Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Мақалада текстиль материалдарына әрлеудің соңғы кезеңдерінде отқа төзімді қасиеттер беру технологиясын әзірлеу бойынша деректер ұсынылған. Текстиль материалдарының функционалдылығын арттыруға, жанғыштығын төмендетуге және термиялық төзімділігін жоғарылатуға ықпал ететін антипирендер мен текстильге арналған көмекші заттарды қолдана отырып, тиімді өңдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ, технологиялық процестерді интенсификациялаудың заманауи химиялық және физикалық әдістерін пайдаланумен қамтамасыз етілген. Тексти

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-3-260-266

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада текстиль материалдарына әрлеудің соңғы кезеңдерінде отқа төзімді қасиеттер беру технологиясын әзірлеу бойынша деректер ұсынылған. Текстиль материалдарының функционалдылығын арттыруға, жанғыштығын төмендетуге және термиялық төзімділігін жоғарылатуға ықпал ететін антипирендер мен текстильге арналған көмекші заттарды қолдана отырып, тиімді өңдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ, технологиялық процестерді интенсификациялаудың заманауи химиялық және физикалық әдістерін пайдаланумен қамтамасыз етілген. Текстиль материалдарын өңдеу бойынша қажетті отқа төзімділік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, маталардың физика-механикалық қасиеттерін сақтауға бағытталған технологиялық шешімдер әзірленді. Жұмыс ерітінділерін дайындаудың оңтайлы параметрлері таңдалды: антипирендердің концентрациясы, компоненттердің арақатынасы, температурасы және өңдеу ұзақтығы. Өңделген материалдардың сапалық сипаттамалары, оның ішінде отқа төзімді жабынның біркелкі жағылуы мен бекітілуі, тұтанғыштықтың төмендеу тиімділігі, сондай-ақ, физика-механикалық көрсеткіштердің өзгеруі зерттелді. Текстиль талшықтарының бетінде және құрылымында отқа төзімді заттардың тұрақты бекітілуін қамтамасыз ететін өңдеу әдістері ұсынылды. Әзірленген технологияны енгізу өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін жақсарту арқылы текстиль материалдарының сапасын арттыруға, эксплуатациялық және гигиеналық қасиеттерін сақтауға, сондай-ақ, энергия шығынын және өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері табиғи, химиялық талшықтардан және олардың қоспаларынан жасалатын, берілген отқа төзімділік сипаттамалары бар заманауи текстиль материалдарын өндірудің технологиялық процестерін әзірлеуде, соның ішінде арнайы, қорғаныш, техникалық және тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар үшін қолданылуы мүмкін.

Авторлар туралы

A. Абайқызы
Алматы технологиялық университет
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш., 100



И. М. Джуринская
Алматы технологиялық университет
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш., 100



К. Ж. Дюсенбиева
Алматы технологиялық университет
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш., 100



Әдебиет тізімі

1. Jin, L., Ji, C., Chen, S., Song, Z., Zhou, J., Qian, K., Guo, W. (2023). Multifunctional textiles with flame retardant and antibacterial properties: A review. Molecules, 28(18), 6628. https://doi.org/10.3390/molecules28186628

2. M. Martí, C. Alonso, A. Manich, I. De Vilder, , L. Coderch, (2023). Flame retardant textile finishing: Thermal analysis and dermal safety. Textile Research Journal. https://doi.org/10.1177/00405175231199498

3. P. Kakar, A. Singh, J. Sheikh, (2024). Flame retardant finishing of textiles – A comprehensive review. Indian Journal of Fibre & Textile Research, 48(4). https://doi.org/10.56042/ijftr.v48i4.7662

4. Li, X., Liu, Y., Chen, H., et al. (2023). Ecofriendly flame-retardant coatings for cellulose-based textiles: A review. Polymer Degradation and Stability, 218, 110572. https://doi.org/10.1016/j.polymdegradstab.2023.110572

5. Yin, X., Li, L., Pang, H., et al. (2022). Halogen-free flame-retardant waterborne polyurethanes: composition and applications. RSC Advances, 12, 14509–14520. https://doi.org/10.1039/D2RA01822E

6. A. Burkitbay, K.Z. Dyussenbiyeva, B.R. Taussarova, L.T. Sarttarova, E.E. Sarybayeva, M.S. Kalmakhanova Novel method for finishing nonwoven fabrics from domestic raw materials with flame retardant and antimicrobial properties. The Journal of The Textile Institute Published online: 27 Aug 2024. ISSN: 0040-5000 (Print) 1754-2340 (Online) Journal homepage: www.tandfonline.com/journals/tjti20

7. Onar Çamlıbel, N., Koç, E. (2022). Flame retardant and antibacterial coating on cotton fabric by layer-by-layer assembly with huntite-hydromagnesite, ammonium polyphosphate, chitosan and APTES. Textile and Apparel, 32(2), 115–125. https://doi.org/10.32710/tekstilvekonfeksiyon.959838

8. Xie, L., Duan, H., Chen, K., Qi, D., Li, J. (2024). Bio-based flame retardant coatings for polyester/cotton fabrics with high physical properties using ammonium-based phosphorus systems. International Journal of Biological Macromolecules, 279, 135318. https://doi.org/10.1016/j.ijbiomac.2024.135318

9. Tang, Q., Ding, F., Ren, X. (2025). Flame retardants for cotton fabrics based on phosphorus /nitrogen systems: A review. Journal of Industrial Textiles. https://doi.org/10.1177/24723444251331668

10. J. Petkovska, et al. (2024). Egg white proteins/lignin-DAP intumescent multilayer nanocoating for flame retardant cotton fabric. Progress in Organic Coatings, 186, 107983. https://doi.org/10.1016/j.porgcoat.2023.107983

11. Fu, C. et al. (2022). Surface engineering for cellulose via Layer-by-Layer assembly for durable flame-retardant cotton. Coatings, 10(4), 333. https://doi.org/10.3390/coatings10040333

12. Y. Zhang, H. Wang, Z. Liu, (2024). Universal intumescent polyelectrolyte complex for cotton, polyester and blends with high flame resistance. Polymer Degradation and Stability, 228, 110936. https://doi.org/10.1016/j.polymdegradstab.2024.110936

13. G. Malucelli, (2024). Bio-sourced flame retardants for textiles: Recent advances and future directions. Molecules, 29 (13), 3067. https://doi.org/10.3390/molecules29133067

14. K.Zh. Dyussenbiyeva, (2025). Development of fire-retardant compositions for textile materials. Proceedings of the All-Russian Scientific Conference of Young Researchers with International Participation “Innovative Development of Engineering and Technology in Industry (INTEKS-2025)”, April 17, 2025, pp. 48–49. https://rguk.ru/science/students-nir/allrussian-and-internationals/inteks-2025/

15. K.Zh. Dyussenbiyeva, A. Burkitbay, (2024). Creation of flame-retardant compositions for polyester and cotton–polyester textile materials. Chemical Journal of Kazakhstan, No. 4, pp. 123–131.

16. ГОСТ Р 50810–95. Ткани декоративные. Метод испытания на огнестойкость. М.: Госстандарт России, 1995.

17. ГОСТ 12088–77. Материалы текстильные и изделия из них. Метод определения воздухопроницаемости. М.: Издательство стандартов, 1977.

18. ГОСТ 3813–2014. Ткани текстильные. Методы определения разрывной нагрузки и удлинения при разрыве. М.: Стандартинформ, 2014.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Абайқызы A., Джуринская И.М., Дюсенбиева К.Ж. Мақалада текстиль материалдарына әрлеудің соңғы кезеңдерінде отқа төзімді қасиеттер беру технологиясын әзірлеу бойынша деректер ұсынылған. Текстиль материалдарының функционалдылығын арттыруға, жанғыштығын төмендетуге және термиялық төзімділігін жоғарылатуға ықпал ететін антипирендер мен текстильге арналған көмекші заттарды қолдана отырып, тиімді өңдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ, технологиялық процестерді интенсификациялаудың заманауи химиялық және физикалық әдістерін пайдаланумен қамтамасыз етілген. Тексти. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2026;153(3):260-266. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-3-260-266

For citation:


Abaikyzy A., Jurinskaya I.M., Dyussenbiyeva К.Zh. Development of Effective Flame-Retardant Coatings for Textile Materials. The Journal of Almaty Technological University. 2026;153(3):260-266. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-3-260-266

Қараулар: 9

JATS XML


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)