Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
Том 153, № 3 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-13 24
Аңдатпа

Агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі заманғы дамуы жағдайында көп аспектілі міндеттердің бірі халықты сапалы мен қауіпсіздіктің жоғары талаптарына сәйкес келетін мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету болып табылады. Өндіріс көлемін ұлғайтудың және өнім сапасын арттырудың маңызды шарты ауыл шаруашылығы жануарларын энергетикалық және протеиндік қоректенуі, макро және микроэлементтік құрамы, сондай-ақ биологиялық белсенді заттар бойынша оңтайландырылған, организмнің физиологиялық қажеттіліктеріне және өнімділіктің болжамды деңгейіне қатаң сәйкес келетін толыққанды азықпен ұтымды қамтамасыз ету болып табылады. Қан ұны, сүйек ұны, жүгері ұны, жүгері глютені, фосфат концентратын сауынды сиырларға арналған жемшөп концентраты ретінде кеңінен қолдану бүгінгі күні өзекті мәселе. Осыған байланысты, осы жұмыста сүтті сиырларға арналған жемшөп концентратының рецептуралық құрамы әзірленді және ғылыми негізделген, ол қарқынды сүт өндірісі жағдайында тағамдық деңгейі, биологиялық толықтығы және пайдалану тиімділігі бойынша талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Зерттеу аясында жемшөп концентратының есептік рецепті жасалды, оның негізінде тәжірибелік-өнеркәсіптік партиялар жасалды. Олардың химиялық құрамына, энергетикалық және тағамдық құндылығына кешенді бағалау жүргізілді, сондай-ақ пробиотикалық белсенділік көрсеткіштері анықталды. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бидай кебегін жануарлар мен өсімдік тектес компоненттермен, атап айтқанда қан ұнымен (3%), сүйек ұнымен (2%) және жүгері глютенімен (5%) алмастыру сіңімді ақуыз құрамының 65-75% ға айтарлықтай өсуіне ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, жемшөп концентратының бірқатар басқа сапалық сипаттамаларының жақсаруы байқалды, бұл ұсынылған формуланың жоғары тиімділігін көрсетеді. Жұмыста жемшөп байыту концентратының(ЖБК) ауыл шаруашылығы жануарларыныңөнімді және биологиялық көрсеткіштеріне оңәсері ашылған және ғылыми негізделген. Сауын сиырлардың рационына ЖБК қосу сүт өнімділігінің деңгейін арттыруға, сүттің сапалық сипаттамаларын, оның ішінде май мен ақуыз құрамын жақсартуға ықпал ететіні анықталды. Сонымен қатар, бұл концентратты қолдану жас жануарлардың өсуіне және дамуына ынталандырушы әсер ететіні анықталды, бұл бұзаулардың тірі салмағының орташа тәуліктік өсуінің артуымен көрінеді. Алынған нәтижелер сүт өндіру процестерін қарқындатуға және жалпы жануарлардың өнімділігін арттыруға бағытталған функционалдық жемшөп компоненті ретінде қолданудың жоғары тиімділігін көрсетеді.

14-26 20
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда кең таралған жануар майларын тұрмыстық, тағамдық, халықтық тәжірибе және косметикалық бағытта қолдану ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты – жануар текті майларға қатысты тұтынушылық көзқарастарды, дәстүрлі білімнің сақталуын және олардың табиғи өнім ретіндегі практикалық маңызын бағалау. Ақпараттық база ретінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан қатысқан 311 респонденттің онлайн-сауалнама нәтижелері пайдаланылды. Сауалнама 18 сұрақтан тұрды және жануар майларын қолдану жиілігін, түрлерін, мақсаттарын, отбасылық дәстүрлерді, халықтық тәжірибені және табиғи өнім ретінде қабылдау деңгейін анықтауға бағытталды. Нәтижелер бойынша құйрық майы мен жылқы майы халық арасында ең танымал әрі жиі қолданылатын жануар майлары екені анықталды. Құйрық майын қолдану үлесі 73,6%, жылқы майын қолдану үлесі 50,2%, ал жануар майларын аспаздық мақсатта қолдану үлесі 71,1% құрады. Сонымен қатар респонденттердің едәуір бөлігі жануар майларын халықтық тәжірибеде қолданатынын көрсетті. Косметикалық мақсатта қолдану деңгейі төмен болғанымен, жануар майларынан дайындалған өнімдерге қатысты қызығушылықтың бар екені байқалды. Алынған нәтижелер жануар майларының дәстүрлі тағам мәдениетіндегі орнын, тұрмыстық тәжірибедегі сақталуын және жергілікті табиғи шикізат ретінде әрі қарай зерттеу қажеттілігін көрсетеді.

27-35 24
Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты-дәнді дақылдардан алынған тұтас дәнді дақылдар ұны мен төменэтерификацияланған қызылша пектин концентратын қолдана отырып, галеталардың рецептуралық құрамын жасау, дайын өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын зерттеу. Мақала авторлары тұтас дәнді дақылдар ұны мен төменэтерифицирленген қызылша пектин концентратын пайдаланып галета рецептурасын жасады. Зерттеу бірінші сұрыпты бидай ұны мен тұтас дәнді жүгері, қарақұмық және тары ұнының қоспасынан қызылша пектин концентратын қосып дайындалған галеталарында (№3 үлгі) тағамдық талшықтардың, дәрумендердің және минералдардың мөлшері бақылау тобымен (№1 үлгі) және бірінші сұрыпты бидай ұны мен тұтас дәнді жүгері, қарақұмық және тары ұнының қоспасынан қызылша пектин концентратын қоспай дайындалған галеталарға (№2 үлгі) қарағанда жоғары екендігі анықталды. Осылайша, №3 үлгідегі тағамдық талшықтыңмөлшері№1 үлгіге қарағанда 47,5%-ғажәне№2 үлгіге қарағанда 25,2%-ғажоғары, Едәруменініңмөлшері сәйкесінше 26,7% және 5,9%-ға, кальций мөлшері 15,7% және 5,96%-ға, темір мөлшері 14,9% және 10,12%-ға жоғары болды және т.б. Алынған зерттеу нәтижелері сонымен қатар қант қызылшасының пектин концентратын қамыр араластыруда қолдану галетаның органолептикалық және физика-химиялық сапа көрсеткіштерін бақылау үлгілеріненкемемесекенінкөрсетеді. Барлықүлгілердіңжағымды, айқындәміменхошиісіболды. Органолептикалық көрсеткіштерін бағалау кезінде сынықтың сыртқы түріне ерекше назар аударылды. Тұтас дәнді дақылдар ұнынан және пектин концентратынан жасалған галеталардың (№3 үлгі) ең қолайлы дәмі мен айқын хош иісі бар екені анықталды. Галета рецептурасында тұтас дәнді дақылдар ұны менқызылша пектинінің концентратынпайдалану оларды теңдестірілген тамақтануға тиімді енгізуге мүмкіндік береді, тағамдық талшықтармен, дәрумендермен, минералдармен және басқа да қоректік заттармен қамтамасыз етеді.

36-42 16
Аңдатпа

Жұмыста тилапия (Tilapia nilotica) негізіндегі ферменттелген балық өнімдерінің құрылымдықфункционалдық көрсеткіштеріне кешенді бағалау жүргізілді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ферментация деңгейінің өнімнің текстуралық қасиеттеріне, ылғалды ұстап тұру қабілетіне және микроструктуралық ұйымдасуына әсерін кешенді бағалауда болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде бақылау үлгісі және ферментация деңгейі 30% және 40% болатын үлгілер алынды. Талдау барысында текстуралық профиль (TPA), FTIR-спектроскопия, сканерлеуші электрондық микроскопия (SEM), ылғалды ұстап тұру қабілеті (WHC) мен pH көрсеткіштерін анықтау әдістері қолданылды. Нәтижелерді статистикалық өңдеу ANOVA әдісімен жүргізілді (p<0,05). Зерттеу нәтижелері ферментация деңгейінің артуы қаттылықтың 27-34%ға төмендеуіне және ылғалды ұстап тұру қабілетінің 12-18%-ға артуына ықпал ететінін көрсетті. FTIR талдауы ферменттелген үлгілерде ақуыздардың екінші реттік құрылымында өзгерістер байқалғанын көрсетті, ал SEM нәтижелері микроструктуралық ұйымдасудың өзгеру тенденцияларын көрсетті. Құрылымдық және функционалдық көрсеткіштердің өзара байланысы анықталды. Ең қолайлы нәтижелер ферментация деңгейі 30% болған үлгілерде байқалды. Алынған нәтижелер ферментацияның тилапия негізіндегі балық өнімдерінің құрылымдық-функционалдық қасиеттерін реттеудің перспективалы технологиялық тәсілі екенін көрсетеді.

43-53 21
Аңдатпа

Ет өнімдерін өндіру саласында ет шикізатын механикалық ұсақтауға арналған жабдықтар кеңінен қолданылады, олардың ішінде еттартқыштар негізгі орын алады. Ұсақтау процесінің тиімділігі мен кинетикалық заңдылықтары шикізатты тасымалдау және кесу тораптарының конструкциялық элементтері арасындағы өзара әрекеттесу жағдайларына, сондай-ақ өңделетін еттің физика-химиялық қасиеттеріне тәуелді болып келеді. Зерттеу нысаны ретінде ет шикізатын ұсақтауға арналған эксперименттік қондырғының кесу жүйесі (тор) және әртүрлі ет шикізаттары, атап айтқанда сиыр, қой, жылқы, шошқа және тауық еттері таңдап алынды. Зерттеу жұмыстары барысында ет шикізатының химиялық құрамы талданып, ұсақтау нәтижесінде алынған фарштың гранулометриялық құрамының өзгеру заңдылықтары анықталды. Сонымен қатар эксперименттік қондырғының технологиялық көрсеткіштері — өнімділігі мен энергия шығынына әсер ететін қуат көрсеткіштерінің өзгерісі зерттелді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – еттартқыштың кесу механизмі құрылымын жетілдіру арқылы ет шикізатын ұсақтау процесін тиімділеу. Зерттеу еттің құрылымдық-механикалық қасиеттерінің ұсақтау процесінде қалай өзгеретінін және процестің технологиялық параметрлерін анықтауға негізделген. Қазіргі қолданылатын еттартқыштардың кесу механизмдері талданып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Осы талдауға сүйене отырып, еттартқыштың торлық құрылымын жетілдіру үшін жасалған тор ұсынылды. Зерттеу барысында кесу процесінің теориялық негіздері қарастырылып, эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Хаген–Пуазейль теңдеуі қолданылып, волчок торының өткізу қабілеті есептелді, ұсақталған өнімнің гранулометриялық құрамы зерттелді. Сонымен қатар, шикізаттың ылғалдылығы, май және күл мөлшері анықталды. Бұл көрсеткіштер еттартқыштың жұмыс тиімділігін бағалауда маңызды фактор болып саналады.

54-67 19
Аңдатпа

Мақалада қамырды механикалық аэрациялау технологиясы негізінде дайындалған, жартылай фабрикаттары терең мұздатылып, пісіру алдында микротолқынды пеште жібітілген ашытқысыз нанның сапасына сүйекті және сүйексіз жиде (Elaeagnus angustifolia L.) ұнтағының әсерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі тағамдық құндылығы жоғары жаңа нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу және қамырды дайындау уақытын қысқартып, дайын өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз ететін мұздатылған жартылай фабрикаттарды өндіру технологияларын жетілдіру қажеттілігімен негізделеді. Зерттеудің мақсаты – сүйекті және сүйексіз жиде ұнтағының әртүрлі мөлшерінің механикалық аэрацияланған ашытқысыз нанның реологиялық, органолептикалық, физика-химиялық және тағамдық көрсеткіштеріне әсерін анықтау, сондай-ақ оңтайлы рецептураны негіздеу. Зерттеу барысында нантоқаш өнімдерінің сапасын бағалаудың заманауи әдістері қолданылды. Қамырдың реологиялық қасиеттері Mixolab және Structurometer CT-2 аспаптарының көмегімен зерттелді, дайын өнімнің органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері, химиялық құрамы, витаминдер мен минералдық заттардың мөлшері анықталды, сондай-ақ тәжірибелік деректерге математикалық модельдеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері жиде ұнтағын қолдану нанның тағамдық және биологиялық құндылығын арттырып, қамырдың құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсартып, витаминдер мен минералдық заттардың мөлшерін көбейтетінін көрсетті. Ең жоғары нәтижелер сүйексіз жиде ұнтағының 20 % мөлшерін қолданған кезде алынды. Бұл үлгі кеуектілігі, меншікті көлемі, органолептикалық қасиеттері және химиялық құрамы бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие болды. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы әзірленген рецептура мен технологияны нан пісіру кәсіпорындарында функционалдық нан-тоқаш өнімдері мен мұздатылған механикалық аэрацияланған ашытқысыз жартылай фабрикаттар өндірісінде қолдану мүмкіндігімен сипатталады.

68-74 17
Аңдатпа

Қазіргі азық-түлік жүйелерінде тұрақты және салауатты тамақтануды қамтамасыз ету қажеттілігі тары сияқты тағамдық құндылығы жоғары және климаттық өзгерістерге төзімді дақылдарға деген қызығушылықты арттыруда. Тағамдық және функционалдық әлеуетіне қарамастан, тары қазіргі рационда әлі де жеткілікті деңгейде қолданылмайды. Зерттеудің мақсаты тұтынушылардың тары туралы хабардарлығын, оған деген көзқарасын, оны рационға енгізуге дайындығын және тары негізіндегі өнімдерді таңдауға байланысты факторларды бағалау болды. Қазақстанда 270 респонденттің қатысуымен қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көптілді сауалнама негізінде сандық көлденең онлайнзерттеу жүргізілді. Деректер сипаттамалық статистика әдістерімен талданды. Нәтижелер респонденттердің 67,0%-ы тағам өнімдерінің құрамына үнемі назар аударатынын, ал 80%-дан астамы дәнді дақылдардан жасалған өнімдерді тұрақты тұтынатынын көрсетті. Сонымен қатар тарыға деген жалпы көзқарас оң болғанымен, оның күнделікті рационда тұтынылу деңгейі салыстырмалы түрде төмен болып қалуда: респонденттердің 70%-дан астамы тарыны 8–10 балл аралығында бағалаған. Қатысушылардың 61,1%-ы жеміс, дәнді дақыл немесе жидек қоспалары бар сусындарды таңдаған. Зерттеу нәтижелері тұтынушылардың тарыға деген оң көзқарасы мен оны күнделікті рационда нақты тұтыну деңгейі арасында алшақтық бар екенін көрсетті. Бұл тағамдық құндылық туралы хабардарлықтың өзі тұрақты тұтынуды қалыптастыру үшін жеткіліксіз болуы мүмкін екенін көрсетеді. Өнімнің сенсорлық тартымдылығы, онымен таныстық, дегустациялық тәжірибе, өнім туралы түсінікті ақпарат және қолжетімділік тары мен тары негізіндегі өнімдерді рационға енгізуге дайындыққа ықпал етуі мүмкін. Алынған нәтижелер салауатты тамақтану қағидаттарына сәйкес тары негізіндегі өнімдерді әзірлеу және ілгерілету үшін практикалық маңызға ие.

75-82 16
Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында биойогурт өндіру үшін қолданылатын негізгі шикізат көздері – сиыр және бие сүтінің органолептикалық, микробиологиялық және физико–химиялық көрсеткіштері жан-жақты зерттеліп, салыстырмалы түрде талданды. Алынған нәтижелерге сәйкес, сиыр сүті МемСТ талаптарына сай болғанымен, бие сүті өзінің құрылымдық және биологиялық ерекшеліктері арқылы айқын артықшылық көрсетті. Атап айтқанда, оның консистенциясы – бірқалыпты әрі сұйықтау, дәмі – ерекше нәзік, иісі – жеңіл әрі жағымды, түсі – табиғилықтың көрсеткіші ретінде ақ немесе көгілдір реңді болып сипатталды. Бұл қасиеттер биойогуртқа қажетті жұмсақ құрылым мен тартымды органолептикалық сипат береді. Микробиологиялық талдаулар барысында бие сүтінің микрофлора тұрақтылығын қамтамасыз ету қабілеті жоғары екендігі дәлелденді. Қоректік ортада өсірілген колониялардың морфологиялық сипаттамалары оның микробиологиялық сапасын айқындады. Микроскопиялық зерттеулерде сүтқышқылды ашытуға жауап беретін Lactobacillus bulgaricus және Bifidobacterium анықталып, олардың биойогурт өндірісіндегі маңызы расталды. Физико–химиялық сараптама нәтижесінде алынған үш сынаманың ішінде бірінші үлгінің қышқылдығы, майлылығы және белок мөлшері толықтай стандарт талаптарына сәйкес келіп, ең қолайлы нұсқа ретінде белгіленді. Сонымен қатар, өнімнің тағамдық және профилактикалық құндылығын арттыру мақсатында биойогурттың құрамына табиғи өсімдік қоспалары – банан және мандарин пюресі енгізілді. Банан құрамындағы табиғи қанттар мен минералдар (калий, магний, фосфор) ағзаны энергиямен қамтамасыз етсе, мандарин негізінен С және В тобы дәрумендеріне бай бола отырып, иммунитетті күшейтетін тиімді табиғи қоспа болып табылды. Жалпы зерттеу нәтижелері бие сүтіне негізделген, банан және мандаринмен байытылған биойогурттың жоғары сапалы, функционалдық қасиеттері жетілдірілген және емдік-профилактикалық маңызы бар тиімді тағамдық өнім екенін көрсетті.

83-90 17
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның дәнді дақыл шикізаты негізінде көмірсу теңгерімделген нан-бөке өнімдерін жасаудың технологиялық тәсілдерін ғылыми негіздеу нәтижелері ұсынылған. Бидай, жүгері, арпа және қарақұмықтың химиялық құрамына салыстырмалы талдау жүргізіліп, дәнді шикізатты экструзиялық және биотехнологиялық модификациялау мүмкіндіктері, сондай-ақ өнімнің көмірсу профилін реттеуге арналған функционалдық компоненттерді қолдану перспективалары зерттелді. Зерттеу нәтижесінде «Айна» сұрыпты бидайдың дән натурасы жоғары (812 г/л), құрамындағы крахмал мөлшері 49,2 %, ақуыз мөлшері 13,2 % екені анықталды. Крахмал мөлшерімен айрықша орын алатындар келесілерді атауға болады: «Монсанто» сұрыпты жүгері – 72,8%, «Қарабалық 150» сұрыпты арпа-61%, ал ақуыз мөлшері 14,6% құраса, қарақұмықтың крахмал мөлшері 68%, ақуыз мөлшері 12,5% көрсеткішке ие. Зерттелген дақылдардың химиялық және көмірсулық құрамындағы байқалған айырмашылықтар оларды көмірсулық құрамы реттелетін нан-тоқаш өнімдерін әзірлеу кезінде біріктіру мүмкіндігін негіздейді. Ресми ақпараттарды талдау нәтижесінде экструзия үдерістерінде крахмалдың құрылымының өзгеретіні, еритін тағам талшықтарының мөлшерін арттыртыны және қорыты-луы баяу көмірсу фракцияларының қалыптасуына алып келетіні анықталды. Ферментация мен ферменттік жүйелердің сәйкестендірілген әсерін қолданатын биотехнологиялық модификация көмірсулардың кезең-кезеңімен гидролизденуіне жағдай жасап, моножәне дисахаридтердің артық түзілу қаупін төмендейтіні көрсетілді. Сонымен бірге пектин мен тағамдық талшықтарды енгізу крахмалдың ферментативтік ыдырау қарқынын баяу-латып, ағзадағы глюкозалық жауаптың неғұрлым оңтайлы қалыптасуына ықпал ететіні айқындалды. Заманауи шетелдік ғылыми еңбектерді талдау функционалдық көмірсуларға бай дәнді дақылдарды қолдану, сондай-ақ экс-трузиялық өңдеу, гидроколлоидтарды пайдалану және биотехнологиялық модификация әдістерін енгізу теңгерім-ді көмірсу құрамды нан-тоқаш өнімдерін әзірлеудің басым әрі келешегі зор бағыттарының бірі екенін көрсетті.

91-99 16
Аңдатпа

Жұмыста молекулалық сутекпен байытылған қатықтың физика-химиялық, микробиологиялық және технологиялық тұрақтылық көрсеткіштері зерттелді. Зерттеу нысандары ретінде бақылау қатығы, молекулалық сутекпен өңделген қатық, функционалдық қоспалармен байытылған үлгі және молекулалық сутек пен функционалдық компоненттер бірге қолданылған қатық үлгілері алынды. Молекулалық сутек өнімге 99,99% тазалықтағы H₂ газын 0,5–1,0 л/мин жылдамдықпен 7 минут бойы 4–10 °C температура аралығында барботаждау арқылы енгізілді. Сақтау барысында белсенді қышқылдық (pH), су белсенділігі, тотығу-тотықсыздану потенциалы (ORP), түстік параметрлері және микробиологиялық көрсеткіштері анықталды. Алынған нәтижелер молекулалық сутек пен функционалдық қоспаларды бірге қолдану өнімнің қышқылдану процесін баяулатып, pH көрсеткішінің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететінін көрсетті. Сақтау соңында бақылау үлгісінде pH 3,52 деңгейіне дейін төмендесе, біріктірілген өңдеу үлгісінде бұл көрсеткіш 4,13 деңгейінде сақталды. Су белсенділігінің нәтижелері өнімдегі ылғал күйінің тұрақтануын көрсетті. ORP талдауы H₂ өңделген үлгілерде тотықсыздандырғыш ортаның қалыптасқанын анықтады: көрсеткіштер теріс диапазонда (шамамен −150-ден −350 мВ-қа дейін) тіркеліп, бақылау үлгілерінің оң ORP мәндерінен ерекшеленді, бұл тотығу процестерінің баяулағанын көрсетеді. Микробиологиялық талдау нәтижесінде біріктірілген өңдеу Enterobacteriaceae, ашытқылар мен зеңдердің мөлшерін төмендетіп, сүтқышқылды бактерияларды сақтауға мүмкіндік бергені анықталды. Аталған үлгіде Enterobacteriaceae мөлшері 5,90±0,95 log₁₀ КОЕ/г, ашытқылар мен зеңдер 6,10±0,30 log₁₀ КОЕ/г, ал сүтқышқылды бактериялар 6,65±0,20 log₁₀ КОЕ/г құрады. Зерттеу нәтижелері молекулалық сутекпен барботаждау мен функционалдық қоспаларды бірге қолдану қатықтың сақтау тұрақтылығын арттыру және сапалық көрсеткіштерін жақсарту үшін перспективалы әдіс екенін көрсетті.

100-109 19
Аңдатпа

Мақалада күлдендірілген түйе сүті мен оның туындыларының EDS-талдауs жүргізілді. ЭДС талдауының нәтижелеріне сүйене отырып, күлдендірілген түйе сүтінің, сүзбенің, құрттың және сарысудың негізгі минералды және органогенді элементтерінің құрамы анықталды. Бұл өнімдердегі негізгі макрожәне микроэлементтердің – натрий, калий, кальций, фосфор, магний, хлордың – және органогенді элементтердің – оттегі мен көміртектің – массалық үлестері анықталды. Күзгі және қысқы маусымдарда алынған түйе сүті мен оның туындыларының элементтік құрамы салыстырылды, сондай-ақ жем мен физиологиялық факторлардың элементтік профильдің қалыптасуына әсері анықталды. Түйе сүтін ашытылған сүт өнімдеріне технологиялық өңдеу кезіндегі өзгерістер де талданды және олардың адам ағзасы үшін функционалдық маңыздылығы бағаланды. Тәжірибелік деректер алынған өнімдердің минералдану деңгейінің жоғары екенін көрсетеді, бұл олардың тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Жалпы алғанда, алынған зерттеу нәтижелері түйе сүті мен оның өңделген өнімдерін халықтың әртүрлі топтары үшін функционалды және емдік тамақтануда пайдаланудың орындылығын дәлелдейді.

110-118 25
Аңдатпа

Жануар және өсімдік тектес табиғи қосылыстар адам денсаулығын сақтауда және аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Түйе сүті мен шырғанақ Hippophae rhamnoides дәстүрлі тағам өнімдері және емдік қасиеттері бар бірегей құрамға ие дәрілік заттар болып табылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары. Бұл жұмыстың мақсаты Нұра ауылы (Іле ауданы) бактериандары мен дромедарларының түйе сүтіндегі табиғи қосылыстарды кешенді зерттеу, сондай-ақ Алматы облысының Нарынқол ауылында (Райымбек ауданы) өсетін ірі жемісті және десертті шырғанақ сорттарының биохимиялық құрамына салыстырмалы талдау жасау болды. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы. Ғылыми жаңалық түйе сүтінің (ақуыздар, майлар, лактоза, ақуыз фракциялары, аминқышқылдары) және шырғанақтың (витаминдер, антиоксиданттар, флавоноидтар, каротиноидтар, органикалық қышқылдар, қанттар, серотонин) табиғи қосылыстары туралы түрлік және сорттық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа мәліметтер алу болып табылады. Сүттің химиялық құрамына, ақуыз фракцияларына, аминқышқылдарына талдау жүргізілді. Шырғанақта витаминдер, антиоксиданттар, флавоноидтар, каротиноидтар, органикалық қышқылдар, қанттар, серотонин анықталды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындылары. Түйе сүтінде негізгі табиғи қосылыстар анықталды: ақуыздар (3,4-5,2%), майлар (5,8-7,3%), лактоза (4,6-5,0%). Электрофорез әдісімен казеин фракциялары (αs, β, χ, γ) және сарысу ақуыздары (иммуноглобулиндер, сарысу альбумині, αлактальбумин, лактоферрин, лизоцим) анықталды. Аминқышқылдық талдау алмастырылмайтын аминқышқылдарының жоғары мөлшерін көрсетті (38,56-39,41 г/100 г ақуыз). Шырғанақта С дәруменінің (297 мг/100 г дейін), Е дәруменінің (6,9-8,3 мг/100 г), А дәруменінің (каротиноидтар түрінде 55,3 мг/100 г дейін); флавоноидтардың (265-346 мг/100 г); фенолдық қосылыстардың (600-795 мг/100 г); каротиноидтардың (20,055,3 мг/100 г); органикалық қышқылдардың (1,5-3,2%); қанттардың (9,6-15,0%); серотониннің (0,8-1,2 мг/100 г) жоғары мөлшері анықталды. Ірі жемісті шырғанықта (каротиноидтардың, қанттардың жоғары мөлшері) және десертті түрінде (С дәруменінің жоғары мөлшері, теңдестірілген қант-қышқыл индексі) сорттары арасындағы айырмашылықтар анықталды. Жүргізілген зерттеудің құндылығы. Алғаш рет түйе сүті мен теңіз шырғанағының табиғи қосылыстарына олардың жинақталуының түрлік және сорттық ерекшеліктерін анықтай отырып, егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңызы. Нәтижелерді функционалды тағам өнімдері мен биологиялық белсенді қоспаларды әзірлеу кезінде қолдануға болады.

119-128 16
Аңдатпа

Мақалада құнды емес балық түрлерінен жасалған балық жартылай фабрикаттарының сапасына термиялық өңдеудің әртүрлі әдістерінің әсерін кешенді зерттеу нәтижелері келтірілген. Жұмыстың өзектілігі бағалы кәсіптік балық түрлері қорларының қысқаруы, сондай-ақ қол жетімді және функционалды толыққанды балық өнімдерінің ассортиментін кеңейту жағдайында жеткіліксіз игерілген су биоресурстарын ұтымды пайдалану қажеттілігіне байланысты. Зерттеу нысаны пеште пісіру, бу конвектоматында өңдеу, дәстүрлі қуыру және бумен пісіру арқылы дайындалған балық жартылай фабрикаттары болды. Сонымен қатар, тағамдық қоспалардың — розмарин сығындысы мен натрий цитратының-өнімнің антиоксиданттық қасиеттеріне, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштеріне әсері зерттелді. Сапаны бағалау органолептикалық көрсеткіштер (дәмі, иісі, түсі, консистенциясы, сыртқы түрі), суда және майда еритін антиоксиданттардың белсенділігі, рН көрсеткіштері, майдың қышқылдық мөлшері және мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің саны бойынша жүргізілді. Термиялық өңдеу әдісі балық жартылай фабрикаттарының тұтынушылық қасиеттерін қалыптастыруға айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Ең жоғары органолептикалық бағалауды қуырылған және пісірілген өнімдер алды, ал минималды мәндер буға пісірілген өнімдерге тән. Қоспаларды қолдану сенсорлық өнімділіктің жақсаруына әкелмеді және кейбір жағдайларда олардың аздап төмендеуімен бірге жүрді. Сонымен қатар, қоспалар майдың қышқылдық мөлшерін азайтуға және майда еритін антиоксиданттардың сақталуына ықпал етті, бұл тотығу процестерінің баяулауын көрсетеді. Микробиологиялық талдау қарқынды термиялық өңдеу режимдерінде қоспалардың ең жоғары тиімділігін көрсетті.

129-141 18
Аңдатпа

Қазіргі заманғы нутрициология мен тағам биотехнологиясының басты басымдықтарының бірі – халықтың тұтыну рационындағы қант мөлшерін азайту және өнімдердің функционалдық құндылығын арттыру болып табылады. Ұсынылған зерттеудің мақсаты – құрамындағы қантты азайту және тағамдық құндылығын арттыру үшін сусындарға стевия концентраттарын қолдану мүмкіндігін зерттеу. Мақалада Stevia rebaudiana Bertoni өсімдігінің концентраттарымен байытылған функционалды сусындарды әзірлеу және олардың сапасын кешенді бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында стевия жапырақтарынан биологиялық белсенді заттарды бөліп алудың түрлі әдістері салыстырылып, 40% және 80% этанолды қолдана отырып жүргізілген сатылы экстракцияның жоғары тиімділігі дәлелденді. Су-спирттік сығындылар мен олардың негізіндегі концентраттарды алу технологиялық схемасы көрсетілген. Органолептикалық көрсеткіштерді сақтай отырып, сусындар құрамындағы қант мөлшерін 50%-ға төмендетудің технологиялық мүмкіндігі негізделді. Тәжірибелік үлгілерде аскорбин қышқылының мөлшері бақылау нұсқаларымен салыстырғанда 2,5-3 есе артып, 14,1 мг/100 мл-ге жетті. Микробиологиялық және токсикологиялық зерттеулер өнімнің толық қауіпсіздігін, ал 6 айлық мониторинг оның сақтау кезіндегі тұрақтылығын растады. Стевия концентраттарымен байытылған әзірленген сусындар қазіргі нутрициология талаптарына сай келетін бәсекеге қабілетті функционалды өнімдер болып табылады.

142-152 12
Аңдатпа

Мақалада сәбіз, картоп және асқабақ сияқты өсімдік текті компоненттер қосылған жылқы еті негізіндегі шұжық нанының рецептурасын әзірлеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – құрамдастырылған ет-өсімдік өнімінің рецептурасын әзірлеу және өсімдік текті шикізатты 20 және 30% мөлшерінде қосудың дайын өнімнің физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне әсерін бағалау. Зерттеу барысында өсімдік компоненттері қосылмаған бақылау үлгісі және екі тәжірибелік нұсқа салыстырылды. Өсімдік текті шикізатты енгізу өнімдегі ылғалдың массалық үлесі мен тағамдық талшықтар мөлшерінің артуына, сонымен қатар майдың массалық үлесінің төмендеуіне ықпал ететіні анықталды. Тәжірибелік үлгілердегі тағамдық талшықтар мөлшері өсімдік шикізаты 20% қосылғанда шамамен 5%, ал 30% қосылғанда шамамен 8% құрады. Органолептикалық бағалау нәтижелері бойынша тәжірибелік үлгілер арасында ең жоғары көрсеткіштер 20% өсімдік шикізаты қосылған нұсқада анықталды. Алынған нәтижелер жылқы еті негізіндегі құрамдастырылған ет-өсімдік өнімдерін өндіруде сәбіз, картоп және асқабақты пайдаланудың перспективалылығын көрсетеді және ет өнімдерінің рецептурасын жетілдіруде қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерін айтарлықтай төмендетпей, оның тағамдық құндылығын арттыру мүмкіндігін көрсетеді.

153-159 15
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның екі өңірі Батыс Қазақстан (Атырау облысы) және Шығыс Қазақстан (Рудный Алтай аумағы) нарықтарында сатылатын сиыр, қой және жылқы етінің тағамдық құндылығына салыстырмалы бағалау жүргізілген. Аймақтар арасындағы елеулі айырмашылықтар анықталды: Батыс Қазақстандағы ет ақуыз, кальций, фосфор және темір мөлшерінің жоғары болуымен сипатталады, ал Шығыс аймақтағы етте бұлшықет ішіндегі май, мырыш, марганец және Е дәрумені мөлшері жоғары болды. Ақуыз мөлшері бойынша ең жоғары көрсеткіш (24,21±0,21 %) Батыс Қазақстан сиыр етінде анықталды. Майдың ең жоғары мөлшері (4,91±0,09 %) Шығыс Қазақстан қой етінде тіркелді. Зерттелген ет түрлерінің ішінде ең жоғары энергетикалық құндылық (132,1−133,4 ккал/100 г) сиыр етінде байқалды. Батыс өңір үлгілерінде кальций мөлшері жылқы етінде 22,4±0,7 мг/100 г-ға, фосфор сиыр етінде 130,6±3,9 мг/100 г-ға, ал темір мөлшері сиыр етінде 2,55±0,08 мг/100 г-ға дейін жетті. Шығыс өңірде мырыштың (жылқы етінде 3,13±0,09 мг/100 г дейін) және марганецтің (сиыр және жылқы етінде 0,110±0,003 мг/100 г дейін) жоғары концентрациялары анықталды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанның жылқы етінде α-токоферолдың жоғары мөлшері (0,765±0,023 мг/100 г), ал Батыс Қазақстанның қой етінде В3 дәруменінің жоғары деңгейі (11,040±0,331 мг/100 г) тіркелді. Алынған мәліметтер аймақтық табиғи және геохимиялық жағдайлардың ет өнімдерінің тағамдық профилін қалыптастыруға елеулі әсер ететінін көрсетеді және ақуыз, макрожәне микроэлементтер мен дәрумендерге деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін сиыр еті, қой еті және жылқы етін күнделікті рационға қосуды ұсынуға мүмкіндік береді. Нәтижелерді рационалды және профилактикалық тамақтану бойынша өңірлік бейімделген ұсынымдар әзірлеуде, сондай-ақ азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінде қолдануға болады.

160-164 23
Аңдатпа

Мақалада функционалды тамақтану индустриясы үшін шикізат базасы ретінде пайдалану контексінде өрік (Prunus armeniaca L.) жемістерінің нутриенттік профилі мен биологиялық құндылығына кешенді ғылыми-теориялық талдау жүргізілген. Шикізат құрамындағы мақсатты биокомпоненттер, соның ішінде пектинді заттар мен минералды матрикс сипатталған. Әлеуметтік-айтарлықтай (алиментарлы-тәуелді) аурулардың даму қаупін азайтудағы өрік компоненттерінің биокоррекциялық рөлі негізделген. Жемістердің термолабильді қосылыстарын өнеркәсіптік өңдеу кезінде туындайтын технологиялық кедергілер қарастырылып, дайын функционалды өнімдерде олардың нативті (табиғи) биологиялық құндылығын сақтаудың перспективалы бағыттары ұсынылған. Жұмыстың өзектілігі жергілікті сорттардың тағамдық құндылығы туралы мәліметтерді олардың экспорттық әлеуеті мен өнеркәсіптік өңделуі контексінде жүйелеу қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу объектісі ретінде Гулистон қаласының Ұлттық паркі (Соғды облысы) аумағында іріктелген өрік үлгілері алынды, бұл ерекше жағалаулық микроклиматтың жемістердің биохимиялық құрамына әсерін ескеруге мүмкіндік берді. Жұмыс барысында ең көп таралған және экономикалық тұрғыдан маңызды үш помологиялық сорттың көпфакторлы органолептикалық және физика-химиялық талдауы жүргізілді, соның ішінде «Кандак» сорты бар. Зерттеу бейінді сенсорлық талдауды, қант-қышқыл индексін анықтауды және рефрактометриялық әдіспен құрғақ заттардың мөлшерін өлшеуді қамтитын қазіргі заманғы бағалау әдістеріне негізделген. Авторлар сорттардың генетикалық ерекшеліктері мен олардың табиғи дегидратациядан (кептіруден) кейінгі тауарлық көрсеткіштері арасындағы корреляциялық тәуелділікті егжей-тегжейлі сипаттаған.

165-174 16
Аңдатпа

Агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуымен және функционалды ет өнімдеріне деген сұраныстың артуымен жануарлардан алынатын шикізатты, әсіресе құс өнімдерін өңдеу технологияларын жетілдіру ерекше маңызды бола бастады. Соңғы жылдары функционалдық-технологиялық қаситеттері жақсартылған ет өнімдеріне сұраныс артуына байланысты, қайталама шикізаттарды қайта өңдеуде иновациялық -технологиялық шешімдерді енгізуді және ұтымды пайдалануды қажет етеді. Бұл зерттеудің мақсаты тауық етінің субөнімдеріне негізделген ақуыз-май эмульсиясының рецептурасын жасау және оны ет паштеттерін өндіруде қолдануды негіздеу болды. Зерттеудің әдістемелік негізін химиялық құрамын, физика-химиялық және функционалдық-технологиялық қасиеттерді анықтаудың эксперименттік әдістері, май қышқылдарының құрамын талдау және ет паштеттерін органолептикалық бағалау құрады. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығы қайталама құс өнімдерін тиімді пайдалану, дайын өнімдердің өнімділігін арттыру және олардың құрылымдық-механикалық қасиеттері мен биологиялық құндылығын жақсарту. Бұл мақалада тауықтың терісі, қарны және жүрегінен алынған субөнімдер массасы негізінде ақуыз-май эмульсиясын алу технологиясы ұсынылған. Ақуыз-май эмульсиясын ет паштетіне қосу ылғалдылықтың 5,78%-ға және күлдің 0,87%-ға төмендеуіне, майдың 5,65%-ға және ақуыздың 1%-ға артуына әкелетіні анықталды. Ет паштетінің құрамына ақуызмай эмульсиясын қосу эмульгаторлық қабілетті арттырды, жүйенің тұрақтылығын арттырды, жылу шығынын азайтты және өнімнің консистенциясын жақсартты. Бұл нәтижелер ет паштеттеріне құс етінің субөнімдерінен алынған ақуыз-май эмульсияларын қосу паштеттердің технологиялық және биологиялық құндылығын арттыру үшін пайдалану мүмкіндігін растайды.

175-183 17
Аңдатпа

Мақалада алмұрт, қара қарақат және облепиха ұнтақтары негізінде әзірленген «Темтас» функционалдық қоспасының бидай нанының технологиялық процесін қарқындау және сапалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты дәрумендерге, минералдық заттарға және антиоксиданттарға бай жеміс-жидек шикізатының ашыту, қышқылдықтың жиналу үдерісіне, қамырдың құрылымдық-механикалық қасиеттерінің қалыптасуына және нан-тоқаш өнімдерінің тағамдық құндылығына әсерін бағалау болды. Эксперименттік зерттеулер қоспаны ұн салмағына шаққанда 5-10 % мөлшерінде енгізу арқылы қамырды опаралы және опарасыз тәсілдерімен дайындау кезінде жүргізілді. Функционалдық қоспаның ашыту мен қамырдың жетілу үдерістерін жеделдететіні, жартылай фабрикаттардың қышқылдығын арттыратыны және технологиялық процестің ұзақтығын 30 %-ға дейін қысқартатыны, сонымен қатар ашытқы шығынын және пісіру температурасын төмендейтіні анықталды. Нанның меншікті көлемі, кеуектілігі, жұмсақ ортасының серпімділігі және кешенді органолептикалық көрсеткіштері жақсарғаны байқалды. Зерттеу нәтижелері бойынша темір тапшылығы анемиясының профилактикалық қасиеті бар «Керемет» нанының рецептурасы мен технологиясы жасалды, өйткені оның құрамында нанның бақылау үлгісіне қарағанда сіңімді табиғи темір минералы көп. «Темтас» функционалдық қоспасын ұнтақ түрінде тасымалдау және сақтау ыңғайлылығын ескере отырып, функционалдық мақсаттағы нан-тоқаш қнімдерін қндіру үшін өнеркісптік қолдануда ыңғайлы, үнемді және ол дұрыс тамақтану қағидаттарына, адамның физиологиялық қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

184-188 13
Аңдатпа

Тау туризмі жағдайында киім бір мезгілде төмен температураға, желге, атмосфералық жауыншашынға және механикалық жүктемелер кешеніне (созылу, иілу, бұралу, тозу) ұшырайды, олар циклдік сипатта болады және өнімнің аймақтарына біркелкі бөлінбейді. Жұмыста сыртқы пайдалану факторларының (температура, ылғалдылық, дымқыл салқындату және мұздату, жел және абразивті жүктеме) және ішкі факторлардың (жылу өнімдерінің деңгейі, терлеу, қозғалыс динамикасы, жергілікті қысым) жиынтығын ескере отырып, тау туристері үшін киім материалдарының пакеттерін (қабық – оқшаулау – төсеу) таңдау әдісі ұсынылған. Әдіс жұмыс жүктемелерінің түрлері бойынша киімнің құрылымдық элементтерін аймақтарға бөлуге және эксперименталды түрде анықталған көрсеткіштерді қамтитын таңдаудың көп өлшемді матрицасын қолдануға негізделген: циклдік жүктеме кезіндегі қалдық деформация, құрғақ және ылғалданған кезде перпендикуляр қысу кезіндегі оқшаулаудың реологиялық сипаттамалары, сондай-ақ созылу, бұралу және тозудың бірлескен әсерінен материалдар пакеттерінің шаршауға төзімділігі. Нәтижелер ылғалдандыру және климаттық жағдайлардың кейінгі әсері оқшаулаудың деформациялық қасиеттерін айтарлықтай өзгертетінін көрсетеді: табиғи материалдар қаттылықтың өсуімен сипатталады, ал синтетикалық оқшаулау тұрақты өнімділік сипаттамаларын сақтайды. Thinsulate негізіндегі синтетикалық оқшаулау пакеттері шынтақ бүгілу аймағында минималды қалдық деформацияға және шаршауға төзімділіктің жоғарылауына ие екендігі анықталды, бұл оларды тау туризмі үшін киімде ұтымды қолдануды негіздейді.

189-194 15
Аңдатпа

Мақалада жіп өндіруге арналған технологиялық машиналар кешенін қамтитын жүн камвольді жабдықта өңдеу кезінде қысқа зығыр және қарасора (кендір) талшығының технологиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зығыр-жүн және қарасора-жүн жіптерін өндіру технологиясы әзірленіп, тәжірибелік түрде апробацияланған, оған талшықтық қоспаларды дайындау, тарау және камвольдік жүйе бойынша иіру кезеңдері кіреді. Алынған иірімжіптердің физика-механикалық көрсеткіштері салыстырмалы түрде талданған, иіру процесінде үзілуі бағаланған және технологиялық бұзылулардың негізгі себептері анықталған. Процестің тұрақтылығына және жіп сапасына әсер ететін негізгі факторлар анықталған. Талшықтарды дайындаудың оңтайлы параметрлері белгіленіп, бұл технологиялық процестің тұрақты өтуін, үзілу санын азайтуды және иірімжіптің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Зерттеудің өзектілігі Қазақстанның тоқыма өнеркәсібі үшін шикізат базасын кеңейту және жергілікті өсімдік талшықтарын жұқа жүн тапшылығы жағдайында тиімді пайдалану қажеттілігімен анықталады. Зығыртекті талшықтарын жүнмен қоспаларда өңдеу тиісті алдын ала өңдеу және өңдеу режимдерін оңтайландыру арқылы мүмкін екені көрсетілген. Зығыр-жүн қоспасы технологиялық тұрақтылығы жоғары және беріктік көрсеткіштері жақсарғанын көрсетті. Алынған нәтижелер зығыртекті талшықтарын камвольдік өндірісте қолданудың перспективтілігін растап, отандық тоқыма шикізатын дамытуға ықпал етеді.

195-203 21
Аңдатпа

Тігін өндірісінде фурнитура таңдауы бұйымның сапасына тікелей әсер етеді, бірақ қай материал қай жағдайда тиімді екені өндірісте көбінесе тәжірибе арқылы ғана анықталады. Осы жұмыста құйылмалы металл фурнитурасының дайындалу технологиялары мен киімдегі қолданысы қарастырылды. Болат, жез, титан, мырыш және қола механикалық беріктік, салмақ және коррозияға төзімділік бойынша өзара салыстырылды. Әрқайсысының тігін өндірісіндегі қолайлы және қолайсыз жақтары жеке сараланды: мысалы, жез өңдеуге жеңіл және арзан болса, титан жеңілдігі мен беріктігін ұштастырып, гипоаллергенді қасиетімен ерекшеленеді. Өндіріс кезеңдері: қалыпқа құю, механикалық өңдеу, штамптау, эмальдау, электролиздік қаптама және жылтырату өндірістік жабдықпен орындалу тұрғысынан талданды, қолданылған техника кестеде топтастырылды. Металды матаға бекіту кезінде туындайтын нақты мәселелер  талшық зақымдануы, салмақ теңгерімінің бұзылуы, беттік ақаулар, қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздік  өндірістік мысалдар арқылы айқындалды. Никель мен алтын тұнбасына негізделген гальваникалық қаптаудың тотығуға қарсы тиімділігі зерттеу барысында анықталды. Ұнтақты бояу гальваникамен салыстырылып, механикалық беріктік пен түс алуандығы жағынан артықшылықтары байқалды, бірақ жұқа қаптамаларда соққыдан жарылу тіркелді. Фурнитура таңдауда матаның түрін, бұйымның тағайындалу мақсатын және өзіндік құнды да ескеру қажет екені жұмыс барысында айқын болды.

204-215 18
Аңдатпа

Бұл мақалада жеңіл өнеркәсіптің эко-цифрлық трансформациясы аясында тоқыма және тігін өндірісін интеграциялаудың әдіснамалық негіздері қарастырылады. Зерттеу мата құрылымының, үлгіні қайталаудың және киім конструкциясының үйлесімді дизайнына бағытталған «тоқыма материалы киім» жүйесіне бағытталған. Мақсат ресурстарды үнемдеуге және жекешелендіруге бағытталған өнім дизайны үшін бірыңғай сандық ортаны құру тәсілдерін негіздеу. Бұл зерттеу Өзбекстандағы тоқыма өнеркәсібінің стратегиялық даму мақсаттары мен цифрландыру мен тұрақты өндіріске бағытталған жаһандық үрдісті ескере отырып өзекті. Әдістеме жүйелік тәсілге, ақпараттық модельдеу теориясына, үлгі құрамына және сандық мата мен киім дизайны бойынша отандық және халықаралық зерттеулерді талдауға негізделген. Нәтижелер киім бөлшектерінің конфигурациясын негізгі геометриялық пішіндермен салыстыру, үлгіні қайталау мен конструкцияны үйлестіру факторларын ресімдеу және киімге арналған CAD жүйелерін әзірлеуге қойылатын талаптарды тұжырымдау арқылы алынады. Мақалада ұсынылған нәтижелер күрделі үлгі қайталанатын маталардан, ең алдымен жаккардтардан киімдерді жобалауға арналған интеграцияланған CAD шешімдерін әзірлеуде, сондай-ақ киім дизайны мен құрылысы бойынша білім беру бағдарламаларында пайдаланылуы мүмкін. Мақалада мата құрылымының, үлгінің және киім құрылысының үйлестірілген сандық дизайнына көшу тоқыма және киім өнеркәсібінің ресурстарды үнемдейтін, инновациялық дамуының негізгі шарты болып табылатыны туралы қорытынды негізделеді.

216-222 13
Аңдатпа

Бұл мақала қайта өңделген джинс матасынан жасалған бұйымдардың дизайн және сапа параметрлерін кешенді бағалауға арналған. Зерттеудің өзектілігі қазіргі жеңіл өнеркәсіпте тұрақты даму қағидаларына қызығушылықтың артуымен және тоқыма қалдықтарын ұтымды пайдаланудың маңыздылығымен байланысты. Жұмыста өндірістік қалдықтар мен пайдаланудан шыққан джинс материалдарынан алынған екінші реттік шикізат негізінде жасалған киім, аксессуарлар және интерьер бұйымдары қарастырылды. Үлгілерді әзірлеу барысында әртүрлі дизайнерлік шешімдер қолданылды, соның ішінде құрақ техникасы (пэчворк), аппликация және талшықты толтырғыштарды пайдалану. Үлгілерді бағалау беріктік сипаттамалары, материалдың пішінді сақтау қабілеті, тозуға төзімділігі, эстетикалық қасиеттері және эргономикалық параметрлерін қамтитын көрсеткіштер кешені негізінде жүргізілді. Талдау стандартталған сынақ әдістері мен салыстырмалы талдау арқылы орындалды. Зерттеу нәтижелері қайта өңделген джинс шикізатын материал құрамында 50 %-ға дейін пайдалану бұйымдардың негізгі сапа көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуіне әкелмейтінін көрсетті. Керісінше, креативті дизайнерлік шешімдерді қолдану өнімнің эстетикалық тартымдылығын арттырады. Жалпы алғанда, қайта өңделген денимнен жасалған бұйымдардың пайдалану сипаттамалары жеткілікті деңгейде екені және олардың экологиялық бағытталған заманауи тоқыма өнімдері нарығында табысты бәсекелесе алатыны анықталды.

223-232 16
Аңдатпа

Бұл мақалада су спорт түрлерінің жіктемесін әзірлеуге негізделген гидрокостюм дизайнына әдістемелік тәсілдерді әзірлеу қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты су спорт түрлерінің нақты қажеттіліктеріне бейімделген, сенімділік пен қорғаныс қасиеттерін арттыра отырып, жайлылық пен өнімділікті жақсарта отырып, инновациялық, арнайы гидрокостюмдер жасау. Зерттеу эргономика мен динамикалық сәйкестікті ескеретін гидрокостюм компоненттерінің ұтымды дизайнын жасау арқылы киюшіні сыртқы факторлардан қорғауға бағытталған "адам-гидрокостюм-су ортасы" жүйесіне бағытталған. Мақалада су ортасының сипатын, оның басқарылу дәрежесін, температура параметрлерін және қорғаныс құралдарына қойылатын талаптарды ескере отырып, су спорт түрлерінің жүйелі жіктелуі ұсынылады. Спорт түрі мен гидрокостюм сипаттамаларын (неопрен қалыңдығы, дизайны және міндетті пайдалану шарттары) байланыстыратын модель әзірленген. Гидродинамикалық өзгергіштігі максималды және жылу қорғау талаптары жоғары спорт түрі слалом су спортына ерекше назар аударылады. Жабдықты таңдаудың температура диапазонына, ток жылдамдығына және жел жағдайларына тәуелділігі дәлелденген. Ұсынылған жіктеуді қорғаныс қасиеттері жақсартылған гидрокостюмдердің жаңа түрлерін әзірлеуде, сондай-ақ спортшыларды дайындауда, нормативтік талаптарда және жаттығу логистикасын жетілдіруде пайдалануға болады.

233-240 14
Аңдатпа

Бұл ғылыми жұмыста түзу тігісті қайықты тігін машинасының негізгі жұмыс механизмдерінің фазалық өзара байланысын диагностикалау мәселелері қарастырылады. Зерттеу TYPICAL GC6150 тігін машинасы мысалында жүргізілген. Қазіргі жеңіл өнеркәсіп саласында тігін жабдықтары жоғары жылдамдықта және үздіксіз жұмыс істейтіндіктен, иненің, қайықтың, жіптартқыштың және материалды жылжыту механизмінің қозғалыстарының дәл фазалық сәйкестігі тігіс сапасы мен жабдықтың сенімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Фазалық арақатынастардың бұзылуы тігістердің өткізіліп алынуына, жіптің үзілуіне, тігін операцияларының тұрақсыз орындалуына және механизмдердің жедел тозуына әкеледі. Жұмыста микрокамералар мен жұмыс циклі циклограммаларын бірлесіп қолдануға негізделген диагностикалау әдісі ұсынылған. Микрокамералар тігін машинасын толық бөлшектемей-ақ, қол жеткізуі қиын аймақтарда өтетін жылдам үрдістерді нақты уақыт режимінде және баяу түсіру арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Алынған бейнематериалдар негізінде диагностикалық оқиғалардың фазалық және уақыттық параметрлері анықталып, эксперименттік циклограммалар құрылады. Ұсынылған әдіс ақауларды ерте кезеңде анықтауға, жабдықты реттеу мен жөндеу уақытын қысқартуға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы әзірленген әдісті тігін жабдығына техникалық қызмет көрсету жүйесінде, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің оқу-ғылыми зертханаларында қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

241-251 14
Аңдатпа

Мақалада табиғи және боялған жүннің құрылымдық өзгерістері Фурье-инфрақызыл спектроскопия әдісімен салыстырмалы талдауы ұсынылған. Зерттеу нысандары ретінде боялмаған ақ және қоңыр жүн үлгілері, сондай-ақ қызғылт және ақшыл-көк бояулармен боялған жүн қолданылды. Жұмыстың мақсаты бояу процесінің α-кератиннің соңғы құрылымына және дисульфидті байланыстардың жағдайына әсерін бағалау болды. Боялмаған үлгілер үшін кератиннің α-спиральды конформациясы сақталғаны анықталды, бұл Amide I жолағының 1631–1643 см⁻¹ аралығында орналасуымен және 528–561 см⁻¹ аймағындағы тұрақты S–S байланыстарының болуымен расталды. Ақ және қоңыр жүн арасында айтарлықтай айырмашылықтар анықталған жоқ. Бояудан кейін Amide I жолағының 1625,99 см⁻¹-ге дейін ығысуы байқалады, бұл кератин құрылымының ішінара өзгергенін көрсетеді. Сонымен қатар, қызғылт бояу орташа әсер етсе, ал ақшыл-көк бояу айқын құрылымдық өзгерістерге әкеледі, бұл дисульфидтік байланыстардың тотығуымен және 1055 см⁻¹-де сульфон қышқылының жолағының пайда болуымен қатар жүреді. Зерттеу нәтижелері бояудың химиялық табиғаты кератин матрицасының деградация дәрежесін анықтайтынын растайды. Фурье-ИК спектроскопия әдісі технологиялық өңдеу кезінде жүн талшықтарының құрылымдық тұтастығын бақылау үшін ұсынылуы мүмкін.

252-259 29
Аңдатпа

Мақалада сән индустриясындағы киім дизайн-жобалаудың негізгі аспектілері қарастырылады, 3Dдизайнды, жасанды интеллектіні және виртуалды киімді қолдануға ерекше назар аударылады. Шағын және орташа сериялы өндіріс тұрғысынан дәстүрлі өндіріс пен цифрлық 3D-процестің негізгі айырмашылықтары талданады. Зерттеудің басты идеясы – орнықты жобалаудың және цифрлық құзыреттердің маңыздылығын көрсету. Зерттеу барысында салыстырмалы-талдамалық әдіс, кейс-талдау, контент-талдау, сипаттамалық әдіс және жүйелеу әдісі қолданылды. Зерттеудің өзектілігі жобалау тиімділігін арттыру, шығындарды қысқарту және орнықты өндірісті дамыту мақсатында сән индустриясына цифрлық технологияларды енгізу қажеттілігімен айқындалады. 3D-дизайн мен виртуалды киімді пайдалану, әсіресе цифрландыру және экологиялық сын-қатерлер жағдайында, fashion-саласын жаңғыртудың маңызды бағытына айналуда. Цифрландырудың экологиялық әлеуетіне, атап айтқанда жобалау кезеңінде физикалық прототиптер мен тоқыма қалдықтарының санын азайтуға мүмкіндік беретін қырларына ерекше көңіл бөлінеді. Аталған технологияларды енгізу Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаһандық инновациялық үрдістерге интеграциялануды жеделдетуге және болашақта сән индустриясының орнықты дамуы үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

260-266 14
Аңдатпа

Мақалада текстиль материалдарына әрлеудің соңғы кезеңдерінде отқа төзімді қасиеттер беру технологиясын әзірлеу бойынша деректер ұсынылған. Текстиль материалдарының функционалдылығын арттыруға, жанғыштығын төмендетуге және термиялық төзімділігін жоғарылатуға ықпал ететін антипирендер мен текстильге арналған көмекші заттарды қолдана отырып, тиімді өңдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ, технологиялық процестерді интенсификациялаудың заманауи химиялық және физикалық әдістерін пайдаланумен қамтамасыз етілген. Текстиль материалдарын өңдеу бойынша қажетті отқа төзімділік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, маталардың физика-механикалық қасиеттерін сақтауға бағытталған технологиялық шешімдер әзірленді. Жұмыс ерітінділерін дайындаудың оңтайлы параметрлері таңдалды: антипирендердің концентрациясы, компоненттердің арақатынасы, температурасы және өңдеу ұзақтығы. Өңделген материалдардың сапалық сипаттамалары, оның ішінде отқа төзімді жабынның біркелкі жағылуы мен бекітілуі, тұтанғыштықтың төмендеу тиімділігі, сондай-ақ, физика-механикалық көрсеткіштердің өзгеруі зерттелді. Текстиль талшықтарының бетінде және құрылымында отқа төзімді заттардың тұрақты бекітілуін қамтамасыз ететін өңдеу әдістері ұсынылды. Әзірленген технологияны енгізу өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін жақсарту арқылы текстиль материалдарының сапасын арттыруға, эксплуатациялық және гигиеналық қасиеттерін сақтауға, сондай-ақ, энергия шығынын және өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері табиғи, химиялық талшықтардан және олардың қоспаларынан жасалатын, берілген отқа төзімділік сипаттамалары бар заманауи текстиль материалдарын өндірудің технологиялық процестерін әзірлеуде, соның ішінде арнайы, қорғаныш, техникалық және тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін қолданылуы мүмкін.



ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)