беттік активтілігі жоғары көрсеткішке ие болатыны көрсетілді. Берілген полимерлердің жұғу қасиетін жақсарту мақсатында беттік активті зат ОП-10 әсері зерттеліп, БАЗ әсерінен тефлон бетінде ПГМГ-ның жұғу қасиеттері жоғары күшейетіні көрсетілді. Көкөніс дақылдарының тұқымдарының өнгіштігімен, өнімділігіне ПГМГ, ОП-10 және ПГМГ/ОП-10 әсерін зерттеу нәтижелері бойынша көкөніс тұқымдарының өнгіш-тігіне ПГМГ - 0,01% сулы ерітіндісі (өнгіштік 94%), және ПГМГ+ОП-10 (компоненттердің концентрациялары 0,01%) үшін өнгіштігі 90% көрсетті.
27-31 276
Аңдатпа
Мақалада тоқыма материалдарын өсімдік тектес табиғи бояғыштар мен натрий сили-катын қолданып модификацияланған үздіксіз золь - гель технологиясымен бояу қарастырылған. Оңтайлы режимдерін анықтай отырып, золь-гель үдерісі негізінде текстиль материалдарын бояу әдісі ұсынылды, өңдеу әдісінің мақта-мата материалдарының механикалық қасиеттеріне, сонымен қатар бояудың құрғақ/ылғал үйкеліс пен ауа райына тұрақтылығы зерттелді. Екінші науадағы қышқылдың (20 г/л) және бірінші науадағы сұйық шынының (100 г/л) оңтайлы концен-трациясы, сонымен қатар термоөңдеудің температуралық режимі тағайындалды. Ұсынылып отырған үздіксіз золь-гель бояу тәсілі, табиғи өсімдік тектес бояғыштармен бояу үдерістерінде қолданылатын үздіктіге қарағанда, үдерісті жылдамдатуға мүмкіндік береді. Аталған әдісті қолдану экологиялық зиянды заттарды қолдануға жол бермейді.
32-37 336
Аңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты золь-гель әдісін қолдана отырып отқа төзімді қасиеті бар целлюлозалық текстиль материалын жасау. Мақалада целлюлозалы материалдарға отқа тө-зімділік қасиет беру үшін натрий силикаты мен тиомочевина қолданып жүргізген жұмыста-рының нәтижесі келтірілген. Бастапқы компоненттер концентрациясы және термоөңдеу температурасымен уақытының өңделген текстиль материалының отқа төзімділік қасиетіне әсері зерттелген. Өңделген текстиль материалдарының морфологиялық өзгерістерін сканерлі электронды микроскоп арқылы текстиль материалдардың бетінде түзілген кремний орга-никалық жабын арқылы білуге болады. Кремний оксидінің түзілгенін инфрақызыл спектроско-пия зерттеу нәтижесінен көруге болады.
37-42 400
Аңдатпа
Қауын концентраты негізінде құрылымданған жүйелердің құрылымдық-механикалық қасиеттеріне майлылығы төмен сүзбенің әсері анықталды. Жүйенің беріктігінің өсуі сүзбе құрамындағы ақуыз сарсуы мен кальций тұздары және қауын құрамындағы пектин қышқылдары арасында сутектік байланыстар түзілуімен негізделеді, бұл байланыстар осы молекулалардың полярлы емес бөліктерінің арасындағы гидрофобтық әрекеттесулермен нығаяды. Қауын кон-центраты негізінде алынған жүйелерге ірімшікті енгізуімен жүйенің серпімділік модулін, тепе-теңдік модулін, ағудың нақты шегін, созылғыштық, сонымен қатар, тұрақтылық коэффи-циенті, аққыштық мәндерін арттыру мүмкіндігі көрсетілді.
42-45 409
Аңдатпа
Тамақтану рационында ауыстырылмайтын аминқышқылдарының жетіспеушілігін жою-дың маңызды тәсілі адамдардың денсаулығына жағымды әсер ететін функционалдық ингре-диенттермен байытылған тағам өнімдерінің ассортиментін кеңейту болып табылады. Ғы-лыми жұмысымыздың басты бағыты қолда бар, отандық өндірісте жоғарғы потенциалды шикізат ретінде қолданылатын, құрамында биологиялық белсенді заттары бар тритикале бидайының жоғарғы сұрыбын пайдалану арқылы макарон өнімінің жаңа түрін өндіру болып та-былады. «Таза» сұрыбты тритикале ұны арқылы биологиялық құндылығы жоғары макарон өнімінің жаңа ассортиментін дайындауға болады. Зерттеу нәтижесі бойынша макарон ұнына қоспа пайдалану арқылы ақуыз мөлшерін 2,3%-ға, аминқышқылдардың массалық үлесін, яғни аргинин мөлшерін 0,27 %, лизинді 0,15%, пролинді 0,55%, глицинді 0,36%, көбейтуге болады.
46-53 245
Аңдатпа
Мақалада тоқыма материалдарды колорлау және су итергіштік өңдеу технологияларын біріктіру мүмкіндігін зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Біріктірілген колорлау және су итер-гіштік өңдеу технологиясы бойынша өңделген матаның физика-химиялық қасиеттерін, соны-мен қатар өңделген талшық бетінің морфологиясын ғылыми зерттеулердің нәтижелері алын-ды. Ұсынылған технология бойынша өңделген талшықтардың бетінде елеулі өзгерістер анық-талды: гидрофобтық қасиеттер беретін және талшықтың колористикалық көрсеткіштерін сақтайтын әр талшықтың бетінде полимерліқ қабыршық пайда болды. Талшықтың бетінде пайда болатын полимер салмағы қолданылатын препараттардың концентрациясы ұлғаю жағ-дайында тек 0,01-0,3% өсетіні анықталды. Ұсынылған технология тоқыма материалдың эсте-тикалық, эксплуатациялық және гигиеналық көрсеткіштерін максималды деңгейде сақтап қа-луына жол береді.
53-58 309
Аңдатпа
Мақалада құрамаланған экстрактімен байытылған сиыр және күркетауық етінен жа-салған деликатесті ет өнімдерінің органолептикалық бағасы мен минералды құрамынының зерттеу нәтижелері келтірілген. Шұжықтың құрамына құрамаланған экстрактіні шикізат массасынан 3% мөлшерінде қосқанда дайын өнімнің дәмдік және хош иісті қасиеттері жақса-ратындығы анықталды. Шұжықтың минералды құрамын зерттеу нәтижесінде, сынақ үлгісін-дегі макро- және микроэлементтер бақылау үлгісімен салыстырғанда 6%-дан 41,5%-ға дейін артқандығын көрсетті. Келтірілген мәліметтер олардың жоғары биологиялық құндылыққа ие екендігін айғақтайды.
58-63 323
Аңдатпа
Мақалада дәстүрлі емес шикізаттар: өнген қонақжүгері, мақсары шротын құсқа арналған ақуызды-дәруменді қоспа өндірісінде қолданудың зерттеу нәтижелері берілген. Дәнді қонақжүге-ріні өндіру оның құрамындағы дәрумендер мен микроэлементтер мөлшерін көбейтті. Дәстүрлі емес шикізаттар енгізілген жұмыртқалайтын тауықтарға арналған ақуызды-дәруменді қоспа-ның рецептері жасалынды.
63-69 363
Аңдатпа
Мақалада организмнің бөгде қосылыстармен, ауыр металдардың тұздарын қоса, уыттар-мен улануының профилактикасына арналған арнайы өнімдерді әзірлеуге қатысты заманауи әде-биет мәліметтеріне шолу келтірілген. Организмнің уыттармен улануының профилактикасына арналған ашытылған сүт өнімдерін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінген, арнайы тағам өнімдерінің уытсыздандыратын қасиеттерін күшейтетін негізгі тағамдық құрамбөліктер анықталған.
69-75 302
Аңдатпа
Мақалада озонды және ионоозонды кавитациялы өңдеулердің астық зиянкестеріне әсері зерттелген. Сондай-ақ, астық қорларының зиянкестермен зақымдалу дәрежесі де анықталған. Зерттеу нәтижесінде ионоозонды кавитациялық өңдеудің зиянкестерді толығымен жоятын-дығы және астықтың сапасын жақсартатындығы дәлелденген. Астық қорын зиянкестерден қорғау жүйесінде астықты озонды ауалы қоспамен, ионоозонды кавитациямен өңдеудің рөлі мен мәні анықталды. 20 минут бойы экспозициядағы және әртүрлі концентрациядағы сынаулар жүргізілді. Озонның 3,5 және 4,9 г/м3 және ионоозонды кавитациялы ауалы қоспаның 1,4 г/м3 3000 бірл. концентрациясы қор зиянкестерін жою үшін тиімді.
75-81 309
Аңдатпа
Бүгінгі таңда өнімдердің сапасын арттыру мен қатар өмірдің жағдайын жақсарту мақса-тында өңірдің басшылары, кәсіпкерлердің және халықтың жалпы қызығушылықтары кеңінен қарастырылған. Автокөліктермен тасымалдау қызметінің сапасын арттыру мекеменің тыя-нақты қызметіне және автокөлік мекемелерін жетілдіруіне тікелей байланысты. Автомобиль-дердің агрегаттарының ресурстарын басқару жүйесі жасалынған. Ол үшін олардың түрлі жағ-дайларда пайдалану кезінде техникалық күйлерінің өзгеру заңдылықтарын негізге алынған және соның арқасында шығынды азайтып, автомобильдерді пайдалану сенімділігін арттырады.
81-87 340
Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты - барабан машиналары мен центрифугалардың аспалы тербеліс жү-йесінде болатын физикалық процестерді зерттеуге арналғаң динамикалық модельді құру және жетілдіру. Зерттеу жұмыстары кезінде қарастырылған құрылғының жұмысшы органына әсер етуші күштердің тәуелділігін анықтайтын аналитикалық өрнектер алынды. Зерттеудің нәти-желері отандық кір жуу машиналарын және центрифугалау құрылғыларын жобалау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
87-93 278
Аңдатпа
Бұл жұмыста барометр көмегімен ұшақтардың вертикаль эшелондатуларын талдаулары мен және оларды төмендеуін, сонымен қатар биіктік өлшeгіштeрдің жұмысы. Осы газоанали-затор негізінде аспап құрылды, онда компенсациялық сызба көмегімен екі концентрат өлшегіш жиналған, оның біреуі жабық баллондағы аэродром немесе теңіз бетінен алынған ауадағы оттегі концентрациясын анықтайды, ал екінші концентрат өлшегіш - ұшу кезіндегі атмосфрерадағы оттегі концентрациясын анықтайды, атмосферадағы оттегінің концентрациясымен салыс-тырылады, сонда өлшеуіш олардың айырмашылығын компенсациялық схемасы бойынша өлшейді.
94-99 277
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының аймағында тасымалдауға жұмсалатын көлік қызметінің келісім бағаларын анықтайтын әдістеме қарастырылған. Сауда қатынасындағы негізгі мақсат көлік қызметін орындауға жұмсалатын нақты дәлелденген бағаларды және орындалған жұмысқа берілетін бағаның дұрыстығын бағалау. Авторлар мынаны ұсынады: шағын және орта автокөлік кәсіпорындары үшін көлік қызметінің бағасын анықтау әдістемесін жасау.
100-104 276
Аңдатпа
Мақалада технологиялық агрессивті орталарда тағам өнеркәсібі құрал- жабдықтарының тоттануға беріктілігіне өсімдік шикізаты негізіндегі ингибиторлардың әсері қарастырылған. Тағам өндірісі құрал-жабдықтарын тоттанудан қорғаудағы концентраттың қолданылуы бойынша технологиялық шектеулер негізінде ұсыныстар беру үшін ингибиторлардың жұмыс ортасында әсер ету эффектісі зерттелген. Тағам өндірісі саласындағы құрал-жабдықтарды тоттанудан қорғау үшін ингибиторды қолдану мүмкіндігі бойынша ұсыныстар берілген.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

110-114 346
Аңдатпа
Биосфераның техносфераға айналуы қоршаған ортаның әлеуметтік экологиялық дағдарысқа ұшырауы әкеліп соқтырады да, ол өндіріс орындарының табиғат компоненттері - атмосфераны, су көздерін және жер қыртысын үлкен мөлшерде ластануымен түсінді-ріледі. Осыған байланысты бұл Алматы қаласындағы “Казферросталь” өндірісінен атмосфе-раға лақтырылатын газ шығарындыларының бұл өндіріс ауданына жақын қашықтықта аға-тын “Кіші Алматы” өзеніне тигізетін әсері зерттелген. Зерттеу нәтижесінде аталмыш табиғи су көзінің үлкен мөлшерде темір иондарымен ластанатындығы анықталған. “Кіші Алматы” өзенінің темірмен ластануы 7,2 есеге өскендігі анықталды.
114-119 340
Аңдатпа
Электрод кеңістіктеріндегі температура айырмашылығына байланысты электр қоз-ғалтқыш күші (ЭҚҚ) және қысқа тұйықталу тогы (ҚТТ) анықталады. Электрқозғауыш күштерінің мәндері Fe2 + ↔Fe3 +, I0↔I-, C6H4 (OH)2↔C6H4O2, Sn+ 2↔Sn+ 4, K3[Fe(CN)6] ↔ K4[Fe CN)6]3H2O. Графит электродтары арасындағы электродтық кеңістіктер арасындағы тем-пературалық айырмашылық кезінде 61,5 мВ ЭҚҚ және 0,04 мА ҚТТ шамасы қалыптасып, электролиз конструкцияларының әсері зерттелген.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС

120-127 423
Аңдатпа
Қонақжайлылықтың бәсекеге қабілеттілігі субъектілердің бәсекелестік артықшылық-тарымен анықталады. Бәсекеге қабілетті артықшылықтар қонақ үй қызметтерінің ке-шенді ұсынысы, соның ішінде барлық бөлмелі санаттарды ұсыну мүмкіндігін қамтиды. Қо-нақжайлылықтың икемді баға саясаты арнайы бағдарламалық өнімдерді, қонақ үй қызмет-теріне жеңілдіктерді қамтиды. Стратегиялық бәсекелестік артықшылықтарына қонақ-жайлылықтың корпоративтік жауапкершілік принциптері жатады. Қонақжайлылықтың бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау үшін SWOT талдау әдісін қолдануға болады.
127-132 320
Аңдатпа
Мақалада трансұлттық корпорациялардың қонақүй бизнесінде келісім шарттық қа-тысу тетіктері көрсетілген. Мақалада негізгі халықаралық қонақүй тізбектерінің кеңею тенденциясы, трансұлттық қонақүй желілеріне қосылудың шарттық нысандарын одан әрі кеңейту үрдісі расталды. Операциялық шығындар теориясына, ресурстық көзқарасқа және институционалдық негізге негізделген оларды қолданудың қолайлылығына зерттеу жүргі-зілді. Талдау нарықтағы халықаралық қонақүй желілеріне кірудің белгілі бір нысандарын пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

133-139 298
Аңдатпа
Мақалада физика курсының мазмұнында «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технология-сы және құрастырылуы» мамандығының ерекшелігін ескеру мәселелері қарастырылады. Ерекшелікті ескерудің негізіне физиканы техникалық ЖОО-да оқытудың мына принциптері алынды: техникалық пәндерді іргелендіру және физика курсын кәсібилендіру. Мақаланың практикалық маңыздылығы жеңіл өнеркәсіптің болашақ мамандарын даярлау жүйесінде фи-зика және салалық пән оқытушыларының пәндерін оқытқанда оқытудың іргелік және кәсіби бағыттаушылық принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігімен байланысты. Берілген зерттеу материалдарын жоғары технологиялық оқу орындарында физиканы кәсіби бағыттап оқыту, техникалых пәндерді іргелендіру бойынша оқытушылар жұмыстарының барлық түрлерінде және мен оқу-әдістемелік құралдарды жасағанда пайдалануға болады.
110-117 300
Аңдатпа

2018 жылдың 7 маусымынан 29 маусымына дейінгі аралықта Алматы қаласының климаттық жағдайында тоңазыту жүйесінде радиациялық салқындату мақсатында эксперименттік зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде аккумулятордағы температура түнгі уақыттағы атмосфералық ауаның ең төмен температурасынан 0,4...2,4К жоғары болды. Аккумулятордағы температураның төмендеу жылдамдығының орташа мәні түнгі уақытта 0,38 К/сағ болған. Зерттеу кезеңінде жүйенің шығаратын жылу қуатының орташа мәні 45±25,8 Вт құрады. Анықталды, жаңбыр түріндегі жауын-шашын жылу қуатын төмендеткен жоқ. 



ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)