Қазақстандық селекцияның жаңа сұрыпы тұқымынан алынған зығыр күнжарасының ақуыздық кешенін зерттеу
https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-3-90-97
Аңдатпа
Қазақстан Республикасында көбінесе зығыр дәнін сығымдау қарастырылған, сондықтан шротқа қарағанда күнжара кең қолданылады, өйткені оның қоры шротпен салыстырғанда бірнеше есе көп. Зығыр тұқымының ақуыздық кешенінің биохимиялық сипаттамасы жеткілікті зерттелмеген, сондықтан оның ақуыздық өнімдері- күнжарасының ауылшаруашылығы малдары мен құстарына арналған құрама жем өндірісінде қолданылуы шектеулі. Мақалада «Костанайлық 11» зығыр сұрыпы күнжарасының ақуыздық кешенін, аминқышқылдық құрамын зерттеу нәтижесі берілген. Зығыр дәнінде ақуыз 36,5%, майлылығы 7,5% қамтылған. Зығыр күнжарасының фракциялық құрамы Қазақстан Республикасында өсірілетін зығырдың «Северный» және «Золотистый» сұрыптарынан алынған күнжаралардың фракциялық құрамымен салыстырылды. Зығыр күнжарасының аминқышқылдық құрамы ауыл шаруашылығы құстары мен малдарының азығында қолданылатын басқа күнжаралармен салыстырылды. Зерттеу мақсаты «Костанайский 11» зығыр сұрыпының күнжарасының ақуыздық кешенінің фракциялық құрамын зерттеу болып табылады. Зығыр тұқымының ақуыздық кешенінің ерекшелігі ағзаға жақсы сіңетін, суда және тұзда еритін ақуыздар – альбуминдер 29,2% мен глобулиндердің 16,8% қосындысын көп мөлшерде сақтауы. «Костанайлық 11» зығыр сұрыпынан алынған зығыр күнжарасының аминқышқылдық толыққұндылығы жемшөп өндірісінде кең қолданылатын күнжаралармен тең, тек қытайбұршақ күнжарасымен салыстырғанда ғана төмен болып келеді. Алынған деректер «Костанайлық 11» зығыр сұрыпынан алынған зығыр күнжарасының протеині қорытылуы жоғары өнімге жататынын және ауыл шаруашылығы құстары мен малдарының барлық түріне балапандар мен төлдерге арналған құрама жемнен бастап кең қолдануға болатынын көрсетеді.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
С. T. ЖиенбаеваҚазақстан
050012, Алматы қ., Төле би көш., 100
A. M. Ермуканова
Қазақстан
050012, Алматы қ., Төле би көш., 100
Д. С. Культаева
Қазақстан
110000, Қостанай қ., Байтұрсынов көш., 47
Е. Мрквицова
Чех Республикасы
61300 Брно қ., Земедельска көш., 1665/1
Әдебиет тізімі
1. Vastolo A., Calabrò S., Cutrignelli M. A Review on the Use of Agro-Industrial CO-Products in Animals’ Diets. // Italian Journal of Animal Science, 2022. - Vol. 21, №1. - P. 577-594.
2. Lei X., Zixi W., Baozhu G. et al. Flaxseed Meal and Its Application in Animal Husbandry: A Review // Agriculture, 2022. - Vol. 12, №12. - P. 2027. DOI:https://doi.org/10.3390/agriculture12122027
3. Kaushik P., Dowling K., Mcknight S. et al. Preparation, characterization and functional properties of flax seed protein isolate // Food Chemistry, 2016. - Vol. 197. P.212–220. DOI:https://doi.org/10.1016/j.foodchem.2015.09.106
4. Xin-Pei Y.E., Ming-Feng X.U., Zhen-Xing Tang et al. Flaxseed protein: extraction, functionalities and applications // Food Science and Technology (Campinas), 2022. - Vol. 42, №6. - P.1-13. https://doi.org/10.1590/fst.22021
5. Chen W., Jiang Y.Y., Wang J.P. et al. Effects of dietary flaxseed meal on production performance, egg quality, and hatchability of Huoyan geese and fatty acids profile in egg yolk and thigh meat from their offspring // Livestock Science, 2014. - №164. - P.102-108. DOI: https://doi.org/10.1016/j.livsci.2014.03.010
6. Кислова Д. А., Дускаев Г. К., Шейда Е. и др. Льняной жмых как альтернатива традиционным кормам в рационе коз // Вестник Алтайского государственного аграрного университета. – 2023. - № 7. – С. 55-61.
7. Attia, Y.A., Al-Sagan А.А., Hussein, E.S.O.S. et al. Dietary flaxseed cake influences on performance, quality, and sensory attributes of eggs, serum, and egg trace minerals of laying hens // Tropical Animal Health and Production, - 2024. - Vol. 56, № 2. - P. 50. DOI: https://doi.org/10.1007/s11250-024-03897-0
8. ГОСТ 10974-95. Жмых льняной. Технические условия. - Взамен ГОСТ 10974-64.; введ. 1996-01-07. - М.: Стандартинформ, 2022. - 8 с.
9. ГОСТ 13496.4-2019. Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Методы определения содержания азота и сырого протеина. - Взамен ГОСТ 13496.4-93.; введ. 2020-01-08. - М.: Стандартинформ, 2019. - 15 с.
10. ГОСТ 13496.15-97. Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Методы определения содержания сырого жира. - Взамен ГОСТ 13496.15-85; введ. 1999-01-01. - М.: Стандартинформ, 2011. - 12 с.
11. ГОСТ 13496.2-91. Корма, комбикорма, комбикормовое сырье. Метод определения сырой клетчатки. - Взамен ГОСТ 13496.2-84; введ. 1992-07-01. - М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. - 5 с.
12. ГОСТ 32195-2013 (ISO 13903:2005) Корма, комбикорма. Метод определения содержания аминокислот. Введён впервые; введ. 2015-07-01. - М.: Стандартинформ, 2020. - 24 с.
13. Руководство по методам исследования, технохимическому контролю и учету производства в масложировой промышленности. – Ленинград: Государственный комитет по пищевой промышленности. 1965. - С.117.
14. Подобед Л.И. Льняной жмых - пополняет ассортимент белковых добавок для животных и птицы // Эффективное животноводство. – 2019. - № 5. – С. 46-48.
15. Подобед Л.И., Пономарева А.И. Основы коррекции кормления сельскохозяйственной птицы. Практическое руководство. - Санкт-Петербург: Страта, 2021. – С.47-75.
16. Поляков В.А., Левчук А.Н., Лях В.А. Изучение белкового комплекса семян льна // Вісник Запорізького національного університету. – 2011. - №2. – С.23-28.
17. Янова М.А., Снегирева Н.В., Хижняк С.В. Влияние экструзионной обработки на белковый комплекс льняного жмыха // Химия растительного сырья, - 2022. - №2. – С.253-259.
18. Капитонова Е.А., Ромашко А.К., Кузьменко П.М. Рекомендации по применению продуктов переработки льна в рационах сельскохозяйственной птицы. - Витебск: Витебская государственная академия ветеринарной медицины, 2017. - 20 с.
19. Yermukanova A., Stankevych G., Podobed L., Zhiyenbayeva S., Mrkvicová E. Mathematical modelling and optimization of the granulation process of loose compound feed for broilers // Potravinarstvo Slovak Journal of Food Sciences, Vol. 18, - P. 20-35. DOI: https://doi.org/10.5219/1925
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жиенбаева С.T., Ермуканова A.M., Культаева Д.С., Мрквицова Е. Қазақстандық селекцияның жаңа сұрыпы тұқымынан алынған зығыр күнжарасының ақуыздық кешенін зерттеу. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2024;145(3):90-97. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-3-90-97
For citation:
Zhiyenbayeva S.T., Yermukanova A.M., Kultayeva D.S., Mrkvicová E. Studying the protein complex of flax cake obtained from the seeds of a new variety of kazakh selection. The Journal of Almaty Technological University. 2024;145(3):90-97. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-3-90-97