Preview

Жемдік дәнді дақылдардың жаңа сұрыптарын ірі қараға арналған құрама жем өндірісінде тиімді қолдану

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-1-70-76

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада жергілікті дәнді дақылдардың жаңа сұрыптары: «Казахстанская 20» қонақжүгерісі, «КазНИИЗиР 80» қонақтарыны құрама жем өндірісінде қолданудың зерттеу нәтижелері берілген. Әдебиет деректерін сараптау нәтижесі Отандық қонақжүгері сұрыпын құрама жем өндірісінде қолдану туралы деректердің аздығын, ал қонақтарыны құрама жем өндірісінде, мал азығында қолдану туралы деректердің жоқтығын көрсетті. Зерттеу нәтижелері елімізде қонақжүгері сұрыптарын өсіру қолға алынғанын көрсетеді. Жемдік қонақжүгері, қонақтары сұрыптарының минералдық және аминқышқылдық құрамының құрама жем өндірісінде кең қолданылатын жүгері мен арпа дақылдарының құрамына жуық екендігі анықталды. Дәнді дақылдардың физикалық-технологиялық қасиеттерін анықтау нәтижесі дәнді дақылдардың сусымалдығы жақсы дақылдарға жататынын көрсетті. Дәнді дақылдардың химиялық, аминқышқылдық және минералдық құрамы анықталды. Зерттеу нәтижесі: қонақжүгерідегі ақуыз мөлшері жүгерімен салыстырғанда 21,22%, май мөлшері 5,5% көп екендігін, клетчатка мөлшері 1,5 есе көп екендігін көрсетті. Қонақжүгерідегі ақуыз мөлшері тарымен салыстырғанда 22,8%, май мөлшері 1,53% көп, ал клетчатка мөлшері қонақтарыда тарымен салыстырғанда 1,38 есе көп екендігін көрсетті. Дәнді дақылдардың аминқышқылдық құрамын талдау нәтижесі қонақтарының аминқышқылдық құрамы қонақжүгеріге қарағанда құнды екенін көрсетті, яғни ауыстырылмайтын аминқышқылдары: лизин мөлшері қонақтарыда қонақжүгеріге қарағанда 4,62 есе, метионин 2,05 есе, треонин 1,53 есе көп сақталады. Зерттеу нәтижесі жергілікті «Казахстанская 20» қонақжүгерісі, «КазНИИЗиР 80» қонақтарыны құсқа, жас малға арналған құрама жемге қолданғанда, оның сіңімділігін жақсарту үшін жылумен өңдеу түрлерін қолданудың қажеттігін көрсетеді.

Авторлар туралы

А. Е. Әбітбек
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш., 100



С. Т. Жиенбаева
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш., 100



Э. Б. Аскарбеков
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш., 100



Ж. К. Нургожина
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Қазақстан

050012, Алматы қ., Төле би көш., 100



Әдебиет тізімі

1. Кононенко С.И. Сорго в кормлении цыплят-бройлеров / Комбикорма, №9. 2016.-С.69-71.

2. Сарсенбаева Б.А., Киршибаев Е.А.,Байсеитова Г.А., Камунур М. Некоторые особенности сортов сахарного сорго в условиях юго-востока Казахстана /Известия Национальной академии наук РК.№5, 2017.-С.185-192.

3. Дьяченко В.В., Дронов A.B., Дьяченко В.В. Научно - практические рекомендации по возделыванию суданской травы на корм и семена. Брянск: Изд-во Брянской ГСХА. 2011. -С.125-127.

4. Кононенко С.И. Выращивание бройлеров на комбикормах с сорго // Актуальные проблемы сельскохозяйственной биотехнологии. – Пинск: ПолесГУ. – 2011. – С. 93–97.

5. Капустин С.И., Володин А.Б., Кравцов В.В., Капустин А.С. Могар ценная кормовая культура /Таврический Вестник Аграрной науки. 2018, №4(16). -С.42-49.

6. Rooney, L.W. and R.L. Pflugfelder. 1986. Factors affecting starch digestibility with special emphasis on sorghum and corn. J. Anim. Sci. 63:1607-1623.

7. Фицев А.И. Нетрадиционные зерновые культуры в кормлении цыплят-бройлеров / А.И. Фицев, А.П. Гаганов // Хранение и переработка зерна.–2008.–№12.–С. 66-67.

8. Кононенко С.И., Кононенко И.С. Сорго в комбикормах для бройлеров //Кормление сельскохозяйственных животных и кормопроизводство. - 2011.-№9.-С.24-27.

9. Кононенко С.И. Зерно сорго – альтернатива кукурузе // С.Кононенко, И.Кононенко // Животноводство России.-2009.-№11.-С.23-24 .

10. Кононенко С.И. Сорго в кормлении бройлеров // Simpozion stiintific international. «Realizari si perspective in zootehnie si biotehnologii». – Chisinau. – 2010. – С. 71–73.

11. Зенькова Н.Н. Новая нетрадиционная кормовая культура – сорго / Н.Н. Зенькова, В.Г. Микуленок // Ученые записки. Витебск.–2003.–т. 39 ч. 2.–С. 186.

12. Шепель Н.А. Сорго. – Волгоград: Комитет по печати, 1994.–448 с.

13. Жукова М.П., Володин А.Б., Капустин С.И.,Донец И.А., Голубь А.С. Перспектива использования однолетних яровых кормовых культур в кормопроизводстве// Вестник АПК Ставрополья.20150№3(19).-С.149-153.

14. Капустин С.И., Шепитько Е.Н. Виды и разновидности зерновых культур. Пособие для самостоятельной работы по растениеводству. Луганск:ЛНАУ, 2010. -36с.

15. Афанасьев В.А. Руководство по технологии комбикормовой продукции с основами кормление животных.-Воронеж, 2007.-С.132-136.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Әбітбек А.Е., Жиенбаева С.Т., Аскарбеков Э.Б., Нургожина Ж.К. Жемдік дәнді дақылдардың жаңа сұрыптарын ірі қараға арналған құрама жем өндірісінде тиімді қолдану. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2025;147(1):70-76. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-1-70-76

For citation:


Abitbek A.E., Zhienbaeva S.T., Askarbekov E.B., Nurgozhina Zh.K. Rational use of new varieties of forage crops in the production of compound feed for cattle. The Journal of Almaty Technological University. 2025;147(1):70-76. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2025-1-70-76

Қараулар: 158


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)