Preview

Вестник Алматинского технологического университета

Расширенный поиск

Өсімдік сүтін өндіруге арналған шикізатты таңдау негіздемесі

Аннотация

ҚР халқының денсаулығына елеулі әсер ететін маңызды факторлардың бірі толыққанды ақуыздарды, дәрумендерді, макро - және микроэлементтерді жеткіліксіз тұтынудан және олардың ұтымсыз арақатынасынан туындаған тамақтану рационының бұзылуы болып табылады. Бүкіл әлемде өсімдік сүті өндірісінің белсенді дамуы лактозаға немесе сүт казеиніне жеке төзбеушілікпен және тұтынушылардың көбеюімен, сондай-ақ вегетарианизмді белсенді насихаттаумен және өсімдік ақуызын тұтынудың физиологиялық артықшылығымен, әсіресе геродиетикалық тамақтанумен байланысты. Бір кездері бұл өнім жануарлардың сүтіне балама ретінде, оның ішінде экономикалық дамымаған елдерде ақуыз тапшылығы мәселесін шешу үшін ойлап табылды және бүгінде танымал бола бастады. Дәнді сүт сусындарын өндіру технологиясында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен жергілікті өсімдік шикізатын пайдалану тамақ өнеркәсібіндегі өзекті және перспективалы бағыт болып табылады. Қазақстанда дәнді дақылдар үлкен көлемде өндіріледі, бірақ өсімдік сүті өндірісі бүкіл әлемде кең таралғанына қарамастан, өсімдік шикізаты негізінде сусындар өндірісі жоқ. Мақалада «И.Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің «Сыр сылуы», «Айкерім», «Маржан» селекциялық сұрыптарындағы күріштің сапасын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында күріш үлгілері физика-химиялық, биохимиялық, технологиялық қасиеттері мен қауіпсіздік көрсеткіштері бағаланды. Барлық зерттелген күріш дәндерінің үлгілері қауіпсіздік көрсеткіші бойынша «Астық қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келеді. Осы ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырудың нәтижесі халықтың дұрыс және қауіпсіз тамақтануы үшін сусындардың ассортиментін кеңейту болып табылады.

Рецензия

Для цитирования:


Хастаева А.Ж. Өсімдік сүтін өндіруге арналған шикізатты таңдау негіздемесі. Вестник Алматинского технологического университета. 2021;(4).

Просмотров: 25


Creative Commons License
Контент доступен под лицензией Creative Commons Attribution 4.0 License.


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)