№ 2 (2019)
ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
5-9 288
Аңдатпа
Автоматты реттеу жүйелерінің орнықтылығы және реттеу сапалығы әдетте реттеуіштердің баптау параметрлерінің мәндеріне тәуелді болып келеді. Сол себепті реттеуіштерге практикалық қолданыста қойылатын талаптардың бірі - автоматты реттеу жүйелерінің орнықтылығын және реттеу сапалығын қамтамасыз ететіндей баптау параметрлерінің мәндерін тағайындау. Мақалада қамыр илеу машинасында қолданылатын қамыр ылғалдығын тұрақтандырушы реттеуіштің оптималды баптау параметрлерін ұлғайтылған жиіліктік сипаттама негізінде табу қарастырылған.
9-15 349
Аңдатпа
«Сүтті тұқымды ешкілердің өнімділігі және оның сипаттамасы» атты мақалада сүтті бағыттағы ешкілердің физиологиясы, өнімділігі, лактация кезеңі, сүтінің майлылығы, төлдеу ерекшелігі жөнінде толық жазылған. Біздің елімізде дәстүрлі түрде ешкі сүтке байланысты өсіріледі. Ол сиырдан ақуыз құрамы мен саны жағынан асып түседі. Ұсақ үй жануарларын күтіп-ұстау және ұстау иелеріне еңбек және қаржы салымдарын талап етеді. Таза тұқымды жануарлардың өнімділігі жоғары: сіздің үстеліңізге жылына бір тоннадан астам дәмді пайдалы сүт әкеледі. Ең бастысы-сауын табынын дұрыс таңдау. Авторлар жүргізген зерттеудің нәтижесінде Заанен, чехиялық қоңыр, альпі, нубикалық ешкі тұқымы басқа тұқымдармен салыстырғанда өнімділік бойынша ең өнімді болып табылады және Қазақстанда оларды өсіруге уәде береді деп көрсетілген.
15-24 920
Аңдатпа
Мақалада суықтай сығымдау әдісімен алынған мақсары майының майқышқылды құрамын зерттеу нәтижелері келтірілді. Мақсары майында 18 және 16 топтағы май қышқылдары басым болатыны анықталды, ал қалған май қышқылдарының мөлшері жиынтығында 1,2%-ды құрайды. Зерттелген үлгіде омега-6 май қышқылдарының басымдылығы байқалады (линол және γ-линолен май қышқылдарының 80% шоғырлануы). Сонымен қатар мақсары майының физика-химиялық сипаттамалары анықталды: қышқылдық саны ҚС = 1, 07 мг КОН/г, перекистік саны ПС = 8, 09 ммоль/кгO2, анизидиндік саны AС = 3,25. Мақсары майының ылғалдылығы 0,03 %.Сапалық сипаттамалар үшін алынған мәндер майдың бұл түрін тікелей тамаққа, сондай-ақ майонез, тұздық, спред секілді май өнімдерін өндіруде; био отын ретінде; құрама жемдердің рецептурасын жобалауда және оңтайландыруда пайдаланудың келешегі жайында куәландырады.
24-29 367
Аңдатпа
Мақалада кондитер бұйымдарының ассортиментін кеңейту және функционалды, диеталық қасиетін жоғарылату мақсатында сұлы және ноқат ұнын қосу арқылы пряниктердің жаңа технологиясын жасаудың зерттеулері қарастырылған. Функционалды бағыттағы пряниктердің рецептурасын жасау және өсімдік компоненттерінің бірқалыпты мөлшерін таңдау үшін 6%, 10% және 15% сұлы және ноқат ұны қосылған ұнды қоспалардың композициялары құрастырылды. Балдық бағалау қорытындысы бойынша ең жоғары - 4,8 балл 10 % сұлы және ноқат ұны қосылған пряниктерде болды. Ал жаңа пряниктердің органолептиқалық және физика -химиялық көрсеткіштерінің МЕМСТ 15810 - 2014 сәйкес келетіндігі анықталды. Пряниктер өндірісінде сұлы және ноқат ұнын қосу өнімді дәрумендер, микроэлементтер, тағам талшықтарымен байытады, ассортиментін кеңейтеді, өндіріске енгізіліп, бәсекеге қабілетті және тұтынушылардың қол жетімді өніміне айналдыруға мүмкіндік береді.
29-33 504
Аңдатпа
Бұл мақалада ғылыми және техникалық ақпарат, сондай-ақ ХАССП принциптерін қолдану бойынша тәжірибелік зерттеулер талданады. Туралған жартылай фабрикаттарды шығаруға арналған ХАССП қағидаттарын қолданған кезде, зерттеу объектісі болып табылатын тауардың сипаттамасы жасалды, ол келесі ақпаратты қамтиды: өнімнің атауы, құрамы, сапасы мен қауіпсіздігі көрсеткіштері, технологиялық процестің негізгі кезеңдері; орау тәсілі; сақтау, тасымалдау және сату шарттары, сондай-ақ таңбалау туралы ақпарат. Осылайша, біздің жұмысымыздың нәтижесінде азық-түлік (ет) өнер-кәсібіне қауіпсіз және жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін HACCP жоспары әзірленді. Ал тұтынушы, өз кезегінде, сатып алынатын жартылай фабрикаттардың жақсы сапасына күмәні болмайды.
33-38 325
Аңдатпа
Глютенсіз диета қазіргі уақытта целиакиясы бар емделушілер арасында ғана емес, сонымен қатар глютенге кері әсері бар адамдар арасында да танымалдыққа ие болып келеді, ол толыққанды және қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз етеді. Ұсынылған мақала глютенсіз нанның жаңа түрін жасауға арналған. Жұмыстың мақсаты құрамында глютені жоқ ұндардың әр түрін нанның сапасына әсерін зерттеу. Нәтижесінде құрамында 50% бидай крахмалы, 25% амарантты ұн және 25% нұқат ұны бар глютенсіз нанның оңтайлы рецептурасы алынды. Әзірленген рецептура отандық өндірістің глютенсіз азық-түлік ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.
39-43 335
Аңдатпа
Мақалада функционалды бағыттағы балқытылған ірімшік өндірісінде құрғақ итмұрын, мүқжидек және куркума қоспасын пайдаланудың өндіру технологиясында нәтижелері қаралады. 2%; 3% және 5% дәруменді өсімдік қоспасын еңгізу балқытылған ірімшіктің сақталуын ұзартады, органолептикалық, физика-химиялық қасиетін және тағамдық құндылығын жақсартады және технологиялық үрдісті өзгертуді талап етпейді.
43-47 276
Аңдатпа
Мақалада золь-гель әдісін қолдана отырып, тоқыма материалдарын тікелей бояғыштармен бояудың және антимикробтық өңдеудің бірлескен технологиясы бойынша зерттеулер берілген. Бұл әдіс аппреттің тұрақтылығын және жоғары сапалы әрленуді қамтамасыз етеді. Үлгілердің түстік және колористикалық көрсеткіштерін бағалау жүргізілді. Сұйық шынының концентрациясын арттыру есебінен мақта-мата маталарын бояудың тегістігін арттыру мүмкіндігі анықталды. Модифицирленген тоқыма материалдарындағы микробиологиялық бұзылуға төзімділік коэффициенті барлық жағдайларда 80% - дан жоғары болды. Мақта-мата маталарын бояудың және микробқа қарсы өңдеудің бірлескен тәсілдерін жүргізудің оңтайлы концентрациялық параметрлері мен режимдері анықталды.
47-52 285
Аңдатпа
Жұмыс арнайы киімдергеде қолданылатын шуылдан қорғайтын арналған текстиль материалдарының шуылдан қорғау қасиетін зерттеуге арналған. Материалдардан өтетін шуылдың деңгейін өлшеуге арналған қондырғы жасалған. Материалдардың қабат санына байланысты шуылдан қорғаудың салыстырмалары мөлшері анықталғна зерттеу. Тәсіл шуылды жағдайда жұмыс жасайтындар үшін арнайы киім материалдарын таңдауға мүмкіндік береді.
52-57 259
Аңдатпа
Жұмыс машина жасауға қатысты және жеңіл өндірісінің бұйымдарын роботты жиекті өңдеуді автоматтандыруға арналған. Жаңа жиекті өңдеу әдісі мен оны орындайтын құрылғы ұсынылған, мұнда тігін роботының (ТР550) құрылымын қосымша өзгертпей-ақ әртүрлі жиекті тігісті өздігінен бейімделіп орындалады, өйткені өңделетін жиек оған программа болады. Жұмыста ТР550 технологиялық мүмкіндігінің кинематикалық зерттеу нәтижелері және оны дамыту жолдары келтірілген.
57-63 250
Аңдатпа
Жаңа жасалған жиекті тігісті орындайтын әдістің кинематикалық зерттеудің нәтижелері келтірілген, соның нәтижесінде күрделі жиекті тігісті оператордың көмегінсіз орындайтын жаңа әдістің құрылымы жасалды. Айта кететіні бұл құрылым белгілі аналогтары сияқты бұйым өзгергенде бағдарламаны қайта жазуды қажет етпейд, өйткені құрылым оңделетін бұйымның жиегінің згеруіне өзгерістерге өздігінен бейімделеді. Бұл тігін роботы қымбат, технологиялық икемсіз автоматты бағдарламалы аналогтарды алмастырады
63-70 263
Аңдатпа
Мақалада қимасы дөңгелек тұтқыр сырықтың сипаттамасын, қоршаған ортаны және температураны есепке алғандағы тербелмелі қозғалысының теңдеуін құрастыру тәсілі қарастырылған. Дөңгелек тұтқыр сырықтың бұралу тербелістерінің нақты және жуықтау теңдеулері алынған. Өзгерту ортада сырықтың қандай күйде болатынын білу үшін келесі үш шарт қарастырылған: үйкеліс жоқ (жылтыр жанаспа), сырықпен ортаның үйкелісі, сырық-тың ортамен әсерінде Кулон заңы орындалатын және сырық пен оның қатаң жанаспасы.
71-75 306
Аңдатпа
Мақалада инкапсулициялауға арналған қондырғы жұмысының режимдерін зерттеу нәтижелері, сондай-ақ жұмыс сұйықтығының тұтқырлық мәндері алынған. Перистальтикалық сорғының әртүрлі айналым жиілігінде берілген қондырғының өнімділігі және әртүрлі температурада гель қалыптастырғыш сұйықтықтың тұтқырлығы анықталған. Эксперимент нәтижелері бойынша перистальтикалық сорғы жылдамдығының (40 айн/мин) және гель қалыптастырғыш сұйықтықтың температурасының (40оС) оңтайлы нұсқалары таңдалды.
75-79 374
Аңдатпа
Мақалада үздіксіз қамыр илеу машинасының тәжірибелік жолмен алынған өтпелі сипаттамасын пайдаланып, оның Лаплас бейнесіндегі беріліс функциясы айқындалған. Өтпелі сипаттаманы өңдеу барысында М.П. Симою және Е.П. Стефани тәсілі қолданылды. Қамыр илеу машинасының анықталған беріліс функциясы келешекте қамыр ылғалдығын тұрақтандырушы автоматты реттеу жүйесін құруда қолданыс табады. Дәлірек айтсақ, автоматты реттеуіштің орнықтылық аймағын тұрғызуда, сол сияқты, технологиялық процестерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратындай реттеуіштің баптау параметрлерінің оптималдық мәндерін есептеуде пайдаланады.
ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН
80-84 305
Аңдатпа
Химиялық технология саласында сулы-тұзды жүйелер арқылы өнімдер өндіріледі. Сулы-тұзды жүйелерде минералды заттардың зарядтық бөлшектері иондар түрінде болады. Ғылыми-ілімдік химия саласында қазіргі кезде қол жеткен нәтижелерді талдаулар көрсеткендей, осындай иондық бөлшектердің және олардың материалдық негізі болып табылатын атомдардың радиустары туралы шынайылылығы жоғары, толықтама ғылыми дәйектелген мәліметтер жоқ. Мақалада атомдар мен иондардың шынайы радиустары туралы мәліметтер келтірілген. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында белгілі мәліметтерге жақын және де соңғылардың периодтық жүйе шеңберінде өзгеру заңдылықтарын сақтайтын, бірақ өзіндік сандық нәтижелері бар мәндер алынды.
84-90 270
Аңдатпа
Зиянды қоспалардың атмосферада таралуын математикалық модельдеу кезінде метеорологиялық өрістерді қайта қалпына келтіру мүмкіндігі ерекше міндет атқарады. Біз ұсынып отырған гидродинамикалық модель метеорологиялық өрістердің тәуліктік тәртібін қалпына келтіруге және тиісінше зиянды қоспалардың таралуын есептеуге мүмкіндік береді. Атмосфераның жербеті - шектік қабатында қоспалардың таралуын гидродинамикалық модель арқылы есептеудің бірнеше нұсқаларының нәтижелерін талдап ұсындық. Барлық есептеу нұсқаларында қоспа бір компонентті және белсенді емес деп алынды. Есептеулер ерекше аномальды метеорологиялық жағдайларда жүргізілді.
90-94 307
Аңдатпа
Бұл жұмыста жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде былғары зауыттарының ағынды суларынан хром(III) ионын әртүрлі сорбенттермен бөлу мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттелген сорбенттердің ішінде топинамбур негізінде алынған табиғи сорбент 1,52 ммоль/г алмасу сиымдылығын көрсетті. Жаңа синтезделген Cybber КХ-100 катиониті де жоғары сорбциялық қасиет танытты, ал кең тараған КУ-2 катионитінің алмасу сиымдылығы төмен нәтижеге ие болды.
95-99 340
Аңдатпа
Мақалада негізінен мұнай және газ саласындағы энергоқорларды үнемдеу технологиялары мен екіншілік энергия қор көздерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылған. Есептік көрсеткіш бойынша, шығатын газдардың жылуын қайта пайдаланудағы (пластиналы регенератор) регенерациялау коэффициенті 0,80-0,90 болғанда отын газын үнемдеудегі ПӘК30-40 % жетеді, бұл регенераторсыз қондырғымен салыстырғандағы көрсеткіш. Мысалы ПӘК 5% ға көбейсе, бір ГТҚ үшін 140 -180 м3/сағ немесе 0,9-1,1 млн.м3 жылына отын газын үнемдеуі мүмкін. Келешектегі шығарылатын газтурбиналы қондырғылардағы (ГТҚ) жанған отын жылуын тиімді пайдалану коэффициенті 80 %-ға дейін жетуі мүмкін, оның 35-40 % нагнетатель білігінің қуаттылығын арттыруға, ал қалғаны сыртқа шығарылатын газдардың жылуын рациональды тиімді пайдалануға жұмсалады.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС
100-105 533
Аңдатпа
Мақалада қазақстандық банк секторының стресс-тестілеу сұрақтары қарастырылып, VaR тәуекелдерді өлшеу жүйелерін құру тәсілдеріндегі халықаралық тәжірибе талданады және Қазақстандағы барлық кәсіпорындарға пайдалы болуы мүмкін негізгі ойларды көрсетеді. «Жоғарыдан төмен» тұжырымдамасына негізделген банк секторын VaR әдіснамсы арқылы және макро деңгейден жеке кредиттік ұйымдарға өзара байланысты экономикалық және математикалық модельдер арқылы стресс құбылыстарының таралуын бағалау ұсынылды. Value-at-Risk (VaR) қазіргі уақытта әлемде жиі қолданатын, ең тиімді валюталық тәуекелдерді өлшеу әдіснама болып табылады.
106-111 346
Аңдатпа
Мақалада Алматы-DAP Достык (ҚХР) бағытындағы ет экспортының логистикалық шығыны келтірілген. Ет экспортын ұйымдастыру барысындағы маңызды шығындар туралы ақпарат берілді .Зерттеу қорытындысы етті өткізу саласындағы кәсіпкерлерге, сондай-ақ тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы компанияларға қолдануға мүмкіндік береді.
111-116 279
Аңдатпа
Мақалада бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы талқыланып, оны басқарудың негізгі бағыттары зерттеледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін басқарудың мақсатты көзқарасы. Мақаланың жаңалығы - ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағдарламалық-мақсатты басқару моделі жасалды. Зерттеу нәтижесінде ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосылған құнды құрудың әрбір сатысында өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын анықтау, жоспарлау, құру, қолдау және арттыру процестері оның деңгейін арттырады немесе жоспарланған деңгейде сақтайды.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
117-120 293
Аңдатпа
Аталмыш мақалада ағылшын тілін студенттерге оқытуда ақпараттық блог технологиясының қолданылуы талқыланады. Интернет заманауи білімнің ажырамас бөлігі болғандықтан, әртүрлі веб-технологияларды қолдану жоғары білім саласында шетел тілін оқыту барысында мұғалімге қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттық блог технологиялары білім беру ортасында кең қолданысқа ие болды. Ағылшын тілін оқыту үдерісінде блогты қолдану жазбаша дағдыны, сыни ойлауды және тағы басқа қабілеттіліктерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.
ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)
ISSN 2710-0839 (Online)