Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 2 (2018)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-12 229
Аңдатпа
Университеттегі студенттерді бақылауға арналған сайттың тиімділігі оның жүктеу уақытын бағалау негізінде зерттеледі. Эмпирикалық заңның қалыпты бөлу туралы гипоте-засы сыналды. Жүктеу уақытының мәндері анықталатын - ең аз, статистикалық маңызды, өзгерістердің ауқымы, ол сайттың тиімділігін арттыру үшін инновациялық және іс жүзінде маңызды болып табылады.
12-16 340
Аңдатпа
Мақалада студенттердің орташа тәуліктік рационын сандық және сапалық құнды-лығын талдау нәтижелері берілген. Сауланама нәтижесі олардың тамақтану режимін сақтамайтындығын көрсетті: 24% - таңғы асты тұтынбайды, 53% - таңғы асты сирек қолданады, 23% - таңғы асты күнде тұтынады. Сұралғандардың 50% - жоғары сұрыптағы ақ нанды тұтынады, 61% - рационында макарон өнімдер артады, 78%- фасфудтарға құмар, 76%- балғын көкөністер мен жемістерді сирек тұтынады. Ағзаның қалыпты өмірі мен ден-саулығын қамтамсыз ету үшін, ақуызға, минералды заттарға, дәрумендерге бай тағамдарды тұтынып, рационалды, теңдестірілген тамақтану принципін және нақты сапалы рацион құрамы мен энергетикалық құндылығының сәйкестігін толығымен сақтауға ұмтылу керек.
16-21 695
Аңдатпа
Бұл мақалада зиянды шығарындылар мен едәуір қалдықтарды түзетін, еритін фосфор қосылыстарының таралуымен фосфор өндіруші кәсіпорынның қоршаған ортамен әсерлесуіне байланысты экологияның өзекті мәселелері қарастырылады. Зерттеудің практикалық ма-ңыздылығы, бұл - материалдардың эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылату үшін им-портты алмастыруға бағытталған ҚР-ның құрылыс индустриясы мен силикаттық өнер-кәсібін қамтамасыз ету болып табылады. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен мәні - электротермофосфорлық өндірістің силикаттық қалдықтары негізінде түйіршіктелген шихталарды бірсатылы термоөңдеуден өткізу. Зерттеу нәтижесінде фосфор өндірісіндегі техногенді электротермиялық шлактардың көп жинақталу орындарында экологиялық проблемаларды шешу; инновациялық материал- синтетикалық волластонит өндіру мекеме-лерінде өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу қажет.
22-26 296
Аңдатпа
Мақалада алынатын құс, балық және ауыл шаруашылықтық малдарға арналған жоғары протеинді жемді сыра қайнату өндірісінің екіншілік қорларынан Saccharomyces cerevisiae-LBD-X1 ашытқысымен микробиологиялық өңдеу жолымен алудың мәселелері қарастырылады. Құс, балық және ауыл шаруашылықтық малдарға арналған жемді алудың ұсынылған технологиясы құрамы макро- және микро элементтерге, «В» тобының дәрумендеріне бай, алмастырылмайтын амин қышқылдары бар, тез қорытылатын көмірсутектер болатын және бақылау үлгісімен салыстырғанда 1,5 есе артып отыратын ақуызы болатын жемдік өнімді алуға мүмкіндік береді.
27-33 279
Аңдатпа
Әуе желілеріндегі мұз қатқан сымдардың жел өтіндегі механикалық тербелістері (сымдардың билеулері) желілердің сенімділігін төмендететіні белгілі. Сымдардың билеулері барысында түрлі апаттық жағдайлар орын алады, сол себептен билеу құбылыстарын зерттеу және оның алдын орау шараларын қарастыру қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада сым билеулерінің жиілігін бағалаудың инженерлік тәсілі қарастырылып, билеу жиілігін есептеу формуласы қорытылып шығарылған. Инженерлік тәсілдің негізінде билеу құбылыстарының математикалық модельін және тербелу проце-сінің энергетикалық балансын талдау жатыр. Мақалада алынған нәтижелер әуе желілерінің сенімділігін жоғарылату шараларын ұйымдастыруда қолданыс табады.
33-37 277
Аңдатпа
Мақалада түйіршіктелген құрама жем өнімінің құндылығы зерттелген. Ірі қара малын азықтандырудағы түйіршіктелген құрама жем өнімінің әсерімен қасиеті және мал азығына маңызды деп табылатын зерттеу нәтижелері көрсетілген. Яғни шөп қоспасы қосылған ар-найы рецептпен азықтандыру арқылы ірі қара салмағын өсіруге болатындығы және елімізде өндірілетін құрама жем өнеркәсібі үшін шөптік өнімдерді жоңышқа 30% және еркекшөп 20% мөлшерде пайдалану экономикалық жағынан тиімді, әрі қол жетімді, экологиялық жа-ғынан да зиянсыз және қалдықсыз екені айтылған.
37-41 515
Аңдатпа
Мақалада қысқы тұрақтылықты қамтамасыз ету кезеңіндегі Ақмола облысының «Астана-Өнім» АҚ-ның голштин тұқымды сиырлар сүтінің май қышқылдық құрамын анық-тау бойынша мәліметтер келтірілген. Үлгінің май қышқылды құрамы ара-қатынасы майлы қышқылының метил эфирі массалық қатынасы сиыр сүтінің майлы қышқылының метил эфирі қатынасына сәйкес келеді, бұл МС талаптарына сәйкес келеді. Жыл маусымының сүт-ті мал тұқымына байланысты май қышқылдары бойынша алынған мәліметтер. Мәселен, қаныққан май қышқылдары сиыр сүтінде 60,35% құраған. Моноқанықпаған май қышқылда-рының қосындысы - 28,2% құрады, ал полиқанықпаған май қышқылдары - 2,88% құрады.
41-45 255
Аңдатпа
Соя ұны (15%) мен бройлер (85%) еті қосылған ет өнімінің (тексеру үлгісі) және көк-теген соя бұршағынан алынған соя ұны(15%) мен бройлер (85%) етінен жасалған ет өнімінің (зерттеу үлгісі) микробиологиялық көрсеткіштердің тұқымдануының жиынтығы Total Aerobic Count (TAC), 106; Enterobacteriaceae 105;Coliform 105; E.coli (кое/мл) деңгейі зерттелді. Ет өнімдерінің үлгілерін сақтау кезеңі 7 күнге дейін бөлме температурасында қалыптасты. Микробиологиялық қауіпсіздікті талдау бірінші, үшінші және жетінші сақтау күндерінде орындалды. Өнімнің тұқымдануының өсуіне қарамастан сақтау кезеңінде зерттеу үлгісінде E.coli деңгейінің 8,5*102 ден 4,1*102 ке дейін төмендеуін белгілеу қажет, бұл патогендік мик-рофлораның өсуінің басылуын сипаттайды. Барлық талданған үлгілерде патогендік микро-ағзалар болмады, алайда олардың пайда болуына барлық жағдай болды.
46-50 262
Аңдатпа
Берілген мақалада ластик өрімдерінің базасында қиыстырылған трикотаж жайма-ларын алу жолдары қарастырылған. Жұмыста сөндірулі инелер саны мен олардың графи-калық жазулары келтірілген. Сонымен қатар тәжірибелік үлгілердің графикалық жазбалары MODEL бағдарламасында жобаланған. Ластикті трикотаж құрылымына біртегіс және туынды біртегіс қатарларын қосу арқылы, көлемді тығыздық, форматұрақтылық және трикотаждың сапалы көрсеткіштерін алуға болады.
50-54 292
Аңдатпа
Өсімдік текті отандық шикізаттардың ішінен функциональдік тағамдық ингредиент-тер кешенінің негізгі шикізат көзі құрамында тағамдық талшық, С дәрумені, флавоноидтар мен органикалық қышқылдары бар жиде болып табылады. Жиденің құрамында жоғары мөл-шерде дәрумендер (мг/100г): β - каротин- 8,0 мг, Е - 3,5 мг, А- 5,0 мг, С - 10 мг,сонымен қа-тар, құрамында макроэлементтер (мг/100г): К- 370 мг, Са - 65,0 мг, Mg - 69,0 мг, Nа - 32,0 мг бар. Өсімдік шикізатының құрамында қажетті мөлшерде су мен майда еритін дәрумендер болады. Өсімдік текті шикізаттарды зерттеудің нәтижелері жаңа жоғары функциональдік сипаттағы эмульсиялық өнім құрамында оларды үйлесімдіру мүмкіндігінің негізі болады. Жидені майдалаудың оптимальді ұзақтығы τ - 52-65 сек. мен жұмыс органының айналымы 12000 об/мин. белгіленді.
54-58 342
Аңдатпа
Осы зерттеу жұмысында өнімнің антиоксиданттық және биологиялық қасиеттерін арттыру мақсатында өсімдік қоспасы және бифидобактериялармен байытылған сүтқыш-қылды өнім алынды. Өсімдік негізді қоспа сүтқышқылды микроорганизмдердің өсуі мен кө-беюіне қолайлы әсер көрсететіні анықталды. Өсімдік қоспасымен байытылған өнім диета-лық қасиетке ие және барлық жастағы халыққа ұсынылады.
58-64 316
Аңдатпа
Асбұршақ ұнының желімшенің қасиеттеріне және қамырды ашыту кезінде оның кө-лемін төмендететін әсерін азайту үшін иондалған су пайдаланылды. Ең жақсы нәтиже ион-далған суды 50 000 бірл/см2 мөлшерінде бірінші сұрыпты бидай ұнының салмағына шаққанда 25% шамадағы бұршақ ұнын енгізген кезде қол жеткізілді. Иондалған судың негізінде желім-шенің сапасы серпімділік пен икемділікке қарай өзгерсе, ал сынама қамырдың үлгісі көлемі жағынан бақылау үлгісінің көлемінен қалыспайды. Сонымен қатар, бақылау үлгісінен және иондалмаған суды қолданып дайындалған және дәнді-бұршақ ұнымен иондалған суды қол-данып дайындалған қамыр үлгілермен салыстырғанда қамырдың жетілуі өте жоғары қар-қындылықпен жүретіндігі дәлелденді.
64-68 408
Аңдатпа
Бұл мақалада макарон өнімдері сапасының жалпы төмендеу үрдісі байқалып, осы проб-леманың себебін анықтап, оны шешу жолдары ұсынылған. Макарон өнімдерінің сапасының төмендеуі мемлекеттік мекемелерді техникалық реттеу саласындағы трансформациядан туындағандықтан, өзіміздің зерттеулеріміздің нәтижелері ұсынылды. Зерттеудің нәтижесі макаронның институттандыруының негізгі белгілерін анықтау болып табылады.
68-72 321
Аңдатпа
Мақалада әр-түрлі мөлшерде «Великолепная семерка» дәндік қоспалар қолданылған нанның реологиялық қасиеті мен тағамдық құндылығын зерттеу нәтижелері берілген. 15-тен 30% дейін «Великолепная семерка» дәндік қоспасы қосымен байытылған нан өнімдерінде бақылаумен салыстырғанда В1 дәрумені 2,5 есе, В2 - 1,9 есе, С - 2,5 есе, минералды заттар: темір - 2,26 есе, фосфор мен мырыш - 2,3 есе және антиоксиданттық белсенділігі 2,01 есе артатындығы эксперимент жүзінде дәлелденген. Дәндік қоспаны нан құрамына 30% қосқан-да нан көлемі 17% төмендейтіні анықталған, қоспаның оңтайлы мөлшері 25% деп таңдалды.
72-77 324
Аңдатпа
Осы мақалада алты емдік шөп түрінен қосынды өсімдік шикізаты экстракциясының заңдылығын зерттеу қарастырылады. Жүргізілген зерттеулердің негізінде: доланың 20 бөлігі, шатыраш (шалфей), жебіршөп (душица), тасшөптердің 5 бөлігі, райхан мен қалампырдың 2,5 бөлігіне 40% сулы-спиртті ерітіндісін қосқан нұсқаның органолептикалық бағасы жоғары көрсеткіштерге ие болғаны анықталды. Зерттеулер көрсетгендей қосынды өсімдік шикізаттарын тұндыру ұзақтығы тұрғысында оптималды уақыт нұсқасы 4 сағат, ал экстракция уақыты 15-16 минут. Төмен жиілікті вакуум-ультрадыбысты экстрацияны қолдану пайдалы заттар кешеніне максималды түрде алуға және экстрагирлеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
77-83 402
Аңдатпа
Бұл мақалада ферменттелген сүт өнімдерін зерттеудің нәтижелері келтірілген. Пребиотикалық қоспалары бар сүт қышқылды өнім сүт өнімдерінің құндылығын арттыра-тыны дәлелденген. Функционалдық ингредиенттерді сынама үлгілеріне, атап айтқанда езіл-ген кунжут және бидай кебегін енгізу олардың функционалдық қасиеттерін арттырады, атап айтқанда ішек құрылысының микрофлорасын жақсартады, иммунитетті көтереді, остеопороздың алдын алу мақсатында сүйек ткандарын нығайтады.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

84-89 368
Аңдатпа
Мақалада қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) өнеркәсіптік өңдеуді зерттеу ту-ралы әдеби деректерге ауқымды шолу жасалған. Қолданыстағы қалдықтарды өңдейтін за-уыттардың екі түрі қарастырылған: біреулері қоқыстан компосты шығарса, ал басқалары оны өртейді. Алайда, мәселені шешу үшін ҚТҚ қайта өңдеудің жоғары технологиялық әдіс-тері мен оны кешенді өңдеуді қажет етеді. Күрделі компосттың құрамында әртүрлі қа-сиеттері мен сипаттамалары бар қалдықтар кіретіндігі, олардың дұрыс және үйлесімді комбинациясы жоғары тиімді органоминералды тыңайтқыш алуға мүмкіндік беретіні анықталды.
89-94 284
Аңдатпа
Балқаш қаласының солтүстік аймағы ластану зонасында жасылдандыруда тораңғы өсімдіктері пайдаланылды. Тораңғы өсімдіктеріне уытты қосылыстардың көп жылдық әсе-ріне кешенді зерттеулер жүргізілді. Өндіріс қалдықтар көзінен 1-2 км қашықтықта сани-тарлық қорғау зонасының шекарасында өсетін, сол аймаққа бейімделген тораңғы өсімдік-тердің қазіргі өзгерістеріне кешенді анализ жүргізілді. Қорытындыда жүргізілген зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері тұжырымдалып, Балқаш қаласының экологиясына өнеркәсіп орындарының қалдықтарының әсерін төмендету немесе жою мақсатында ұсыныстар қысқаша келтірілген.
94-98 619
Аңдатпа
Мақалада әдеби дереккөздерде келтірілген сексеуіл өсімдігінің экологиясы және оны қорғау тақырыбына, алабота тұқымдасына жататын көп жылдық сексеуіл өсімдігінің түрлері мен өсу кезеңдеріне жан - жақты шолу жасалған және құрамында сақар мен сода көп екендігі дәлелденіп, кептірілген сексеуілден жасанды жолмен қара сабын алынатынына негіздеме берілген. Сонымен бірге мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алып, түзілген қышқылды бейтараптау арқылы сабынның бірнеше түрін алуға пайдалану перспективалары қарастырылған.
98-103 294
Аңдатпа
Мақалада өсіру және техникалық пісу кезеңіндегі картоптың химиялық ластануына мониторингтік зерттеулер жүргізілді. Солтүстік өңірде өсірілген картоптың токсинді ауыр металлдар құрамын зерттеу нәтижелері олардың мырыш, мыс, кадмий, қорғасын, сы-нап бойынша РШК (ПДК) аспайтындығын көрсетті, ал мышьяк табылған жоқ. Картоп үлгілерінде (Ягодный 19 және Невский сорттарында) радионуклидтер: цезий-137 (НҚ 120 Бк/кг) және стронций-90 (НҚ 40 Бк/кг) табылған жоқ. Вегетация кезінде нитраттардың құрамы (30,4-92,6мг/кг) РШК (ПДК) біршама төмен екені анықталды. Нитриттер өнім құрамында табылған жоқ. Тәжірибелік маңыздылығы картоптың өсіру мен техникалық пісіп-жетілу кезеңіндегі химиялық ластануын зерттеу барысында жасалған ұсыныстар мен нормативтік ақпараттар, және азық-түлік өндірісінің болмыстары мен дамуына, адам денсаулығын қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылық өнімдерінің рентабельдігі мен эконо-микалық тиімділігіне бағытталған, аймақтардың спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып осы өнімнің қауіпсіздігін бағалау заманауи талаптарға сай басымды екені белгілі.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС

104-110 280
Аңдатпа
Мақалада аграрлық сектордағы баға теңсіздігінің мәні қарастырылған. Ауыл шаруа-шылығы өнімдері бағасының динамикасына және ауыл шаруашылығы қызметі үшін және өн-діріс құралдарын сатып алу бағаларына талдау жасалған. Нарықтық баға белгілеудің қағи-далары мен әдістемесі ұсынылған. Ауылшаруашылығы өнімдеріне бағаны қалыптастыру те-тігі көрсетілген. Ішкі астық және астық өнімдері нарығын қорғау шаралары ұсынылған. ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығындағы баға белгілеу негізі айқындалған. Мақсатты баға негізінде - тіркелген және мемлекетпен бекітілген кепілдендірілген бағалар және кепілдік бағалары анықталған. Ауылшаруашылығы өнімдері нарығын бағалық реттеу негізі ретінде мемлекеттік сатып алу және тауарлық араласудың міндеттері мен ролі көрсетілген. Авторлар кепілдік (сатып алу, кепілдендірілген) бағаларын қалыптастыру кезінде инфляция деңгейін және ауыл шаруашылығында және өндірістің басқа салаларындағы жалақы деңге-йін нақтылауды ескеру керектігін белгілейді.
110-116 256
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық қыз-метінің аспектілері қарастырылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы талдаудың мәнін, жік-телуін және әдістерін зерттеуге арналған кумулятивтік тәсілмен анықталады. ШОБ субъектілерінің санын, олардың кірістілігі мен шығындар коэффициентін, сондай-ақ бірқа-тар қаржылық тәуекелдер бойынша олардың ЖІӨ-дегі үлесінен тәуелділігі анықталды. Олардың ішінде 2006-2017 жылдардағы елдегі кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына айтарлықтай әсер еткен негізгі бағыттар анықталды. Мақалада ең дамыған елдерде қолда-нылатын шағын және орта бизнес үшін қаржылық тәуекелдерді төмендету мысалдары келтірілген.
116-122 308
Аңдатпа
Халықты азық-түлік өнімдерінің ұтымды нормалар көлемінде қамтамасыз ету үшін агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі және қажетті көлемдерін, сондай-ақ азық-түлік тауар-ларының өзара сауда ауқымын ескере отырып ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларының тауар айналымының өсуі, EAЭО қатысушы-елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты халықаралық сауда факторлары қарастырылған. Ұлттық тұжырымдамалардың басты мақсатты бағдары болып табылатын (физикалық және экономикалық қолжетімді-лік көрсеткіштері, тағамның деңгейі мен сапасы) азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуге назар аудару қажет. EAЭО серіктес мемлекеттерінің бірыңғай аграрлық нарығын қалыптас-тыруға бөгет болатын кедергірлер анықталған.
122-129 330
Аңдатпа
Мақала экологиялық туризмді сертификаттау жүйесін дамыту тақырыбына арнал-ған. Жұмыс эко-туризм, оның үрдістері мен әлемдегі болжамдар дамыту тақырыбы бо-йынша әдеби шолу жүзеге асырылады, тақырыптың өзектілігі деген қорытындыға келді. Ұсынылған тәсіл орындау деңгейіне экологиялық туризм принциптерін дамытуға негізделген, сондай-ақ субъектілері turizma.Predlagaemy көзқарас пікіріне сүйене отырып, әлемдегі барлау теориялық әлсіз, әдістемелік және тәжірибелік мәселелерді ескере отырып, ұлттық және халықаралық маңызы бар. Тек бірнеше елдерде сертификаттау жүйесін пайдаланады, бірақ әрбір тәжірибе осы бапта жасауға, ұлттық контекст зерттеу және бейімдеу талап етеді. Тәсіл бір мезгілде Қазақстанда шетелдік туристер арасында экотуризмге қызығушылық өсіп, ал қоршаған ортаға зиян келтіруді барынша азайтуға көмектеседі өз экосертифкация жүйесін құруға мүмкіндік береді.
130-132 265
Аңдатпа
Кәсіпорынды басқару мен дамытуда кәсіпорынның дағдарысқа қарсы қаржылық ме-неджменті маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада қаржы дағдарысының зардаптарын жоюға мүмкіндік беретін кәсіпорынның қаржы дағдарысы менеджменті мен принциптері қарастырылған.
133-138 263
Аңдатпа
Зерттеу мәселесінің өзектілігі Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенде кластер негізін-де интеграцияны дамыту болып табылады. Нәтижелердің жаңалығы агроөнеркәсіп кешенін-дегі интеграцияның экономикалық мәні нақтыланып, SWOT-талдау негізінде интеграциялық топтардың күшті және әлсіз тұстарын және агроөнеркәсіп кешеніндегі кластерлерді құру сатыларын анықтау болып табылады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі интеграцияланған құрылым-дарды дамыту бойынша ұсыныстар отандық кәсіпорындарда пайдаланылуы мүмкін.


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)