Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Гидрофобты және олеофильді қасиеттері бар текстиль материалдарының технологиясын зерттеу

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-4-177-185

Толық мәтін:

Аннотация

Өнеркәсіп пен қоғамның дамуымен бірге жүретін майлы ағынды сулардың көбеюіне, сондай-ақ мұнайдың жиі төгілуіне байланысты мұнайды сіңіретін және мұнай мен суды бөлетін функционалды материалдарға қажеттілік артып келеді. Мұндай функционалды материалдарды жасау үшін әртүрлі тәсілдер қолданылды. Гидрофобтылық пен олеофильділікті арттыру арқылы су мен майға қатысты жоғары селективтілігі бар жаңа май сіңіретін материалдарды жасау перспективалы болып табылады. Бұл жұмыста текстиль материалдарына гидрофобтылық пен олеофильділік беру үшін композиция алу мәселесі қарастырылады. Бұл жұмыстың мақсаты су ресурстарын мұнай ластануынан тазартуға арналған инновациялық текстиль материалдарын әзірлеу және материалдардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау болып табылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы мұнай ластануын тазарту тиімділігінде, экологиялық таза және құнында басқа материалдардан асып түсетін текстиль материалын жасау қажеттілігінде. Осы мақсатта натрий олеаты, сұйық шыны және лимон қышқылы қолданылды. Материалдар дайын ерітіндімен өңделді, содан кейін 120 °C температурада 10 минут кептірілді және термофиксация үшін 150 °C температурада термопресте өңделді. Зерттеу нысаны ретінде 100%-дық артикулы 1030 мақта матасы және артикулы 81421 премьер Standard 250 (65% ПЭ,35% мақта) матасы пайдаланылды. Мұнайды судан тиімді бөлуді қамтамасыз ететін жаңа материалдар әзірленді, су ресурстарын мұнай ластануынан тиімді тазарту үшін текстиль материалдарына гидрофобты және сонымен бірге олеофильді қасиеттер беру мақсатында жаңа әдістің физика-химиялық негіздері жетілдірілді. Жаңа материалдар суды мұнай ластануынан сапалы тазарту үшін тиімді қолданылатыны анықталды.

текстиль материалы, натрий олеаты, гидрофобтылық, олеофильділік, термофиксация, пенетрометр

Авторлар туралы

А. Б. Даукенова
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш.,100.



И. М. Джуринская
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш.,100.



Әдебиет тізімі

1. Deng Yu., Han D., Deng Yu.-Yu., Zhang K., Chen F. and Fu K. (2020). Simple one-step production of durable hydrophobic cotton fabric by covalent binding of polyhedral oligomeric silsesquioxane for ultrafast separation of oil and water. Journal of Chemical Engineering, 379, 122391

2. Yang, Jin1, Song, Haojie1, Yan, Xuehua1, Tang, Hua1, Li, Changsheng1. Superhydrophilic and superoleophobic chitosan-based nanocomposite coatings for oil/water separation //Institute for Advanced Materials, School of Materials Science and Engineering, Jiangsu University, Zhenjiang 212013 People's Republic of China. Jun2014, Vol. 21 Issue 3, p1851-1857. 7p.

3. Anjum, Aima Sameen; Ali, Mumtaz; Sun, Kyung Chul; Riaz, Rabia; Jeong, Sung Hoon. /Selfassembled nanomanipulation of silica nanoparticles enable mechanochemically robust super hydrophobic and oleophilic textile. //Journal of Colloid and Interface Science. - Department of Organic and Nano Engineering, Hanyang University, 222 Wangsimni-ro, Seongdong-gu, Seoul, 04763, South Korea. -15 March 2020. – p. 62 – 73.

4. Zhang, Jiayan; Lei, Xin; Yu, Xinping; Fang, Ruochen. Self-cleaning and friction-resistant superhydrophobic and oleophilic cotton for separation of stable emulsified oil. //Colloids and Surfaces A: Physicochemical and Engineering Aspects. -School of Chemistry, Beihang University, Beijing, 100191, China, Research Institute for Frontier Science, Beihang University, Beijing, 100191, China. -20 November 2023. -Том 677.

5. Bairagi, Anup Kumar; Mohapatra, Soumya Sanjeeb. The Development of Superhydrophobic PVA Sponge, Using HDTMS and HMDS, for the Separation of an Oil–Water Mixture with a Very High Separation Efficiency. // Journal Water, Air, and Soil Pollution. Department of Chemical Engineering, NIT Rourkela, Rourkela, 769008, India. - May 2023. -Том 234, Выпуск 5. -Номер статьи 298

6. Singh, Arun K. Oil/Water Separation Using Waste-Derived Functional Materials with Special Wetting Behavior. //Resources. Department of Chemistry, M. M. Engineering College, Maharishi Markandeshwar (Deemed to be University), Mullana, Haryana, Ambala, 133207, India. -October 2022. -Том 11, Выпуск 10. -Номер статьи 83.

7. Liang, Liping, Dong, Yanyan, Xu, Wang, Meng, Xu. Fabrication of hydrophobic/oleophilic cotton fabric based on thiol–ene click reaction for oil/water separation. // Journal of the Textile Institute. - Sep2022.- Vol. 113 Issue 9, p1838-1844

8. Ghorbani L., Khatibi A., Shokri B. Hydrophobic and oleophilic cotton fabrics for efficient oil-water separation through low-pressure plasma polymerization. // Iranian Journal of Physics Research. Laser and Plasma Research Institute, Shahid Beheshti University, Tehran, Iran, Faculty of Physics, Shahid Beheshti University, Tehran, Iran. -2020. -Том 19, Выпуск 4, p. 683 – 690

9. Ma, Qinglang, Cheng, Hongfei, Fane, Anthony G., Wang, Rong, Zhang, Hua. Recent Development of Advanced Materials with Special Wettability for Selective Oil/Water Separation. // Center for Programmable Materials, School of Materials Science and Engineering, Nanyang Technological University, 50 Nanyang Avenue, Singapore, 639798, Singapore. – Small. - 27 April 2016. - Том 12, Выпуск 16, p.2186 – 2202

10. Sathianarayanan, M. P., Hemani, Karishma. Development of Bio-degradable Cotton Waste Based Super Oleophilic and Super Hydrophobic Sorbent for Oil Spill Clean-up. // BTRA Scan. - Oct2022, Vol. 51 Issue 4, p1-8. 8p.

11. Sun, Yue, Bai, Jiaojiao, Wang, Zhe, Li, Huabin, Dong, Hua1. A hydrophobic/oleophilic silicacellulose composite aerogel for oil–water separation. //Journal of Applied Polymer Science. -10/5/2023, Vol. 140 Issue 37, p1-10. 10p.

12. Цыбульская О.Н., Ксеник Т.В., Юдаков А.А., Кисель А.А., Павлов В.Ф. Экспериментальное получение олеофильных материалов на основе отходов рудного сырья. // Вестник ДВО РАН. 2020. № 6. – С. – 99 – 108.

13. Баданова А.К., Кричевский Г.Е., Таусарова Б.Р., Кутжанова А.Ж., Баданов К.И. Разработка и исследование нового способа гидрофобной отделки целлюлозных текстильных материалов. // Вестник Алматинского технологического университета. (2014). – C. 23 – 30.

14. Павлычева Е.А. Разработка защитного полимерного покрытия с высокими гидрофобными и адгезионными свойствами. // Инженерный Вестник Дона №5 (2020). – C. 1 – 12.

15. Калдыбаева Г.Ю., Набиева И.A., Елдияр Г.К., Нуркулов Ф.Н. Изучение влияния природы гидрофо-бизирующих композиций на водоотталкивающую способность ткани. // Известия высших учебных заведений № 3 (399), Технология текстильной промышленности (2022). – С. 157 – 164.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Даукенова А.Б., Джуринская И.М. Гидрофобты және олеофильді қасиеттері бар текстиль материалдарының технологиясын зерттеу. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2024;146(4):177-185. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-4-177-185

For citation:


Daukenova A.B., Jurinskaya I.M. Development of technology for textile materials with special properties. The Journal of Almaty Technological University. 2024;146(4):177-185. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-4-177-185

Қараулар: 156


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)