ІҚМ қарынындағы массаның (каныга) кептіруден кейінгі физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу
https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-2-125-133
Аңдатпа
Мақалада ірі қара малдың қарынындағы массаның (каныга) кептіруден кейінгі физика-химиялық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі мәселенің бірі осы қайталама шикізаттарды қайта өңдеу болып отыр. Себебі елімізде қайталама ет шикізатын, соның ішінде, ірі қара малдың қарынындағы массаны қайта өңдеу іс жүзінде жоқ. Зерттеу мақсаты – ірі қара малдың қарынындағы массаға физика-химиялық талдау жүргізу және қайта өңдеу мүмкіндігін зерттеу. Зерттеу қорытындысы нәтижесінде ірі қара малдың қарынындағы массаны қайта өңдеу мүмкіндігіне жол ашылады. Зерттеу барысында ірі қара мал қарынындағы массаның ылғалдылығы 7,9% дейін түсіріліп, оның физика-химиялық көрсеткіштері бастапқы ылғалдылық, гигроскопиялық ылғалдық, жалпы ылғалдылығы, құрғақ заттар мөлшері, күлділік, қант, азотсыз экстрактивті заттар, талшық, май, ақуыз мөлшері және минералды заттар мен дәрумендер көлемі анықталды. Зерттеу нәтижесінде, жалпы ылғалдылық - 7,90%, құрғақ заттар мөлшері - 92,10% құрады. Ірі қара малдың қарынындағы масса құрамында ақуыз - 3,59%, май - 0,10%, талшық - 36,93%, азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) - 42,22%, қант - 0,67% және күлділігі - 9,26% мөлшерде анықталды. Дәрумендердің мөлшері бойынша Е дәрумені (22,13%), В1 (0,024%), В2 (0,03%), В3 (0,094%), В5(0,051%), В6(0,017%) дәрумендері анықталды. Минералды заттар құрамы бойынша, ең көп мөлшерде анықталаған минералды элемент – калий (К) – 208,96мг/100г, одан кейінгі орындарда – фосфор (Р) – 118,61 мг/100г, кальций (Ca) – 103,25мг/100г және 24,18мг/100г – магний (Mg), 8,79мг/100г – темір (Fe), 3,71мг/100г – мыс (Cu), 3,16 мг/100г – мырыш (Zn) мөлшері анықталды. Зерттеу нәтижесі ірі қара малдың қарынындағы массаның күлділігі жоғары, талшыққа, азотсыз экстрактивті заттар, минералды заттар мен дәрумендерге бай екендігі және оның осы қасиеттері оны құнды қайта өңдеу шикізаты ретінде пайдалануға мүмкіндік беретіні белгілі болды. Осылайша, ірі қара малдың қарынындағы массаны қайта өңдеу Қазақстанда қосымша құны жоғары өнім шығара отырып, ет өнеркәсібі қалдығын кәдеге жарату мәселесін шешуге және экологияға теріс әсерін азайтуға елеулі үлес қоса алады.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Г. С. КененбайҚазақстан
050060, Алматы, Серкебаев д-лы, 62
М. А. Идаятова
Қазақстан
050060, Алматы, Серкебаев д-лы, 62
Әдебиет тізімі
1. Alibekov R.S., Alibekova Z.I., Bakhtybekova A.R., Taip F.S., Urazbayeva K.A. Kobzhasarova Z.I. Review of the slaughter wastes and the meat byproducts recycling opportunities // Front. Sustain. Food Syst. -2024. doi: 10.3389/fsufs.2024.1410640.
2. Файвишевский М.Л. О рациональном использовании ресурсов вторичного мясного сырья // Мясные технологии. -2016. -№6. -42-45с.
3. Чернавкина А.Р. Использование вторичного мясного сырья Материалы XХ Международной научно-практической конференции. -2019.
4. Yury T.G., Ricardo A.R, Elwi G.M., Juliana D.M., Luciano T.K., Ana V.l., Telma T.B.Studies on bacterial community composition are affected by the time and storage method of the rumen content // PLOS ONE. – 2017. https://doi.org/10.1371/journal.pone.0176701
5. T. G. Nagaraja. Microbiology of the Rumen // Rumenology. – 2016. – p. 39-61
6. Olafadehan O.A., Okunade S.A., Njidda A.A. Evaluation of bovine rumen contents as a feed for lambs // Trop Anim Health Prod. -2014. -№ 46. р.939–945 https://doi.org/10.1007/s11250-014-0590-9
7. Битарова Т.А. Биологическая ценность каныги (содержимое преджелудков жвачных животных) и перспектива его применения в рыболовстве Научное обеспечение сельского хозяйства горных и предгорных территорий материалы всероссийской студенческой научнопрактической конференции. Владикавказ, 2020. – С. 227-228.
8. Garcia T.J., Cherry N.M., Guay K.A., Brady J.A., Muir J.P., Smith W.B. Nutritive Value Variation of Paunch Manure as an Alternative Feed Ingredient // Animals. -2021. -№11. -р.3573. https://doi.org/10.3390/ani11123573 [1]
9. Fredric N.О, Mehmet B. Ruminal Fermentation // Rumenolagy. -2016. p. 63–102
10. Jun-hua L., Meng-ling Zh., Rui-yang Zh., Wei-yun Zh., Sheng-yong M. Comparative studies of the composition of bacterial microbiota associated with the ruminal content, ruminal epithelium and in the faeces of lactating dairy cows // Journal of Applied Microbiology. -2016. https://doi.org/10.1111/1751-7915.12345
11. Mahmoud O.A., Elfaki А., Khadiga A. Rumen Content as Animal Feed: A Review // U. of K. J. Vet. Med. Anim. Prod. -2016. -№7. p. 80-88
12. Гаркушин Е.В., Шубина Т.П. Влияние витаминов и минералов на состояние здоровья и продуктивность крупного рогатого скота // Вестник донского государственного аграрного университета. – 2021. -№1. – С. 38-41.
13. Разумовский Н. Калий в рационах для коров. Элемент молодости // Животноводство России. – 2022. DOI: 10.25701/ZZR.2022.06.06.003
14. Машнин Д.В., Пилипчук В.К., Авдеюк К.С., Красноголовый В.С. Кормление крупного рогатого скота. Содержание минеральных элементов в кормах, их значение в рационе Наука и современное образование: актуальные вопросы, достижения и инновации. Сборник статей IV Международной научно-практической конференции. - Пенза, 2022.
15. Файвишевский М.Л. Эффективные технологии производства нетрадиционных животных кормов // Мясные технологии. -2016. – С. №7. -42-44.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Кененбай Г.С., Идаятова М.А. ІҚМ қарынындағы массаның (каныга) кептіруден кейінгі физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2025;148(2):125-133. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-2-125-133
For citation:
Kenenbai G.S., Idayatova M.A. Study of physico-chemical parameters of cattle rumen content after drying. The Journal of Almaty Technological University. 2025;148(2):125-133. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-2-125-133