Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Ет ұсақтауға арналған құрамалы куттерлік пышақтарды зерттеу

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-3-151-159

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақала ет ұсақтауға арналған құрамалы куттерлік пышақтарды зерттеуге арналған. Кез келген өнімге механикалық әсер ету түрінің нәтижесінде оның физикалық қасиеттері (бұлшықет тінінің құрылымы, тығыздығы, консистенциясы, түсі және т.б.) мен технологиялық көрсеткіштері (су ұстау қабілеті, эмульгирлеу қабілеті, ақуызды экстракциялау қабілеті және т.б.) өзгереді. Ұсақтауда денелердің қажетті өлшемдерін алу үшін өнімге белгілі бір мөлшерде пайдалы энергия әсер етуі керек, ол бөлшектердің өлшемдерін азайту үшін материалдың беріктігін жеңуге және оның құрылымын бұзуға жұмсалады. Ұсақтауда шикізат кезең бойынша ірі, орташа, майда және өте майда ұсақтаудан өтеді. Ет шикізатын орташа ұсақтау үшін еттартқыштар мен өндірістік еттартқыштар, ал майда және өте майда ұсақтау үшін куттер, куттер- араластырғыш, майда ұсақтауға арналған машиналар қолданылады. Куттерлерде ұсақтау көбінесе орақ тәріздес пышақтар арқылы іске асады. Бұл процесс кезінде пышаққа үйкеліс, майыстыру, соғу, діріл және т.б. күштер әсер етеді. Куттерлік пышақтардың тозуға төзімділігін арттыру үшін құрамалы пышақ жетілдірілген. Пышақтар қалыңдығы мен қаттылығы әртүрлі болаттан жасалған табақшалар жиынтығын қолдану есебінен талап етілетін қасиеттерін сақтай отырып, мәлімделген құрамалы пышақтармен кесілген ұсақ тартылған еттің жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Табақшалардың әртүрлі қаттылығымен құрамалы куттерлік пышақтардың құрылымы тартылған еттің ұсақтау сапасын жақсартып, пышақтың көпқабатты құрылымын пайдалану арқылы оның тозуға төзімділігі мен ұзақ жұмыс істеу мерзімін арттырады.

Авторлар туралы

Б. Б. Кабулов
https://rse.faculty.shakarim.kz/ru/department/1/teacher/178
«Шәкәрім университет» ҚеАҚ
Қазақстан

техника ғылымдарының кандидаты, "Технологиялық жабдықтар" кафедрасының қауымдастырылған профессоры

071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А



Г. Б. Абдилова
https://rse.faculty.shakarim.kz/ru/department/1
«Шәкәрім университет» ҚеАҚ
Қазақстан

техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, "Технологиялық жабдықтар" кафедрасының меңгерушісі

071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А



А. Б. Бакиева
https://gsaic.faculty.shakarim.kz/kz/department/56/teacher/3261
«Шәкәрім университет» ҚеАҚ
Қазақстан

машинажасау және логистикадағы цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушы, PhD

071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А



Г. А. Жумадилова
https://gsaic.faculty.shakarim.kz/kz/department/56/teacher/3529
«Шәкәрім университет» ҚеАҚ
Қазақстан

машинажасау және логистикадағы цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушы,  PhD

071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А



А. Б. Қасен
https://rse.faculty.shakarim.kz/
«Шәкәрім университет» ҚеАҚ
Қазақстан

"Технологиялық машиналар және жабдықтар" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті

071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А



Әдебиет тізімі

1. Zhao Y., Sebranek J. G. Technology for meat- grinding systems to improve removal of hard particles from ground meat // Meat Science, 1997, No 3, P. 389-403.

2. Косой В. Д. Совершенствование процесса производства вареных колбас. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1983. – 272 с.

3. Krickmeier J., Schnäckel W., Pongjanyanukul W., Schnäckel D., Micklisch I. Analysis for optimisation of the mincing process: Fart 2: Distribution of necessaiy cutting works in dependence of machinery and raw material influences // Fleischwirtschaft, 2012, No 1, Р. 88-92.

4. Schnäckel W, Krickmeier J., Oktaviani, Schnäckel D., Micklisch I. Analysis for optimisation of the mincing process: Part 1: Modelling the terms during the disintegration in meat mincers // Fleischwirtschaft, 2012, No 7, Р. 83-87.

5. Bakieva A., Kabulov B., Imangalieva Zh., Dick E., Arslanbekova S., Tukhvatullina L., Murzina E., Peshcherov G., Ovsyannikova A. Еngineering methods of technological calculation of meat grinders // Journal of Engineering and Applied Sciences, 2019, No 22, Р. 3827-3831.

6. Bakieva A., Akimov M., Abdilova G., Ibragimov N., Bekeshova G. Developing new type of disk plate for meat chopper and its effect to water-binding capacity and yield stress of minced meat // International Journal of mechanical and Production Engineering Research and Development, 2019, No 9, P. 377-390.

7. Bakieva A., Yerengaliev A., Kakimov A., Zhumadilova G., Abdilova G., Serikov E., Suychinov A., Turagulov R., Yessimbekov Zh. Development of the Design of Plate with Variable Diameters of Holes and Its Impact on Meat-Grinding Quality and Efficiency // Processes, 2024, No 12, P. 1-20. https://doi.org/10.3390/pr12091808

8. Schnäckel W., Krickmeier J., Schnäckel D., Micklisch I., Haack O. Analysis for optimisation of the mincing processes: Ran 4: Adaptation of mincing processes for produaion of fine emulsified meat batters // Fleischwirtschaft, 2012, No 7, Р. 91-96.

9. Berger L. M., Witte F., Tomasevic I., Heinz V., Weiss J., Gibis M., Terjung N. A review on the relation between grinding process and quality of ground meat // Meat Science, 2023, No 11, P. 121-131.

10. Какимов А. К., Тулеуов Е. Т., Еренгалиев А., Кабулов Б. Б., Аскаров А. К. Современные машины для тонкого измельчения сырья биологического происхождения: аналитический обзор. – Семипалатинск: Семипалатинский ЦНТИ, 2003. – 48 с.

11. Пелеев А. И. Технологическое оборудование предприятий мясной промышленность. – М.: Пищевая промышленность, 1971. – 519 с.

12. Ивашов В. И., Дуйденко Б. Н., Славущев С. В., Андреенков В. А. Новые режущие устройства куттеров: обзорная информация. – М.: АгроНИИТЭИММП, 1986. – 29 с.

13. Ивашов В. И. Технологическое оборудование предприятие мясной промышленности. Часть Оборудование для убоя и первичной обработки. – М.: Ι. Колос, 2001. – 552 с.

14. Кабулов Б. Б. Интенсификация процессов механической обработки фарша: дис. … канд. техн. наук: 05.18.12: защищена 22.12.2005: утв. 19.05.2006. – Семипалатинск, 2005. – 142 с.

15. Тулеуов Е. Т., Еренгалиев А., Какимов А. К., Кабулов Б. Б. Пат. 13370 Республика Казахстан: МКИ А 22 С 18/00. Агрегат для приготовления мясного фарша и формования колбасных изделий; заявитель патентообладатель СГУ им. Шакарима. - № 2002/0312.1; и заявл. 15.03.2002, опубл. 15.09.2003. Бюл. № 9. – 3 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Кабулов Б.Б., Абдилова Г.Б., Бакиева А.Б., Жумадилова Г.А., Қасен А.Б. Ет ұсақтауға арналған құрамалы куттерлік пышақтарды зерттеу. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2025;149(3):151-159. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-3-151-159

For citation:


Kabulov B.B., Abdilova G.B., Bakiyeva A.B., Zhumadilova G.A., Kassen A. Research of composite cutter knives for meat grinding. The Journal of Almaty Technological University. 2025;149(3):151-159. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-3-151-159

Қараулар: 8


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)