№ 1 (2020)
ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
5-10 357
Аңдатпа
Жұмыста поливинилпирролидон (ПВП), бензой қышқылы және поливинилацетат негізіндегі мақта матасын антимикробтық және гидрофобтық өңдеуге арналған жаңа композиция алу қарастырылған. Жаңа композицияны пайдаланудың артықшылығы - қолданылатын препараттардың қол жетімділігі, сондай-ақ технологиялық процестің қарапайымдылығы - өңдеу плюсовкамен жабдықталған және кептіру, термоөңдеу процестерін қамтитын кез келген кептіру-керу машинасында жүзеге асырылады. Алынған композициялық препараты салыстырмалы түрде арзан, экологиялық қауіпсіз, дымқыл өңдеулерге төзімді. Өңделген матаның биобұзылысқа тұрақтылығы өңделмеген үлгімен салыстырғанда 1,5 есеге артқандығын, осы көрсеткіштің 102%-ға дейін көтерілуі дәлелдеді. Сондай-ақ ұсынылған аппретпен өңделген матаның капиллярлық көрсеткіші өңделмеген үлгімен салыстырғанда 1,6 есеге төмендегені анықталды. Сонымен қатар ұсынылған өңдеу тәсілі матаның үйкеліске тұрақтылығын 1,6 - 2,2 есеге, жыртылу жүктемесіне беріктігін 1,1 - 1,3 есеге арттыратыны белгілі болды.
10-14 454
Аңдатпа
Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың үздіксіз шығуын және жинақталуын жою, даулы экологиялық және экономикалық мәселе болып табылады. Осыған байланысты қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ғылыми зерттеулер және өндірісте пайдалануды талдау өзекті мәселе болып отыр. Мақалада жүн және мақта қалдықтары талшықтарынан алынған бейматаларды өңдеу және өндіру, сондай-ақ қоспалардың құрамындағы талшықтардың тиімді пайыздық арақатынасын анықтау туралы мәліметтер ұсынылады. Оңтайлы талшықты композицияны құру үшін жүннен және мақта талшығынан алынған әр түрлі пайыздық қатынастағы бейматалдың тәжірибелік үлгілері әзірленді. Үлгілердің физико-механикалық және тұтынушылық қасиеттерін зерттеу нәтижесінде оңтайлы 3 нұсқа таңдалды.
14-18 417
Аңдатпа
Мақалада бидай астығының улылық деңгейін анықтауға, өлшеу дәлдігін және алынған нәтижелердің сенімділігін арттыруға, нәтижелерді өңдеудің қарапайымдылығын қамтамасыз етуге және бидай астығының одан әрі бүлінуінің алдын алуға және оның сапасын төмендетпей сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешім бидай астығының шірік саңырауқұлақтармен зақымдану дәрежесін анықтаудың тәсілі сипатталған. Шірік саңырауқұлақтары бидай астығының өнімділігін төмендетеді, астық және астық өнімдерінің сапасын төмендетеді, ал астық шикізатының санитарлық жағдайын жақсарту өзекті мәселе болып табылады. Әзірленген әдіс талдау жүргізу шығындарын 300-320 рубльге азайтуға, талдау уақытын 20-25 минутқа қысқартуға, өлшеудің ықтимал қателігін 10% - ға азайтуға мүмкіндік береді.
18-23 313
Аңдатпа
Мақалада ешкі сүтін сақтау кезінде температураның технологиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге және екі сатылы термиялық өңдеудің биотехнологиялық көрсеткіштерге әсер ету нәтижелері берілген. Мақаланың практикалық маңыздылығы - 60, 65, 70°С температуралық режимдер сүттің негізгі физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін сақтайды, сүттің микробиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді және 72 сағатқа дейін сақтау кезінде оның сапасын төмендетпейді.
23-31 346
Аңдатпа
Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы тоқыма кәсіпорындарында ағынды суларды тазартудың «жасыл» технологиясын алу үшін натрий қатты ферратын капсулалау арқылы тұрақтандыру әдісін әзірлеуден тұрады. Мақалада тоқыма өнеркәсібіндегі фенол мысалында органикалық заттардан ағынды суларды тазарту технологиясында натрий ферратын пайдалану мүмкіндіктері зерттелген. Гексан, этилцеллюлоза және парафинді пайдалана отырып, капсулаланған ферратты алу технологиясы көрсетілді; ауада және сілтілі ерітіндіде капсулаланған натрий ферратының тұрақтылығы анықталды; фенолдан модельдік ерітіндіні тазалау кезінде капсулданған натрий ферратын пайдалану тиімділігі бағаланды, фенолдың капсулаланған натрий ферратымен модельдік ерітіндісінде ыдырау тиімділігі бағаланған, ферратиондардың су ерітіндісінде фенолмен әрекеттесуі реакциясының жылдамдығы 6-дан 10-ға дейінгі рН диапазонында тұрақтылары табылды. Ерітіндінің рН ұлғаюымен фенолдың ыдырау дәрежесі төмендейді. Феррат-иондарды пайдалана отырып, суды фенолдан тазартуда рН = 6,5 мәні ең оңтайлы болып табылады.
32-36 484
Аңдатпа
Мақалада поливинил спиртінің тұрақтандырғышының қатысуымен сулы ортадағы мырыш оксидінің нанобөлшектерін синтездеу әдістері сипатталған. Электрондық сканирлеу микроскопиясының көмегімен әр түрлі құрылымдағы мырыш оксиді нанобөлшектері түзілетіндігі көрсетілді. Мырыш оксидінің нанобөлшектерімен целлюлоза материалдарын өңдеу үшін оңтайлы жағдайлар жасалды. Мырыш оксиді нанобөлшектерімен түрлендірілген целлюлоза материалдарының бактерияға қарсы қасиеттері зерттелді. Мырыш оксиді нанобөлшектерімен модификацияланған целлюлоза материалдарының бактериялар мен зеңді саңырауқұлақтарға антибактериялды белсенділігі бар екендігі көрсетілді.
36-39 388
Аңдатпа
Мақалада, бақша дақылдарынан яғни қауыннан пектин бөліп шығару. «Торпеда» сорты қауын сығындыларынан құрамында пектин бар сығынды алу үшін технологиялық режимдерді (гидромодульді, температураны) зерделеу кезінде ферментті препаратты енгізер алдында 48-500С температурада 12-15 сағат бойы шикізаттың суда алдын ала ісінуін жүзеге асырады. «Торпеда» қауын сортының құрамында пектин бар сығынды алудың технологиялық режимдерін ферменттік тәсілмен өңдеу үшін, алдымен оңтайлы параметрі: температуралық режим және пектинсинсты алу үшін гидромодуль өңделді.
39-44 404
Аңдатпа
Сұрыпты бидай ұндарының құрамында тағамдық талшықтардың аз мөлшерде кездесетінін ескере келе бұл жұмыстың мақсаты тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары тағамдық талшықтарға байытылған бидай нанының рецептурасын және технологиясын жасау. Қоспа қосылған бидай нанының барлық сапа көрсеткішері бойынша стандарттық талаптарға сай келетін 20% зығыр ұны және 0,5% тағамдық талшық ұнтағы қосылған үлгі анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша осы үлгінің ақуыз мөлшері жоғары, тағамдық қауіпсіздігі жағынан сапалы нан екендігі дәлелденді.
44-50 728
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ бактриан тұқымды түйе сүтінен өздігінен ашыту процесі нәтижесінде алынған шұбаттың басымды микрофлорасын зерттеуге және сипаттауға бағытталған. Шұбат сынамалары құрамында микроағзалардың ішінде сүтқышқылды бактериялар және ашытқылар саны басым болды. The NovaSeq 6000 Sequencing System құрылғысын қолдану арқылы сүтқышқылды бактериялардың келесідей изоляттары анықталды: Lactobacillus sakei, Enterococcus faecium, Lactobacillus helveticus, Leuconstoc lactis, Enterococcus feacalis, Lactobacillus brevis және Weissella hellenica және де мынадай ашытқы изоляттары: Kluyveromyces marxianus, Kazahstan uiosporus және Candida kefir. Нәтижесінде Lactobacillus пен Enterococcus, Kluyveromyces басымды микроорганизмдер тобы болды. Ең көп оқшауланған түрлері Lactobacillus sakei, Enterococcus faecium және Kluyveromyces maxius.
50-56 328
Аңдатпа
Тығыз қабатта орналасқан, әртүрлі геометриялық пішіні бар түйіршіктелген тамақ материалдарын кептіру процесінің нақты жағдайларын есепке алу мақсатында вакуумдық және атмосфералық кептіру процестерінің аналитикалық сипаттамасына кептірілетін материалдың бетін пайдалану коэффициенті енгізілді. Кептірілетін материалдың бетін пайдалану коэффициенті белсенді жылуалмасуға қатысатын өнімнің нақты булану бетінің жалпы бетіне қатынасын сипаттайды. Куб, параллелипипед және шар пішініндегі түйіршіктелген тағам материалдарының вакуумдық және атмосфералық кептірудің тәжірибелік зерттеулері жүргізілді. Тәжірибелік деректерді талдау негізінде түйіршіктелген тағамдық материалдарды вакуумдық-атмосфералық кептіру процестерінде белсенді жылу алмасуға қатысатын буланудың нақты бетін жеткілікті дәрежеде есепке алуға мүмкіндік беретін эмпирикалық тәуелділік алынды. Әр түрлі формадағы материалдар үшін кептірілетін материалдың бетін пайдалану коэффициентінің сандық мәндері алынды.
56-62 404
Аңдатпа
Мақалада сүт шикізатының және одан жасалатын өнімнің қауіпсіздігіне байланысты халықаралық стандарттардың 7 қағидаттарына талдау жасалды. Еліміздің шаруашылық-тарында өндірілетін өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығына байланысты сүттің сапасы төмен. ҚР СТ ИСО (ISO-International Organization for Standartization) 22000:2006 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелері. Тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандарты негізінде өнімнің қауіпсіздігі мен сапа менеджменті жүйесін енгізу жолымен кепілдік беруге болады. Негізінен бұл жүйені тамақ өнімдерін өндіруші кәсіпорындар пайдаланады. Тамақ өнімдерін өндірудің барлық кезеңдерінде туындауы мүмкін қауіпті жағдайларды, өнім өндіруді, сақтау және өткізу процесінің кез келген нүктесінде бақылауды қамтамасыз етеді.
ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН
63-68 321
Аңдатпа
Бұл мақалада қырыққабат коңыр көбелегінің көбею биологиясы және оларды билогиялық әдістермен, демек, ионды сәуле және химия стерилянттарымен баптау жөнінде әңгіме өрбиді. Қырыққабат қоңыр көбелегі Қазақстан ауылшаруашылығында ең қауіпті зиянкестер қатарына жатады. Агротехникалық, химиялық әдістер айтарлықтай эффект бере алмайды және экологиялық тұрғыдан тиімді емес, сондықтан қоршаған ортаға қауіпті емес жынысты стерилдеу әдістерін қолдану жайында сөз болады. Авторлар көбелектердің алғашқы 8-9 күндері өмірінің ең белсенді кезеңі екендігін анақтады. Cәулеленудің оңтайлы дозалары жұлдыз құрттар үшін - 4 крад, қуыршақтар - 40-60 крад.
68-72 491
Аңдатпа
Бұл жұмыста магний диборидін аргонның әртүрлі қысымдарында және температурасында бордың композиттік қосылыстарының магнийтермиялық тотығуымен алу нәтижелері келтірілген. Зерттеудің өзектілігі магний диборидінің аса өткізгіш қасиеттерімен негізделген. Магний диборидінің синтезі қабырғалық жану және магнийтермия реакциясы өнімдерінің экзотермиялық қоспасының жылу жарылысы есебінен өздігінен жойылады. ӨЖС әдісін аргонның жоғары қысымы мен температураның кезінде пайдалану жоғары таза магний диборидін алуға мүмкіндік беретіні көрсетілген.
72-77 352
Аңдатпа
Бұл мақалада жоғары негізді анионит Cybber АХ-400 арқылы ванилинді сорбциялау зерттелген. Зерттеу барысында сорбциялаудың тиімді параметрлері, яғни ортаның рН мәні, ерітіндінің концентрациясы және сорбциялау уақыты анықталған. Сорбция изотермасы алынған және ол Ленгмюр теңдеуіне сай келетіні көрсетілген. Күшті негізді аниониттің ванилинді сорбциялау механизмі туралы тұжырым ұсынылған. Жұмыста жүргізілген зерттеу нәтижесінде аниониттің сулы ерітіндіден ванилинді бөлуде тиімді сорбент екенін көрсетілген.
77-82 308
Аңдатпа
Мақалада ауылшаруашылығы айналымындағы жерлердің топырағының тұздану құбылысының салдарынан туындайтын бидай дақылдарының тамырларындағы анотомиялық өзгерістерге байланысты орын алатын физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің пайда болу мәселелері қарастырылып, тұзды топыраққа төзімді бидай дақылының сұрыптарын зерттеу арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және бидай дақылының өнімділігін арттыру жолдары келтірілген. Жүргізілген салыстырмалы зерттеулер нәтижесінде «Қазақстан-3» сұрыбының басқа сұрыптарға қарағандағы артықшылығы көрсетіліп, сонымен қатар оның экзодермасының және эндодермасының қалыңдықтарының өзгеру ерекшеліктері анықталған: экзодерма қалыңдығы бойынша - Шағала (86%) > Қайыр (84%) > Қазақстандық ерте пісетін (83%) > Мельтурн (77%) > Қазақстан-3 (63%); эндодерма қалыңдығы бойынша - Қазақстандық ерте пісетін (97%) > Қайыр (93%) = Мельтурн (93%) > Шағала (76%) > Қазақстан - 3 (61%).
82-88 988
Аңдатпа
Біздің республикамыздың аумағында ғылым мен тәжірибе үшін құнды дәрілік өсімдіктер көптеп кездеседі, олардың бірі қаражемісті шырғанақ (Hippophae rhamnoides l.) болып табылады. Әдеби көздерде шырғанақтың жапырақтары мен сабақтарында көптеген биологиялық белсенді заттардың кездесетіндігі туралы мәліметтер келтірілген. Баяндалғандарға байланысты, шырғанақтың жер үсті бөліктерін ұтымды пайдаланудың ғылыми және практикалық негіздемесіне арналған зерттеу өзекті болып табылады. Шолулық мақалада шырғанақтың жемісі мен жер үсті бөліктерін, беттік белсенді заттардың құрамын, фармакологиялық қасиеттерін зерттеуге бағытталған қазіргі заманғы отандық және шетелдік зерттеулердің нәтижелері берілген.
89-93 722
Аңдатпа
Балама энергия көздері, өз кезегінде резервтік жаңа материалдарды жасауды талап етеді, химиялық ток көздерін (ХТК) құруды және оның көздерінен энергияны өндіруімен және беру әдістерін талап етеді. Химиялық және энергетикалық салаларда қолданылуы мүмкін мырыш пен алюминий негізінде пиротехникалық материалдарының резервтік ток көзінен алу үшін электр энергиясын оңтайлы жобалар мен шарттар жасалды. Алюминий, мырыш негізіндегі пиротехникалық композициялардың физикалық-химиялық және политетрафторэтиленді тәжірибелік қажеттілікді анықтау үшін пиротехникалық резерті тоқ көзінің (ПРТК) термиялық балансын есептеу үшін зерттелді. Эксперименталды зерттеулер нәтижесінде мырыш пен магнийдің негізіндегі пиротехникалық құрамдарға салыстырулар жүргізілді және мырыш негізіндегі құрам тұрақты және жақсы болатындығы анықталды.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС
94-100 377
Аңдатпа
Жұмыс Қазақстан Республикасының ірі қаласы Алматы мысалында қалалық трафиктің қарқындылығын зерттеуге және көлік қозғалысын басқарудың қалалық жүйесін жетілдіруге арналған. Қалалық автомобиль көлігі қазіргі заманғы өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын біз білеміз. Бұл қаланың экономикалық жағдайына ғана емес, әлеуметтік дамуына да әсер етеді. Ұзақ мерзімді перспективада қаладағы көлік жағдайын түбегейлі жақсартуға қалалық жоспарлау іс-шараларын жүзеге асырумен қол жеткізуге болады: мысалы: көпірлер, туннельдер және жаңа магистральдар салу арқылы. Сондай-ақ жүргізілген талдаулар бойынша, көлік ағындарын басқаруды жақсартуға байланысты бірқатар шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
100-103 348
Аңдатпа
Бұл мақалада кластерлік тәсіл қолданылған елдерде ақпаратты алу және кластерге қатысушылардың тіл табысу нәтижесі, құндылықтар тізбегі шеңберіндегі кәсіпорындар қарым-қатынасы, инновациялық байланыстар, кластердің өзіндік орны мен әлемдік тарихы қарастырылған. Жүргізілген зерттеу негізінде авторлар кластер құру нарық пен инновацияның бейімделуіне тұрақты қатысуды талап етеді деген қорытындыға келді.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
104-110 385
Аңдатпа
Бұл мақала тілдік емес бағытында білім алатын экономиялық және техникалық мамандықтарының студенттерінің орыс тілін меңгерудегі «дөңгелек үстел» әдісін пайдалануға арналған. Мақаланың тәжирибелік құндылығы авторлардың «Биотехнология» мамандығының студенттеріне кәсіби орыс тілін оқыту үрдісінде берілген әдістің тиімділігін көрсетіп пайдалануында. Авторлар дөңгелек үстелдің формаларын оқу семинарлары, дискуссиялар, кездесулер түрінде ұсынды, онда оқытушы мен студенттер топтары өзара әрекеттеседі, олар кезектесіп байланыс орталығына айналады және студенттердің монологиялық сөйлеу дағдыларының дамуына әсер ететін қарым-қатынас процесіне белсенді қатысады. Авторлар дөңгелек үстел әдісін қолдану студенттерді болашақ кәсіби қызметке дайындайды, нақты кәсіптік тапсырмаларды орындауды болжайды және кәсіби дағдыларды тексеруге және қолдануға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.
110-115 603
Аңдатпа
Мақалада ағылшын тілін үйренуде жастар сленгін меңгерудің маңыздылығы қарастырылады. Әндердің, фильмдердің үлгілері және олардың қазіргі ағылшын тіліне әсері алынған. Сленгті түсіну біздің студенттерге достарымен және әріптестерімен күнделікті және тіпті кәсіби әңгімелесуде табиғи түрде сөйлесуді үйренуге көмектеседі.
115-120 298
Аңдатпа
Бұл жұмыста белсенді және саналы түрде оқуға деген ынтаны қалыптастыруға бағытталған зерттеу нәтижелері берілген. Білім алушылардың материалдарды меңгеруін арттыруға мүмкіндік беретін орыс тілін оқыту құралдарын пайдаланудың әдістемелік тәсілдері әзірленді және сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижелері мен материалдарын лингвистикалық емес жоғары оқу орындарында орыс тілін оқыту тәжірибесінде қолдануға болады.
120-125 307
Аңдатпа
Мақалада жеңіл өнеркәсіптің болашақ технологтарын даярлау құралы ретіндегі физика курсындағы есептерді пайдаланудың көкейкестілігі көрсетілген. Жеңіл өнеркәсіптің инженер-технологының іс-әрекетін автор материалды бір күйден екінші күйге көшірумен байланысты инженерлік мәселелерді шешу ретінде қарастырған. Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалықтары: технологиялық ЖОО-ның студенттерін кәсіби мәселелер шешуге даярлаудың қажеттілігі мен мүмкіндіктері негізделген; кәсіби мәселелердің құрылымы мен құрамы анықталған . Зерттеу нәтижелерінің практикалық мәнділігі: болашақ технологтардың физикалық білімдері мен іскерліктері негізінде олардың кәсіби мәселелерді шешу біліктіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін физикалық есептер жүйесінің жасалуы.
ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)
ISSN 2710-0839 (Online)