Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Аспаздардың денсаулық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс фартугының қасиеттерін зерттеу

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-4-176-181

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл зерттеу асханалық өндірісте қызмет атқаратын аспаздардың еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған арнайы жұмыс киімінің эргономикалық, гигиеналық және қорғаныс қасиеттерін кешенді бағалауға арналған. Жұмыс барысында негізгі назар екі материал түріне – негізгі жұмыс костюміне арналған Панацея Премиум В7420 матасына және қорғаныс фартугына арналған отқа төзімді Пробан материалына аударылды. Зерттеудің мақсаты – аспаздардың кәсіби қызметінің биомеханикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз және эргономикалық киім моделін ғылыми тұрғыдан негіздеу. Зертханалық сынақтар материалдардың физика-механикалық беріктігін, ауа өткізгіштік деңгейін, термиялық тұрақтылығын, ылғал сіңіру қабілетін, жану динамикасын және гигиеналық сипаттамаларын анықтауға бағытталды. Қосымша ретінде, аспаз жұмысына тән қозғалыстар: алға еңкею, қолды жоғары көтеру, жылдам бұрылу және ұзақ уақыт тік тұру жағдайлары кезінде фартуктың эргономикалық бейімділігі бағаланды. Пробан материалының жоғары температура әсеріне төзімділігі, өздігінен сөну қабілеті және деформацияға ұшырамауы оның кәсіби қауіптерді азайтуда тиімді шешім екенін көрсетті. Сондай ақ Пробан материалының термиялық әсерден, ашық жалыннан және жоғары температуралық факторлардан қорғау деңгейін айтарлықтай арттыратынын көрсетті. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде аспаздарға арналған арнайы киімнің қауіпсіздік, жайлылық және функционалдық талаптарға толық сәйкес келетін ғылыми негізделген моделі ұсынылды.

Авторлар туралы

Л. Т. Сарттарова
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

Сарттарова Лаззат Тургунбековна - кандидат технических наук, ассоциированный профессор, Декан факультета "Дизайна, технологий текстиля и одежды".

050012, Алматы қ., Төле би 100



Н. А. Еген
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

Еген Нұрай Асхатқызы – магистрант, кафедра "Технология и конструирование изделий и товаров", факультет "Дизайна, технологий текстиля и одежды".

050012, Алматы қ., Төле би 100



М. Т. Калдыгулова
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

Калдыгулова Марал Тилиубаевна - Сеньор-лектор, кафедра "Технология и конструирование изделий и товаров", факультет "Дизайна, технологий текстиля и одежды".

050012, Алматы қ., Төле би 100



Әдебиет тізімі

1. БАЛҚАРА Нұрпейісова А.Б., Мырзабекова Г.А. Тоқыма материалтану негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2019. – 248б.

2. Шәріпова С.Қ., Қалибаева А.Б. Киім конструкциялау және модельдеу. – Алматы: Эверо, 2020.

3. Қасымова Г.Ә., Жолдасова А.Ә. Тоқыма бұйымдарының сапасын бағалау. – Алматы: Эверо, 2021.

4. ГОСТ 12088–77. Материалы текстильные. Метод определения воздухопроницаемости.

5. Белова В.В., Гусев В.Г. Материаловедение швейных изделий. – МОсква: Академия, 2018.

6. Толегенова С.У. Жеңіл өнеркәсіптегі материалдардың қасиеттері. – Алматы: Қазақ университеті, 2017.

7. ГОСТ 12.4.026–2015. ССБТ. Одежда специальная защитная. Общие требования.

8. ГОСТ Р ISO 15025–2016. Одежда защитная. Метод определения поведения тканей при воздействии пламени.

9. ГОСТ 3816–81. Материалы текстильные. Методы определения структуры тканей.

10. ГОСТ ISO 13934-1–2014. Ткани. Определение разрывной нагрузки.

11. Зубцов А.П., Трофимова Н.Е. Термостойкие и огнезащитные композиции для текстильных материалов. – Москва: Химия, 2016.

12. Серікбаева М.Қ. Арнайы киімдердің эргономикасы және қауіпсіздігі. – Алматы: ҚР БҒМ баспа орталығы, 2018.

13. Исаев А.А., Чернышева Е.В. Материаловедение и теория одежды. – Москва: Форум, 2021. – 305ст.

14. ГОСТ 12.2.033 – 2012 «Еңбекті қорғау. Арнайы киімнің эргономикалық талаптары»

15. Каменева Н.А. Гигиена одежды и обуви. – Москва: Академия, 2017.

16. Құрманқұлова Л.Т. Арнайы киім және өндірістік қорғаныс бұйымдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2020.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сарттарова Л.Т., Еген Н.А., Калдыгулова М.Т. Аспаздардың денсаулық қауіпсіздігін арттыру мақсатында қорғаныс фартугының қасиеттерін зерттеу. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2025;150(4):176-181. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-4-176-181

For citation:


Sarttarova L.T., Yegen N.A., Kaldygulova M.T. Study the properties of a protective apron to enhance occupational health and safety of chefs. The Journal of Almaty Technological University. 2025;150(4):176-181. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-4-176-181

Қараулар: 20


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)