Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
№ 3/1 (2020)

ТАҒАМ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5-9 382
Аңдатпа

Мыс нанобөлшектерімен қарасора материалдарын өңдеудің оңтайлы шарттары әзірленді. Мыстың нанобөлшектерімен модификацияланған қарасора материалдарының бактерияға қарсы қасиеттері зерттелді. Мыс нанобөлшектерімен модификацияланған қарасора материалының бактерияға және зең саңырауқұлақтары E-coli, penicillium Brevi-ге қарсы белсенділігі көрсетілген.

9-13 361
Аңдатпа

Бұл жұмыста балға, мыжғылағыш және кардты тарау машиналарында өңделгеннен кейінгі зығыр текті талшықтардың сызықтық тығыздығының өзгеруіне зерттеу жүргізілді. Қайта өңдеуге дейінгі және кейінгі қарасора талшықтардың физико-механикалық қасиеттері анықталған болатын. Зерттеу барысында көрсетілген нәтижелер бойынша мыжғылау машинасында талшықтардың сызықтық тығыздығы өңдеу санына байланысты емес екені дәлелденді. Бұл машинадан кейінгі қарасора талшықтарының орташа жіңішкелігі 25,8 тексті құрайтыны көрсетілді. Сонымен қатар, зерттеу барысында қысқа қарасора талшығы өңдеуден кейінгі неғұрлым сызықтық тығыздығы бойынша жіңішке және ағартылған талшық алатындай мүмкіндік беретін технологияны ұсынуға болатынын көрсетті. Барлық технологиялық үрдістерден кейінгі талшықтың орташа тексті мыжғылау машинасында, кардты тарау және балғалы машинасында 21,3 тексті құрайды.

14-21 313
Аңдатпа

Бұл мақалада талшық арасындағы созу күші мен жылжымалы процеске қаысатын жіптің үйкелісін анықтауға арналған аспап сипатталған. Авторлар электрлі тензодатчик негізінде талшық арасындағы үйкеліс күшін өлшеуге арналған және оның нәтижелерін компьютерде өңдеуге арналған аспап ойлап тапты. Аспапта үйкеліс коэффициенттерінің статикалық және динамикалық шамаларын өлшеуге болады. Аспапты өндірісте қолдану тоқыма материалдарының созу процесін оңтайландыруға арналған майлағыштарды тез таңдауға және таспаның, созбаның және иірім жіптің біркелкілігін арттыру арқылы өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

21-26 402
Аңдатпа

Мақалада ерекше назар майлы зығыр талшығының физика-механикалық қасиеттерін зерттеуге және Қазақстанда қолданылатын алғашқы өңдеуге арналған. Майлы зығыр талшықтарын ылғалдандыру технологиясын зерделеу кезінде келесідей тапсырмалар қойылды: талшықтарды бөлу, лигнин және пектиндік заттарды жою. Зығыр сабақтарын ылғалдандыруға қатысты түрлі технологиялар қарастырылды. Тоқыма талшықтарын алудың Қазақстан жағдайына сай оңтайлы технологиясы таңдалды. Талшықтардың сызықтық тығыздықтары мен ұзындықтары салыстырмалы түрде зерттелді. Алынған нәтижелер бойынша жай сулы ортада тұрған талшық көрсеткіші 6,7 Т, өңделген талшық көрсеткіші 3,1 Т. Яғни қолданылған технология талшықтың құрамындағы лигнин, пектиндік заттарды талшық құрамынан жойған.

27-31 356
Аңдатпа

Бұл жұмыста мақта-мата және аралас матаны биоқорғауға арналған, мыс сульфаты, поливинилпирролидон, бензой мен салицил қышқылдары секілді заттардың негізіндегі жаңа композициялық құрамды әзірлеу қарастырылады. Жаңа композициялық құрамды қолданудың артықшылығы - қолданылатын препараттардың қолжетімді болуы, сондай-ақ технологиялық үрдістің қарапайымдылығы. Тоқыма материалдарын микробқа қарсы өңдеуге арнап әзірленген бұл тиімді композициялық құрам салыстырмалы түрде алғанда арзан, экологиялық тұрғыда қауіпсіз, ылғалды өңдеулерге төзімді. Зерттеу нәтижелеріне қарап, ұсынылып отырған құраммен апреттелген мақта-мата мен аралас маталарының микробқа қарсы қасиеттері жақсы болатындығы, сонымен қатар олар тұтыну барысында микроорганизмдердің әсеріне төзімді болып келетіндігі анықталды.

32-37 375
Аңдатпа

Қазіргі уақытта тікелей сығылған жүзім шырыны негізінде функционалдық сусындар технологиясын әзірлеу Қазақстанның оңтүстігінде әртүрлі және қолжетімді шикізат базасының болуына байланысты ерекше маңызды және өзекті міндет болып табылады. Қысқа уақыт ішінде қолданылатын жоғары температура шырынның сапасына терең теріс әсер етпейтіндіктен, тікелей сығылған жүзім шырындардың зерттеу үлгілеріндегі бос аминқышқылдарының құрамының өзгеруіне әсер ететін негізгі технологиялық кезең ретінде жылумен өңдеуге бағалау жүргізілді. Зерттеу үлгілердің органолептикалық және химиялық талдауы мәліметтерінің жиынтығын ескере отырып, биологиялық құндылығы жоғары шырындар өндіру үшін залалсыздандыру процесінен кейін амин қышқылдарының жоғары жиынтығы бар жүзім Сенсация (1504,5 мг/дм3) және Хусайне қызыл (1288,8 мг/дм3) сұрыптарын ұсынамыз.

38-43 408
Аңдатпа

Мақалада текстильдік мақта материалдарын аппреттеуге арналған биоцидтік препаратын дауындау бойынша зерттеулер берілген. Авторлармен ұсынылған салицил қышқылы мен сұйық шыны негізіндегі аппрет мақта-мата маталарының жоғары биотұрақтылығын қамтамасыз етеді, сапа көрсеткіштерін төмендетпейді және аппрет қосылыстарына қойылған барлық экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Биоцид препаратымен өңделген мақта-мата маталардың микробиологиялық зақымдануға тұрақтылық коэфициенттері 80%-дан жоғары көрсеткіштерге ие болды. Сонымен қатар, жұмыста жаңа биоцидтік препаратпен өңделген текстильдік материалдардың сапасы және қауіпсіздігі бағаланды.

43-46 329
Аңдатпа

Мақалада пайдалану жағдайында тоқыма материалдарының микробиологиялық беріктігін арттыру әдісі ұсынылған. Поливинил спиртін (ПВС), малеин қышқылын (МҚ) және күміс иондарының (КИ) ерітіндісін пайдалана отырып зерттеулер жүргізілді. Бұл мата тоқыма  материалының микробқа қарсы қасиеттерін жақсарту үшін таңдалған реагенттердің негізінде аппретпен өңделген. Бұдан басқа, аппреттің әртүрлі концентрацияларымен өңделген үлгілердің физика-механикалық қасиеттерін анықтау үшін, қорғау функцияларына және кию тиімділігіне теріс әсерін болдырмау үшін зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде  омпозиция компоненттерінің барынша оңтайлы шоғырлануы анықталды: ПВС – 8 г/л, КИ – 50 мл/л, МҚ – 5 г/л.

ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ДИЗАЙН

47-52 421
Аңдатпа

Бұл мақалада су бетін мұнай өнімдерімен ластанудан тазартуды зерттеу нәтижелері келтірілген. Сорбент ретінде Түркістан облысындағы Құлантау кен орнының вермикулиті зерттелді. Зерттеулер модификацияланған вермикулит негізгі сорбция уақыты (4 сағат) өткеннен кейін 2 тәулікке дейін сорбцияланған мұнайды ұстап тұруға қабілетті екенін көрсетті. Мұнай сыйымдылығы мұнай қабықшасының қалыңдығына, сорбция уақытына және алынған сорбент мөлшеріне байланысты екені анықталды.

53-56 360
Аңдатпа

Мақала мұнай өнімдердің төмен температуралық қасиеттерін зерттеуге және оларға арнаоған депрессорлық қоспалардың әсеріне арналған. Зерттеу объектісі «ПетроКоммерц ОйлКазахстан» өндірген жаздық дизель отыныны және «AGA», «MANNOL», «FENOM», «CYCLO C-24» маркалы қоспалар болы табылады. Мұнай өнімдерінің тұтану, қату, лайлану процессі, сүзу температурасының шектелуі және кинематикалық тұтқырлығын қамтитын негізгі физика-химиялық сипаттамалары келтірілген. Зерттелген маркалар арасында ең жақсысы – «MANNOL» бренді болып табылды.

57-60 374
Аңдатпа

Мақала мұнай өнімдердің төмен температуралық қасиеттерін зерттеуге және оларға арнаоған депрессорлық қоспалардың әсеріне арналған. Зерттеу объектісі «ПетроКоммерц ОйлКазахстан» өндірген жаздық дизель отыныны және «AGA», «MANNOL», «FENOM», «CYCLO C-24» маркалы қоспалар болы табылады. Мұнай өнімдерінің тұтану, қату, лайлану процессі, сүзу температурасының шектелуі және кинематикалық тұтқырлығын қамтитын негізгі физика-химиялық сипаттамалары келтірілген. Зерттелген маркалар арасында ең жақсысы – «MANNOL» бренді болып табылды.

61-66 377
Аңдатпа

Мақала аспирин және капсула түріндегі парацетамол негізінде дәрілік препаратты алу технологиясын әзірлеуге арналған. Маркетингтік талдау Қазақстанда капсула түріндегі дәрілік препараттардың әзірленуінің өзектілігін көрсетті. Субстанция үлгілерінің негізгі физика-химиялық және технологиялық қасиеттері зерттелді. Бастапқы шикізат пен дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері анықталды. Технологиялық Есептер жүргізілді.

66-70 398
Аңдатпа

Мақалада 1:3 қатынасында АГМ-9 және ТГМ-3 модификацияланған қоспасы бар эпоксидті шайыр негізіндегі композициялық материалдардың коррозияға қарсы қасиеттерін және нанобөлшектермен өңделген мырыш оксидін зерттеу нәтижелері келтірілген.  Металдарды эпоксидті олигомерлермен және мырыш нанобөлшектерімен жабу олардың коррозияға төзімділігін едәуір арттыратыны анықталды. 90 күн ішінде NaCl 3,5% ерітіндісінде ұсталғаннан кейін жабынсыз металдың қаттылығы 22%- ғ а, АГМ-9 және ТММ - 3 композиттерімен модификацияланған-11%- ғ а, ал мырыш нанобөлшектерімен қосылған эпоксидті олигомерлермен модификацияланған металл қаттылғы 3%-ғ а азаяды.

70-75 349
Аңдатпа

Мақалада циклді және гетероциклді ацетилен спирттеріне натрий гипобромидінің әсерінен гетероциклді бромаацетилен спирттерін, сондай-ақ литий алюминий кешендерін қолданып олардың акрил және метакрил эфирлерін алу әдісі келтірілген. Алынған өнімдердің құрамы мен құрылымы элементтік анализ, ИҚ және ПМР спектрлерінің мәліметтерімен расталды. Зерттеу нәтижесінде литий алюминий гидридінің қатысуымен өнімнің шығуы барлық жағдайда 80 %-дан жоғары екендігі анықталды.



ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)