Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2019)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-9 467
Аңдатпа
Жүгері дәні құрамы моно және дисахаридтерге, қанықпаған май қышқылдарына, крахмалға өте бай, сондай-ақ оның құрамында В витамин тобы, Е, РР, С витаминдері және ниацин, холин бар. Сондықтан да бірінші сұрып бидай ұнынан алынатын сдобалы печенье өндірісінде тағамдық құндылығын жоғарылату мақсатында қолдану өзекті мәселені шешудің бірден бір жолы. Бұл жұмыста сдобалы печеньесі өндірісінде жүгері ұнын және жаңа май түрлері қолданылып печенье алудың технологиялық шешімдері негізделіп және осы өнімдерден дайындалған қамырдың реологиялық қасиеттерімен дайын өнімнің физикалық-химиялық сапалық көрсеткіштері анықталды. Зерттеу нәтижесін талдай келе 20% жүгері ұны және май мөлшері 82% «Столовый» маргарині қосылған сдобалы печеньенің сапасы стандарттық талаптарға сай болып, рецептураға қосылатын тиімді мөлшер болып табылды.
9-16 459
Аңдатпа
Мақалада ақуыз-өсімдік қоспасын өндіру технологиясы, ет-өсімдік паштетінің технологиясы келтірілген. Ет паштетінде тағамдық және биологиялық құндылығы зерттелген, ол бақылау үлгісімен салыстырылды. Эксперименталдық деректерді талдау көрсеткендей "Дәмді" паштетіндегі алмастырылмайтын амин қышқылдарының саны бақылау үлгісімен салыстырғанда валин 0,4 г, изолейцин 0,3, лейцин 0,2, лизин 0,6, метеонин 0,067, треонин 0,267, триптофан 0,031, фенилаланин 0,15 г-ға өседі. "Дәмді" паштетіндегі негізгі тағамдық нутриенттердің (ақуыз, майлар, көмірсулар, күл) құрамы да бақылау үлгісінен асып түсті, бұл оның жоғары қоректік құндылығы туралы айтады.
16-19 325
Аңдатпа
Ешкі сүтіне негізделген функционалды ингредиенттері бар жаңа ашыған сүт өнімдерінің зерттеу нәтижелері ұсынылған. Орташа статистика ешкі сүтіндегі ақуыз, май, қатты заттар сиырға қарағанда жоғары екенін растайды. Органолептикалық, физика-химиялық, микробиологиялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу мәліметтері жақсы органолептикалық сипаттамалары бар ашытылған сүт өнімінің тағамдық құндылығын көрсетеді. Ашыған сүт өнімдерін өндіру сүт кәсіпорындары үшін де, ұсақ фермалар үшін де ұсынылады.
19-24 426
Аңдатпа
Мақалада өсіріліп ұсақталған тритикале дәндері қосылған йогурттың технологиясының зерттеулері қарастырылған. Жаңа функционалды өнімде өсімдік компоненттерінің оптималды мөлшері, органолептикалық көрсеткіштері және сақталуы қарастырылған. Тәжірибе үлгілерінің келесі композициялары: бақылау - қоспасыз, 1,5%, 2% және 5% өсіріліп ұсақталған тритикале дәндері қосылғантаңдалды. Баллдық бағалау бойынша ең жоғары балл мен құрамында 1,5% және 2% өсірілген тритикале дәнінің қоспасы бар йогурт бағаланды.Рецептураға ұсақталған өсірілген тритикале дәндерін енгізу өнімдер ассортименттерін, басекеге қабілеттілігін кеңейтеді, тағамдық және биологиялық қасиетін жоғарлатады, сақталуын көбейтеді, органолептикалық, физика-химиялық, функционалды - технологиялық қасиеттерін жақсартады және өнім өндірісінің технологиялық үрдісін өзгертуді талап етпейді.
24-28 354
Аңдатпа
Жұмыста сүзбе десертінің сақталуы туралы зерттеулер келтірілген. Өнім құрамын органолептикалық және физика-химиялық сипаттамаларын жақсарту және жарамдылық мерзімін арттыру үшін өзгертіп отырдық. Өнімді өндіру процесі сүзбе өнімді ингредиенттермен (долана, шабдалы, сәбіз шырыны) араластыруын қамтиды. Тоңазытқышта сақтау кезінде дайын өнімнің органолептикалық сипаттамаларын зерттедік.Дегенмен, тоғызыншы күні дәмі нашарлады, қышқылдық өсті. Микробиологиялық көрсеткіштердің зерттеулері келтірілген. Тоғызыншы күні сақтау нәтижесінде зеңнің пайда болғаны анықталды. Талдау нәтижелері жаңа десерттің жарамдылық мерзімі (4±2)°C температурада жеті күн екенін көрсетті.
28-33 339
Аңдатпа
Бұл мақаладаірімішік өңдеу саласының және технологиялық көзқарасынан чеддеризация процесі туралы мәлеметтер келтірілген. Чеддеризация ірімшік массасының құрылымның қайта құрылуы процесі ретінде жазылған сүттің полимолекулярлық ассоциаттары арасындағы байланыстардың қайта қалыптасуының арқасында (казеиндік мицеллалар мен майлы глобулалар). Чеддеризация процестің алгоритмикасы сүтті кезеңдік бұзаулардың ас қазанындағы сүттің компонентерінің қайта қалыптасуы циклмен байланысты.Қышқылды - сілті диапазоны (рН 5,3 - 5,1) сүттің ақуызды, майлы, минералды және сулыфазаларының бір бірімен нақты байланыс динамикасы бар бағдарламасы. Ірімшік массасының құрылымының қайта құрылуында сүттің карбонаттік сыймдылығының рөлі корсетілген. Чеддеризация процессі бар табиғи мәйекті ірімішіктерді өндіру кезінде ірімшік массасы өз бетімен қалыптасады, яғни қабатты - талшықты құрылымы пайда болады (қышқылдығының тез жоғарлауы), «тауық төс еті» құрылымына тектес, себебі процестің жоғары жылдамдығы болып табылады.
34-37 347
Аңдатпа
Мақалада жүзімді қайта өңдеу қалдығы - жүзім сығындысымен табиғи минералды сорбент - вермикулитті малазығын өндіру үшін шикізат ретінде қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Жүзім сығындысынан алынған жемдік ұн мен мен вермикулиттің химиялық құрамы келтірілген. Жүзім сығындысы мен вермикулиттен жасалған жемдік ұнның химиялық құрамын талдау құрама жем құрамдастарына қойылатын нормаларға сәйкестігін көрсетті.Алайда жүзім сығындылары физикалық-механикалық қасиеттері мен гигроскопиялылығы құрама жем өндірісінің талаптарына жауап бермейді. Азықтық қоспа құрамына жемдік вермикулит енгізу олардың қасиеттерін түзетуге мүмкіндік береді.
37-41 398
Аңдатпа
Барлық сүт өнімдерін өндірудегі негізгі шикізат-сүт шикізаты. Сүт өнімдерінің сапасы көрсеткіштер кешенімен анықталады, олардың ішіндегі ең маңыздысы қауіпсіздік көрсеткіштері болып табылады. Осы ғылыми жұмыста түйе сүтінің негізінде биосусындар микрофлорасының сапалық құрамына зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша зерттелетін биосусындарда 3700*103-5000*103 КОЕ/г (см3) мөлшерде сүт қышқылды микроорганизмдердің құрамы анықталды, бұл зерттеліп отырған сүтті өнімдердің пайдалы қасиеттерін көрсетеді.
41-48 455
Аңдатпа
Мақала калориялық құндылығы төмен тұздық ірімшіктердің ассортиментін кеңейту мәселесіне арналған. Өсімдік толтырғыштары қосылған брынза ірімшігінің технологиясын жасау арқылы бұл мәселенің шешілуі ұсынылған. Сәбіз қосылған брынза ірімшігінің рецептурасы мен технологиясы жасалынған оңтайлы ара қатысы 90:10. Тәжірибе жүзінде өсімдік толтырғыштары қосылған брынза ірімшігінің үлгілері алынған. Сәбіз бен брынзаның тиімді мөлшерлері анықталған. Дайындалған ірімшік үлгілерінің физика-химиялық және органолептикалық көрсеткіштері анықталған. Растрлік электронды микроскоптың көмегімен дайындалған брынза үлгілерінің элементтік құрамы анықталған.
48-54 342
Аңдатпа
Мақалада жануарлардың организміне қорғасын тұздарының әсері анықталды. Зерттеу кезінде жануарларға азықтық қоспаларға токсиканттықосып беру кезіндегі әсері анықталды. Улану кезінде бaуыр мен ұйқы безi қызметiнiң бұзылуына байланысты липаза мөлшерiнің 260%-ға жоғарлағаны, сонымен бірге аминотрансфераза ферментерінің деңгейінің 2,5 есе aртқaндығы бaйқaлды. Бұл өз кезегінде цитoлoгиялық үдерiстердiң күшейгенiн, белoк синтезiнiң төмендегенiн және зат алмасудың тасмалдануының бұзылғандығын көрсетедi. Азықтық қоспаларға сорбенттер қосып беру кезінде, алынған көрскетіштердің біршама 41-58%-ға дейін қалпына келгенін байқаймыз.
54-61 446
Аңдатпа
Мақалада құрылымдық-механикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері, қой еті мен жылқы етінің мақсатты функциясы мен ылғалдылығының механикалық өңдеу ұзақтығына тәуелділігі келтірілген сонымен қатар механикалық өңдеу ұзақтығына байланысты су белсенділігінің және ет шикізатының ылғалдылығының өзгеруі зерттелген. Көп құрамдас тұздықты пайдалану ылғал байланыстыру қабілеті (ЫБҚ) жоғарылауына және қой еті және жылқы етінен жасалған өнімдердің құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсартуға ықпал ететіні анықталды. Зерттеу барысында еттің ЫБҚ жоғарылауы 5 тәулік бойы сақталады, ал механикалық өңдеуді пайдалану алғашқы 24 сағатта ЫБҚ ұлғаюына ықпал етеді.
61-65 340
Аңдатпа
Бұл ғылыми зерттеудің мақсаты сапасы жақсартылған және тотығу тұрақылығы бар жылқы етінен «Қанағат» ұлттық қайта құрылымдалған пісіріліп ысталған ет өнімін жасау үшін қоспа ретінде годжи жидектері экстракты (Lycium Barbarum L.) және қарақұмық ұнының (Fagopýrum esculéntum) 0,5% және 1,0% екі концентрацияның көмегімен тотығу тұрақтылығын жақсарту және сапасын жақсарту потенциалын анықтау болып табылады. Қолданылатын технология годжи жидектері экстрактымен (Lycium Barbarum L.) 9,82 ± 0,25 мг/г мөлшеріндежәне қарақұмық ұнымен (Fagopýrum esculéntum) мөлшерінде 9,73 ± 0,21 мг/г байытылған жылқы етінен жаңа ұлттық ет өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
66-70 400
Аңдатпа
Берілген зерттеудің мақсаты қой етінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құрамын зерттеу болып табылады. Жүргізілген ғылыми-практикалық тәжірибе көрсеткендей,Еділбай және Алтай тұқымды қойларға қарағанда Дегерес тұқымды қойлардың өсу қуаты, ең жақсы ет сапасы және өсіру кезінде жоғары экономикалық тиімділігі сипатталады. Жалпы алғанда, жүн тектес Дегерес тұқымды қой етін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі - шаруашылықта ерте мерзімде пайдаланудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілгентұқымдықойларыетінің жекелеген бөліктерінің морфологиялық құрамын зерттеу кезінде еттің қазақша бөлінуінің ерекшеліктері ескерілді.
70-77 269
Аңдатпа
Бұл мақалада құсты есеңгіретудің замануи тәсілі - газды ортаны пайдаланудың еттің функционалдық-технологиялық қасиеттері мен тағамдық құндылығына әсері келтіріледі. Зерттеулер ылғалды байланыстыру қабілеті жоғары екенін көрсетті: сан еті үшін орташа есеппен - 60%, төс сүбесі үшін - 70%. Алынған деректер құсты газбен есеңгіреткенде еттің ылғал ұстау қабілеті тұрақты болатынын дәлелдейді. Майды ұстау қабілетін талдау газды есеңгірету жолымен алынған құс етінде оның 1,9-2,4% жоғары болатынын көрсетті. Газды есеңгіретумен алынған еттің функционалды-технологиялық қасиеттері жоғары болатыны, ылғалды жақсы ұстайтыны, термиялық өңдеуден кейін әлдеқайда тұрақты болатыны дәлелденген.
77-81 345
Аңдатпа
Мақалада сыра қайнату өнеркәсібінің қалдықтарын пайдалана отырып өндірілетін бұқаларды бордақылауға арналған жемдік қоспалар үшін "Синбиотика" препаратын пайдалану нәтижелері жайлы жазылған. Жаңа препаратты пайдалану жемдік қоспалардың сапасы мен санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, оларды сақтау мерзімін 3 айға дейін арттырады.
82-87 269
Аңдатпа
Бұл мақалада емделу немесе оңалту кезеңінде болатын күйіктен зақымданған науқастар үшін арнайы мақсаттағы киімді жобалаудың өзектілігі мен жаңалығы қарастырылады. Медициналық процедураларға қойылатын ерекше талаптарды ескере отырып күйіктен зақымданған науқастарға арналған киімдер жиынтығын дайындау.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

88-96 345
Аңдатпа
Мақалада Қаратау фософриттерін фосфор қышқылымен ыдырату процесін зерттеу нәтижелері келтірілген. Эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу жүргізілді. Технологиялық көрсеткіштерді бағалау және фосфориттерді ыдырату оптималды шарттарын таңдау үшін қолданылатын химиялық реакцияның кинетикалық сипаттамалары анықталды. Экспериментті математикалық жоспарлау әдісімен құрамы әртүрлі фосфориттерді ыдырату процесін оптималдау жүргізілді. Алынған тәуелділіктер процестің максималды көрсеткіштеріне жетуі мақсатында өндірістік шарттарда ыдырату параметрлерін анықтау үшін қолданылуы мүмкін.
96-100 512
Аңдатпа
Бұл жұмыстың мақсаты карбоксиметилденген жүгері крахмалын (КМЖК) алу, сипаттау және бұл үлгілерді су негізіндегі бұрғылау ерітінділерінде қолдану мүмкіндігін бағалау болып табылады. Жүгері крахмалын натрий монохлорацетатымен модификациялады. Жүгері крахмалы мен КМЖК құрылысы ЯМР және ИҚ-спектроскопия көмегімен анықталды. ЯМР-спектроскопиясы көмегімен анықталған жүгері крахмалының карбоксиметилдену дәрежесі 80% тең болды. Жүгері крахмалы мен КМЖК морфологиялық қасиеттері сканирлеуші электрондық микроскоп (СЭМ) арқылы зерттелді. Бұрғылау ерітінділерінің құрылымдық - механикалық, фильтрациялық және қабат түзу қасиеттері, КМЖК фильтрация көрсеткіші табылды. Жүргізілген зерттеулер бұрғылау ерітіндісінің ұсынылған жаңа құрамы модифицирленген жүгері крахмалының негізінде бұрғылау ерітіндісінен асып түсетінін көрсетті.
100-105 380
Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар әртүрлі азот және оттегі бар қосылыстар мен кейбір полиаминдер негізінде ион алмасу материалдарын синтездеу нәтижелерін, сорбциялық қасиеттерін зерттеу, олардың негізінде ион алмасу сорбенттерін алу, сондай - ақ оларды қолданудың неғұрлым перспективалы салаларын табу.Осы жұмыста полиэтиленполиамин және диглицидиланилин негізіндегі иониттер, сондай-ақ полиэтиленимина және диглицидиланилин синтезделді. Мыс катиондары бойынша иониттердің сорбциялық қасиеттерін зерттегенде, олардың сорбциялық қасиеттері бойынша өнеркәсіптік анион алмастырғыштардан 2-4 есе артық екенін макро кеуекті және ақаба суларды жақсы тазалауға мүмкіндік беретін гельді құрылымдардан асып түсетінін көрсетілді.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС

105-109 296
Аңдатпа
Мақалада жүктерді автокөлікпен тасымалдайтын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін анықтау үшін қажетті математикалық теңдеуі, математикалық және экономикалық заңдылықтарды талдау және тасымалдау тізбектерінің ұйымдық беріктігімен тікелей өзара байланысы қарастырылады. Келтірілген формулаларды пайдаланып, тасымалдауға қажетті автомобильдер санын және экономикалық тиімділіктерді есептеуге болады.
109-113 228
Аңдатпа
Ұсынылған мақалада «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің құрама тиімділігін арттыру үшін, жаңадан ұсынылған «юниамалды» тасымалдау әдісі бойынша көліктің бір түрімен, бірақ бірнеше көліктің қатынасуымен атқарылуды ұйымдастыру тәсілдері мен нақты аймақтардың экономикасымен әлеуметтік жақсаруынасебепші болар бірден бір тасымалдау амалы және ұсынылған әдістің артықшылықтары қарастырылған.
114-120 303
Аңдатпа
Мақалада авторлардың қазіргі нарықтық қатынастардың талаптары мен заңдарына жауап беретін экономикалық агенттердің арасындағы теңдестірілген инвестициялық қатынастарды дамытудың әдіснамалық принциптері туралы нәтижелері берілген. Авторлар экономикалық дамудың динамикалық және статистикалық теориялары негізінде іске асыру процесінде инвестициялық қатынастар жүйесін талдау міндеттерін қарастырады, ұлттық экономиканың факторлық талдауын, инновациялық-инвестициялық дамуын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, бұл инвестициялық ресурстардың экономикалық шығындарын азайту мақсатында сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне мезгілінде ықпал етуге мүмкіндік береді. Елімізде жаһандану жағдайында халықаралық нарықта табысты бәсекелесе алатын ұлттық өндірушілер арқылы тиімділік деңгейін және экономиканың өсу қарқынын айқындайтын салалар кешенін құруға мүмкіндік беретін ұлттық капиталды қалыптастыру негізінде инвестициялық-инновациялық дамудың тұтас, принципті жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

121-125 391
Аңдатпа
Қазақстандағы жаңғыртумен қатар кәсіптік білімберу халықаралық тәжірибені қолдану болып табылады. Әлемдік білім беру жүйесіне бәсекелестікті қабілеттіашық түрдегі дамытудың тәжірбиелік құндылығы. Зерттеудің жаңалығы Қазақстанның өнердегі жоғары оқуорындарында киім жобалаушылардың кәсіби білім берудің халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады. Мұндағы негізгі ережелер Қазақстанның жоғары кәсіби мектептеріндегі реформалардың ағымды кезеңін ашады. Қорыта келе жоғары оқу орындарында білімберу процесін жаңғыртудыанықтауға мүмкіндік беретін және оның ұйымдастырылуы инновациялық жаңартылуының, мазмұны мен әдістемесіне қойылатын жаңаталаптарды ұсынады.
125-130 230
Аңдатпа
Мақалада инженерлердің кәсіби қызметінде шет тілді қарым-қатынастың өрлеуіне байланысты ерекше өзектілікке ие болатын техникалық мамандықтардың шет тілін кәсіби бағдарлы оқыту мәселелері қарастырылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы оның кәсіби-бағытталған шет тілі сабақтарында білім беру үдерісін ұйымдастыруда пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Шет тілінде кәсіби білімді алу мен іскерлікті дамыту мақсатында арнайы пәндермен кәсіби-бағытталған оқытуды интеграциялаудың пайдалалылығы туралы қорытынды жасалды.


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)