«Алматы технологиялық университетінің хабаршысы» журналы «Тағам технологиясы және сервис» ғылыми журналының құқықтық мирасқоры болып табылады.
«Тағам технологиясы және сервис» журналының бірінші нөмірі 1996 жылы жарық көрді – ЖЖТӨТИ Алматы филиалының дербес ЖОО – Алматы технологиялық институты болып қайта құрылған жылы (Бастапқы мемлекеттік тіркелген күні 01.09.1999 ж. – Алматы технологиялық университеті; қайта тіркеу туралы куәлігі № 2864-1910-АҚ 26.12.2003 ж ). Журналдың тақырыптық бағытының кеңеюіне байланысты Алматы технологиялық университетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің шешімімен журнал «Алматы технологиялық университетінің хабаршысы» болып қайта құрылды және Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеуден өтті (тіркеу туралы куәлік: 2013 жылғы 08 қазандағы № 13928-Ж).
Журналдың құрылтайшысы және меншік иесі – «Алматы технологиялық университеті» акционерлік қоғамы.
БжҒСБК шешімімен (№27.12.2012 ж. № 1735 бұйрық) журнал алғаш рет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басылымдар тізбесіне ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін енгізілді, ал 2014 жылы – қазақстандық дәйексөз алу базасына (ҚазДБ, «ҰМҒТСО» АҚ) нөлдік емес импакт-факторы бар журнал ретінде енгізілді.
Алғашыдан бастап журнал рецензиялау мен жариялаудың халықаралық нормаларына теңелді, бұл журналға тағам және қайта өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, сондай-ақ қонақжайлылық саласындағы қазіргі заманғы мәселелермен айналысатын отандық және әлемдік ғалымдар арасында беделді басылым болуға мүмкіндік берді.