Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2021)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-11 468
Аңдатпа

Ацидофильді ашытқы өндірісінде жүретін процестерге арпа ұнының әсері бойынша зерттеулер жүргізілді. Қантталған ашытқыны дайындау кезінде арпа ұнын енгізу оның көтеру күшінің жақсаруына және қышқылдың жиналуын тездетуге әкелетіні анықталды. Ең жақсы нәтиже арпа ұнын қамырдағы ұнның массасынан 5% – 10% мөлшерінде енгізу кезінде байқалды. Бұл ретте ұйытқының биотехнологиялық көрсеткіштерінің жақсаруы оның пісіпжетілу кезеңінің 60-120 минутқа қысқаруымен қатар жүреді. Арпа ұнын қолдана отырып, ацидофильді ашытқыны дайындаудың жаңа технологиясы жасалды, ол қоректік субстраттың амин қышқылы мен дәрумендік құрамын байытады және оның биотехнологиялық қасиеттерін жақсарта отырып, ашытқыны дайындау процесін қарқындатады.

11-16 674
Аңдатпа

Бұл мақалада дәстүрлі емес ұндарды қолдана отырып, целиакиямен ауыратын адамдарға арналған глютенсіз нан өнімдерін өндірудің технологиясын жетілдіру ұсынылған. Глютенсіз пісірілген өнімдердің пісіру сапасын жақсартудың, нан жұмсағының құрылымын жақсарту және нанның соңғы көлемін ұлғайтудың әртүрлі мүмкіндіктеріне шолу жасалынды. Зерттеу барысында күріш пен жүгері ұндарының қоспасына 5%, 10%, 15% мөлшерінде зығыр ұнын қосып нан пісірілді. Қамыр илеу кезінде барлық рецептуралық компоненттермен бірге зығыр ұны қосылды. Зығыр ұны қосылған күріш пен жүгері ұндарының қоспасынан пісірілген нан жақсы органолептикалық сапа көрсеткіштеріне ие болды, бірақ пісірілген өнімнің бетінде кішігірім жарықтар пайда болды. Нанға тән хош иісі болды. Зығыр ұнының пайызы артқан сайын пісірілген нанның дәмі де айқындала түсті. Әзірленген рецептура отандық өндірістің глютенсіз азықтүлік ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

16-21 615
Аңдатпа

Мақалада бу өндіру қазандығындағы бу қысымы мен қазандыққа берелетін жанармай мөлшерінің араларындағы аналитикалық тәуелділік (математикалық модель) алынған. Математикалық модель «жанармай – қазандықтағы бу қысымы» каналы бойынша тәжрибелік жолмен алынған сипаттамаға сүйене отырып анықталған. Тәжрибелік сипаттама өз кезегінде М.П. Симою және Е.П. Стефани тәсілі арқылы өңделеді. Бу қазандығындағы будың өзгеру динамикасы Matlab (Simulink) модельдеу ортасында модельденген. Мақалада келтірілген нәтижелер бу өндірудегі бу қысымын тұрақтандыру жүйесін құруда қолданыс табады. Дәлірек айтсақ, автоматты реттеуіштің орнықтылық аймағын тұрғызуда, сол сияқты, технологиялық процесстерге қойылатын талаптарды қанағаттандыратындай реттеуіштің баптау параметрлерінің оптималдық мәндерін есептеуде пайдаланады.

21-25 398
Аңдатпа

Бұл мақалада ішкі гидравликалық қысымның әрекеті кезінде өрт сөндіру жеңдері (ӨСЖ) беріктігін есептеу үшін алынған формуланың негізінде 1,6 H жұмыс қысымына есептелген латекстелген ӨСЖ -дегі үзілу қысымының негіз бен арқау бойынша геометриялық тығыздығы сияқты параметрлерге тәуелділігі зерттелді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ӨСЖ армирлеуші қаңқа матасының негізі мен арқау жібі бойынша геометриялық тығыздықтардың ұлғаюымен өрт сөндіру жеңінің үзілу қысымының азаю заңдылықтары эксперименталды түрде анықталған. Жаңа өрт сөндіру жеңдерін жобалау кезінде үзілу қысымының негіз бойынша геометриялық тығыздықтарға және арқаулық қаңқаның ұлпасына айтарлықтай тәуелділігін ескеру қажет. Диаметрі 77 мм латекстелген ӨСЖ мата арматуралау қаңқасының оңтайлы параметрлерін таңдау бойынша ұсыныстар берілді.

26-32 425
Аңдатпа

Бұл мақалада ауылшаруашылық жануарларының (ешкі, қой) сүттерінің қоспасы негізінде функционалды жұмсақ ірімшіктің жаңа түріне арналған шикізат пен рецептураның компоненттерін таңдау бойынша жүргізілген теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері туралы мәліметтер келтірілген. "Веторон"биологиялық белсенді функционалды қоспасының әртүрлі концентрациясы бар ірімшік қамыры мен ірімшік қамырының органолептикалық, физика-химиялық және құрылымдық-механикалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері сипатталған. Сондайақ, функционалды тамақтану үшін ешкі мен қой сүтінің қоспасынан жұмсақ ірімшіктің жаңа түрін өндірудің өзгеріс енгізілген технологиялық процесі ұсынылған.

32-38 990
Аңдатпа

Зерттеу барысында сиыр сүті, ешкі сүті сияқты әртүрлі сүт үлгілеріндегі казеиннің тұнбасы зерттелді. Сүт үлгілеріндегі ақуыз мөлшерін болжау үшін казеин титрлеу әдісі қолданылады. Казеиннің негізгі компоненттерінің бірнеше аминқышқылдарының қалдықтарымен ерекшеленетін генетикалық нұсқалары бар екендігі анықталды. Бұл ақуыздардың молекулалық салмағы 20 мыңға жуық, изоэлектрлік нүктесі шамамен 4,7, құрамында пролин мөлшері жоғарылаған (полипептидтік тізбек b-құрылымына ие) және денатуранттарға төзімді.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

38-44 452
Аңдатпа

Мақала Алматы технологиялық университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне "Орыс тілі" пәнін оқытуда құзыреттілік-әрекеттік тәсілді іске асыру мәселесіне арналған. Мақалада оқыту стратегиясының негізі ретінде қабылданған "құзыреттілік-әрекет тәсілі" ұғымы, сондай-ақ негізгі құзыреттердің ерекшелігі ашылған. Автор тілдік жүйенің барлық деңгейлері бойынша лингвистикалық фактілерді пысықтауға бағытталған сөйлеу әрекетінің түрін және тілдің аспектісін ескере отырып құрылған оқу тапсырмаларының типологиясын ұсынады. Автор орыс тіліндегі ақпарат көздерін баспа және электронды нұсқада қолдану, оқу-дидактикалық материалды құру және құзыреттілік-белсенділік тәсілін қолдана отырып сабақ жүргiзу, студенттердiң кәсіби пәндерi бойынша ізденіс және зерттеу қызметін жүзеге асыру арқылы кәсіби пәндер бойынша білімдерін кеңейтуге дайын болуын қамтамасыз етеді деген тұжырымға келеді.



ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)