Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 4 (2018)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-12 273
Аңдатпа
Мақалада целлюлозалық тоқыма материалдарды колорлау және гидрофобтық өңдеудің инновациялық бірлескен технологиясын жасау бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Жасалған технология қолданылатын химиялық материалдардың, судың, электр энергиясының және уақыттың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Целлюлозалық тоқыма материалдарды колорлау және гидрофобтық өңдеу жаңа технологиясы гидрофоби-зацияны жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді: шеттік сулау бұрышы 134° дейін, суға төзімділік 185 мм су бағ. дейін, тоқыма материалдарының беттік сулануға тұрақтылығы 95 баллға дейін жетеді. Өңдеудің жаға технологиясы тоқыма материалдарының беріктігін, ауа өткізгіштігін барынша сақтауды, оның эстетикалық, пайдалану-гигиеналық көрсеткіште-рін, материалдың үйкеліске, сулы өңдеулерге тұрақтылығын жоғарылатады.
12-18 636
Аңдатпа
Мақалада дәнді-бұршақты дақылдардың ұсақталған тұқымдарының химиялық құра-мын талдау нәтижелері берілген. Сорттық бидай ұнының және дәнді-бұршақты дақылдар-дың ұсақталған тұқымдарының химиялық құрамы бойынша салыстырмалы талдау кел-тірілген, соңғылардың ақуыз, тағамдық талшықтар және минералдық заттардың құрамы бойынша едәуір артықшылықтары көрсетілген. Тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру үшін қызыл бұршақ, ноқат, үрме бұршақ және жасымық дәндерінің ұсақталған тұқымдарын пайдаланудың тиімділігі теориялық тұрғыдан негізделген және эксперимент-тік түрде расталған, олардың негізі бидай нан пісіру ұны болып табылатын композиттік ұн қоспаларының компоненті ретінде. Дәнді-бұршақты дақылдардың тұқымдары аминқышқыл құрамы, минералды заттар және тамақ талшықтары бойынша теңдестірілген ақуыздың жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақты ұн (бұршақ, ноқат, жасымық және үрме бұршақ) бидай ұнымен салыстырғанда құрамында ақуыз 50% - ға, майлар 55% - ға, тағамдық талшықтар 69% - ға артық.
18-23 909
Аңдатпа
Лазерлік технология күрделі геометрияны кесу кезінде артықшылықтарды, тұрақты кесу сапасын және былғары материалды ең жақсы пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Былғары-Лазерлік кесу үшін қолайлы материал. Лазерлік кесу өнімнің әртүрлілігін артты-руға, оның көлемін реттеуге мүмкіндік береді, лазерлік кесу қолдану өндірістің икемділігін береді, яғни, кесу құралын ауыстыру қажеттілігінсіз геометрияны өзгерту арқылы бір өнімді өндіруден екіншісіне жылдам өтуге мүмкіндік береді. Лазерлік кесудің оңтайлы параметр-лерін анықтау үшін лазерлік кескіш сынақтар жүргізілді. Лазер қуатын екі есе арттыру кесу сапасын төмендетпей екі есе кесу жылдамдығына әкелді.
24-28 344
Аңдатпа
Бұл зерттеу жасанды тері қасиеттерін зерттеуге бағытталған. Бұл мәселені зерт-теу кезінде материалдардың экологиялылығы, кию кезіндегі төзімділігі және сыртқы түрі маңызды аспект болып табылады. Бұл мақалада оны өндіру мәселелері, техникалық және экономикалық сипаттамалары қарастырылады. Танымал брендтердің жасанды тері танымалдығы зерттелді. Нарықтың осы сегментін талдаудың экономикалық, өндірістік және техникалық деректері негізінде киім өндіру үшін жасанды теріні пайдаланудың ақтал-ғандығы туралы қорытынды жасауға болады.
28-34 269
Аңдатпа
Жұмыс Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жүк автомобильдеріне техни-калық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін ұйымдастыру мен сапасын басқаруды зерт-теуге арналған. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін (ТҚКжЖЖ) құру және енгізу, жүк автомобильдерінің техникалық жай-күйін қолдау үшін пайдаланудың нақты жағдайларын ескере отырып, ТҚКжЖЖ ұйымдастыру процесінің кешенді ұйымдық-эконо-микалық моделі әзірленді. Қарастырылатын ұйымдық-функционалдық модель ақпараттық ағындардың өзара іс-қимылына негізделеді. ТҚКжЖЖ жүйесін енгізуден экономикалық тиім-ділікке ұйымдастырушылық себептер бойынша уақыт шығындарын жою, пайдалану шығын-дарын және келтірілген шығындардың жалпы сомасын төмендету есебінен қол жеткізіледі.
35-38 623
Аңдатпа
Бұл мақалада бие сүтінің тамақтанудағы рөлі мен адам ағзасына пайдасы ғылыми не-гізделген. Жылдың маусымына қарай бие сүтіндегі ақуыздың, майдың массалық үлесі, қыш-қылдық, физика-химиялық көрсеткіштері зерттелді. Бие сүті жоғары биологиялық құн-дылыққа ие. Кейбір авторлардың пікірі бойынша, өзінің құрамы мен қасиеттері бойынша адамдар үшін ең табиғи тағам болып табылады. Бие сүтінің органолептикалық, физикалық-химиялық қасиеттері бойынша сүтқышқылды сусындарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалану үшін жылдың барлық айларында жарамды екені анықталды, алайда гигиеналық сипаттамасы бойынша шикізаттың тек 15% ғана талаптарға жауап береді.
39-45 312
Аңдатпа
Мақалада қой шаруашылығы өнімдерінің өндірісін барынша аз шығынмен ұлғайту және оның сапасын арттыру бойынша міндеттерді шешу үшін бұрын қой рационында пайдала-нылмайтын жаңа жем-шөп құралдарын игеру қажет екендігі көрсетілген. Мұндай көздерге жүзімді қайта өңдеу қалдықтарынан алынған, жеңіл сіңірілетін шикі протеин, май, кальций жеткілікті жоғары мөлшері бар және өнім өндіруге арналған жемдік шығындарды төменде-туге ықпал ететін жемдік қоспалар болуы мүмкін.
46-50 282
Аңдатпа
Мақалада жүн киіздерінің көлемдік тығыздығына байланысты үзу көрсеткіштері зерттеледі. Әртүрлі тығыздықтағы киізден жасалған жаймалардың үзу динамикасын зерттеу барысында, жүн киіздердің үзу көрсеткіштерінің олардың көлемдік тығыздығына байланысты эмпирикалық тәуелділігі шығарылды. Киіздің үзу жүктемесіне байланысты үзілгіш ұзаруының диаграммасы массалық тығыздығының өзгеруінен ерекшеленетіндігі анықталды, бұл дайын жаймалардың сапасын қамтамасыз ететін жүн киіздерінің қасиет-терін болжауға мүмкіндік береді.
50-56 429
Аңдатпа
Мақалада сүт өндірісінде сүт майының алмастырғыштарын пайдалану туралы және оның алдағы перспективасы туралы ақпарат берілген. "ЭФКО" фирмасының "Эколакт" май алмастырғыштарының физика-химиялық сипаттамалары ұсынылған. Сүт майын алмастырғыштың балқу температурасы -34-360С. Зерттеу нәтижелері бойынша, "Эколакт 1403-35" сүт майын алмастырғыш пайдалану йогурттың сапалық көрсеткіштерін артты-рады және негізгі сүт шикізатын алмастыруға мүмкіндік береді. Бақылаумен салыстырғанда майдың мөлшері 15-21%-ға артады. Гомогенизация тиімділігі және сүт қоспасындағы ор-ганолептикалық көрсеткіштер төмендемейді.
56-61 279
Аңдатпа
Жұмыста дәннің, ұнның, нанның В асіllius түрінің бактерия спораларымен ластану мә-селесіне байланысты сұрақтар қарастырылған. Бірінші сұрыпы бидай ұнына технологиялық және бактериологиялық әдістермен нанды картоп ауруына зерттеу жүргізілді. Үш өнді-рушінің ұндары картоп таяқшасының спораларымен ластану деңгейі бойынша әлсіз және орташа болып сипатталды.
61-66 332
Аңдатпа
Мақалада жүн және кендір талшықтарының пайыздық қосындысының микробқа қарсы белсенділігі туралы зерттеулер жазылған. Микробқа қарсы өңдеу дистилденген суда мыс сульфаты, ПВП, бензой қышқылы арқылы асырылды. Түрлендірілген материалдардың микробқа қарсы белсенділігі БГКП және көгерген саңырауқұлақтар сынау арқылы анық-талды. Маталардың көрсетілген әсері 2 мм аралығында зонаны ұстап қалатыны көрсетілді. Зерттелген маталар үлгілері тұрақты антисептикалық әсерге ие екендігі анықталды. Тал-дау нәтижелері бойынша тоқыма талшықтарындағы заттардың сандық мазмұны анық-талды. Композициялардың әсері тоқыма материалдарының қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейтіні көрсетілді.
67-71 261
Аңдатпа
Бұл мақала қажетті қорғаныс жапсырмасы бар күртеше мен шалбардан тұратын арнайы киімнің жаңа моделі жасалған. Сылақшылар үшін "COREL DRAW" бағдарламасының көмегімен матаның қорғаныс қасиеттерін ескере отырып, арнайы киімнің жаңа моделін әзірлеу арнайы киімнің жасау процесін қысқартуға, еңбек шығындарын, уақытты және материалдарды азайтуға мүмкіндік береді, бұл еңбек жағдайын жақсартады, ауру мен жарақаттануды азайтуға мүмкіндік береді.
71-77 343
Аңдатпа
Мақала машина жасау және жеңіл өнеркәсіптегі бөлшектер мен бұйымдарды соғу пер-форациясы және таңбалау үшін технологиялық күшті анықтауға, соққы әсерін пайдала-натын екі кооординатты жүйесі бар құрылғы құрылымын әзірлеуге арналған. Жұмыста технологиялық күштерді, материалдың қасиеттерін, құрал параметрлері мен операцияны орындау жылдамдығын байланыстыратын аналитикалық өрнектер алынды. Зерттеу нәти-желері құрылғыны жобалау кезінде, сондай-ақ көрсетілген операцияларды орындау үшін қа-жетті технологиялық күштерді есептеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
78-84 253
Аңдатпа
Мақалада авторлар бірегей вибросепараторда неғұрлым толыққанды тұқымдарды іріктеуден тұратын сафлор тұқымдарын себу алдында өңдеудің перспективалы тәсілін ұсынды. Бастапқы вибросепараторда өңдеу нәтижесінде өнгіштігін зерттеуге түскен тұ-қымдық материалдан жеңіл, орташа және ірі үш фракция алынды. Зертханалық және дала-лық жағдайларда бастапқы және тығыз фракциядағы сафлор тұқымдарының өнгіштігін анықтау бойынша тәжірибелік зерттеу жүргізілді. Тығыз фракциялы сафлор тұқымының бастапқы партияның тұқымдарымен салыстырғанда, алдын ала өңдеусіз жоғары өнгіштігі бар екендігі анықталды. Бастапқы және тығыз фракциядағы тұқымдарды себу алдында өңдеу нәтижесінде 1000 тұқымның массасы 4,72 г - ға, табиғи - 53,49 г/л - ға, өсу энергиясы -7% - ға және өнгіштігі - 9% - ға өсті.
84-88 235
Аңдатпа
«Чебышев желілері» әдісімен киімнің деформациясын, киімдерін дәл бағалауға тәжі-рибеден өтудің мүмкіншіліктері, тәсілдері туралы ақпарат келтірілген. Тензорлық талдау әдісі мен табылған деформацияларды анықтауға арналған тазартылған математикалық модельдер әдістері ұсынылған. Коструктив-технологиялық киімдерді анықтауға қолданыла-тын эксперименттік бағалаудың нәтижелері аналитикалық тәуелділіктермен тығыз үйле-сімділік көрсетті.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

89-93 254
Аңдатпа
Бұл жұмыста синтетикалық тері өндірісі саласының экологиялық ластануымен кү-реске жұмсалған шығындарды талдау келтірілген. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың құнын өлшеу ақшалай қаражатта көрсетілген белгілі бір өлшем бірлігі бар экологиялық шығындарды есепке алуда негізгі болып табылады. Экологиялық шығындарды есепке алу әдіс-терінің дамуына және қоршаған ортаны қорғауға байланысты проблеманың маңыздылығына байланысты, неғұрлым дәл және шындыққа жақын жаңа зерттеу мен өлшеу әдісін енгізу қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Осыған байланысты Қытай кәсіпорындарының мы-салында қоршаған ортаны қорғау шығындарын ескере отырып, синтетикалық былғары өнер-кәсібін жаңғырту бойынша шаралар ұсынылды.
94-97 313
Аңдатпа
Мақала мұнай өнімдерінің физико- химиялық қасиеттерін зерттеуге және оларға ар-налған депрессорлық қоспалардың әсеріне арналған. Зерттеу объектісі «ПетроКоммерц Ойл Қазақстан» және «LIQUI MOLY», «FELIX», «ABRO», «HI-GEAR» маркалы қоспалары болып табылады. Мұнай өнімдерінің тұтану, қату, лайлану процессі, сүзу температурасының шек-телуі, кинематикалық тұтқырлығы және мұнай өнімінің фракциялық құрамын қамтитын негізгі физико-химиялық сипаттамалары келтірілген. Зерттелген маркалар арасында ең жақсысы - «LIQUI MOLY» бренді болып табылды.
97-101 293
Аңдатпа
Бұрғылау саласында бентонитті қолданылуы ұңғымалар құрылысы мен технологиясы-ның сапасын жақсартуда маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұрғылау ерітіндісі-нің бентонит негізіндегі төмендеткіш қабілеттілігі ұңғыма оқпанын құрғатып, нығайтады. Өз кезегінде бұл жыныстардың опырылуы мен шөгуінің алдын алады. Бентонит негізіндегі бұрғылау ерітінділері өзіне тән қасиеттерге ие болып, негізінен бұрғыланған жыныстың шламына іріткіш әсерін тигізеді. Ұсынылған бұрғылау ерітінділері биологиялық ерігіш болып, қалдықтарды жою бойынша қосымша шараларды қажет етпейді.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СЕРВИС

102-105 352
Аңдатпа
Шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау әрқашан мемлекеттік саясаттың басымдығы болды. Бұл мақалада шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, шағын кәсіпкер-лікті мемлекеттік қолдауды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік экономикалық саясат-тың маңызды салалары қаралды. Шағын және орта бизнеске тікелей қатысы бар мамандар арасында жүргізілген сараптамалық сауалнама барысында елімізде шағын және орта кәсіп-керлікті қарқынды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалғаны анықталды. Бұл ретте сұралғандардың 37,5% - ы бұл жағдайларды қалыпты деп бағалады, сауалнамаға қатысу-шылардың сонша "жағдай бар, бірақ жекелеген проблемалар бар" деп мәлімдеді және сарап-шылардың 18,8% - ы "жалпы жағдайды анықтайтын басты"деп жауап берді.
105-112 514
Аңдатпа
Бұл мақалада қонақ үй бизнесі табысты жұмыс істеуі үшін қажетті қызметтер мен технологиялар саласындағы соңғы және ең маңызды жаңалықтардың бірі ұсынылған. Қонақ үй қызметтерін дамытудың перспективалы бағыты ақпараттық технологияларды, қызмет көрсету саласын жетілдіру және қонақ үй бизнесінің кадрлерін дұрыс таңдау болып табы-лады. Осы мақалада қонақжайлылық индустриясында қосымша қызмет көрсету жүйесі өте маңызды екендігі түсіндіріледі.
112-118 267
Аңдатпа
Қарастырылып отырған мақалада автокөлік кәсіпорындарының тұрақты экономикалық ілгерілеуінің концепциясы көрсетілген. Өндіріске О. Моргенштейн енгізген динамикалық тепе теңдік принципі қолданылған және «Канбан» «дәл уақыт» жүйелерінің принциптері қарастырылған. Автомобильмен жүк тасымалдау қызметін басқаруда аталған ережелерді қолдану өте ыңғайлы, тиімді және шығыны минималды болатын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізеді.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

119-123 426
Аңдатпа
Авторлар білімді ізгілендіруді Қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруы және гумани-тарлық пәндерді оқыту тұрғысынан қарастырады. Білім беруді ізгілендіруде студенттердің бойында мейірімділік, сұлулық, адалдық, шыншылдық, әділеттілік, адамдар арасындағы тең дәрежедегі қарым-қатынас сияқты гуманистік тәрбие мен білім берудің жолдары көрсетіл-ген. Білім беру адами капиталдың қалыптасуын қамтамасыз етудің негізі ретінде алынса, ол туа біткен ақыл-ой мен физикалық қабілет, дарын, сыйдың негізінде ғана емес, алынған білім мен біліктілікті негізінде мүмкін болады.
123-129 398
Аңдатпа
Бүгінде мобильді ақпараттық технологиялар әлемдік экономиканың түрлі салаларын тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Мейрамхана бизнесі саласында мобильді ақпа-раттық технологиялар, әсіресе Қазақстан Республикасында өзінің дамуының бастапқы кезе-ңінде. Бүгінде мобильді ақпараттық технологиялар әлемдік экономиканың түрлі салаларын тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақстандық мобильді ақпараттық техноло-гиялар нарығының талдауына сәйкес, отандық мобильді қосымшалар көп жағдайда, мейрам-хана бизнесі үшін тиімді мобильді қосымша тұтынушы үшін ақпараттық жүктемені ғана емес, сонымен қатар тұтынушы мен кәсіпорын арасындағы өзара қарым-қатынасты бас-қару процестерін үйлестіруге тиіс болатын қайта өтініштерді ынталандыру және сервис процестерін автоматтандыру жүйесі болып табылады. Мобильді қосымша кәсіпорында өтетін сервис процестеріне сәйкес көпфункционалды болуы тиіс: кәсіпорында өтетін үдеріс-тердің көп арналы интеграциясын қамтамасыз ету; байланыс персоналын ГОСТ, оның қа-лауы мен ұстанымдары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; талдамалық маркетингтік мақсаттарда деректерді жинау мен өңдеуді автоматтандыруды қамтамасыз ету.


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)