Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Тігін машинасын циклограммасы мен микрокамераларды қолданып диагностикалау

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-3-233-240

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл ғылыми жұмыста түзу тігісті қайықты тігін машинасының негізгі жұмыс механизмдерінің фазалық өзара байланысын диагностикалау мәселелері қарастырылады. Зерттеу TYPICAL GC6150 тігін машинасы мысалында жүргізілген. Қазіргі жеңіл өнеркәсіп саласында тігін жабдықтары жоғары жылдамдықта және үздіксіз жұмыс істейтіндіктен, иненің, қайықтың, жіптартқыштың және материалды жылжыту механизмінің қозғалыстарының дәл фазалық сәйкестігі тігіс сапасы мен жабдықтың сенімділігін қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылады. Фазалық арақатынастардың бұзылуы тігістердің өткізіліп алынуына, жіптің үзілуіне, тігін операцияларының тұрақсыз орындалуына және механизмдердің жедел тозуына әкеледі. Жұмыста микрокамералар мен жұмыс циклі циклограммаларын бірлесіп қолдануға негізделген диагностикалау әдісі ұсынылған. Микрокамералар тігін машинасын толық бөлшектемей-ақ, қол жеткізуі қиын аймақтарда өтетін жылдам үрдістерді нақты уақыт режимінде және баяу түсіру арқылы бақылауға мүмкіндік береді. Алынған бейнематериалдар негізінде диагностикалық оқиғалардың фазалық және уақыттық параметрлері анықталып, эксперименттік циклограммалар құрылады. Ұсынылған әдіс ақауларды ерте кезеңде анықтауға, жабдықты реттеу мен жөндеу уақытын қысқартуға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы әзірленген әдісті тігін жабдығына техникалық қызмет көрсету жүйесінде, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіптің оқу-ғылыми зертханаларында қолдану мүмкіндігімен айқындалады.

Авторлар туралы

Ж. Усенбеков
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

050012, Алматы, Толе би көшесі, 100



Р. Мырзатай
Алматы технологиялық университеті
Қазақстан

050012, Алматы, Толе би көшесі, 100



Әдебиет тізімі

1. Ж. Усенбеков, Н.Ж. Сеитова Тігін өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары: оқу құралы. – Алматы: Дарын, 2023. – 349 б.

2. А.С. Ермаков Оборудование швейных предприятий: учеб. пособие. – М.: ИРПО; ПрофОбрИздат, 2002. – 432 с.

3. – J. Smith Machine Diagnostics and Monitoring. Cham: Springer, 2020.

4. T. Brown Mechatronic Systems Analysis. – Oxford: Elsevier, 2019.

5. Y. Wang High-speed video diagnostics of machinery // IEEE Transactions on Industrial Electronics. – 2021.

6. S. Kim Motion analysis of sewing machines // Journal of Textile Engineering. – 2020.

7. J. Park Cyclogram-based diagnostics of mechanical systems // Mechatronics. – 2019.

8. H. Müller Industrial Sewing Technology. – Berlin: Springer, 2018.

9. K. Lee Smart maintenance systems for industrial equipment // Sensors. – 2020.

10. L. Zhang Visual fault detection using highspeed cameras // Sensors. – 2021.

11. В.П. Иванов Техническое обслуживание и ремонт швейных машин. – М., 2018.

12. Н.А. Кузнецова Диагностика неисправностей швейного оборудования. – М., 2020.

13. JUKI Corporation. DDL-8700 Instruction Manual.

14. Typical Sewing Machine Co. GC6150 Technical Documentation.

15. J. Hu Structure and Mechanics of Woven Fabrics. – Cambridge: Woodhead Publishing, 2004.

16. B. Saville Physical Testing of Textiles. – Cambridge: Woodhead Publishing, 2008.

17. G. Havenith Personal factors in thermal comfort assessment // Energy and Buildings. – 2002.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Усенбеков Ж., Мырзатай Р. Тігін машинасын циклограммасы мен микрокамераларды қолданып диагностикалау. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2026;153(3):233-240. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-3-233-240

For citation:


Usenbekov Zh., Myrzatai R. Diagnostics of a sewing machine using a cyclogram and icrocameras. The Journal of Almaty Technological University. 2026;153(3):233-240. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2026-3-233-240

Қараулар: 13

JATS XML


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)