Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Табиғи бояғыштар қолданылған тоқыма материалдарының түстік қасиеттерін зерттеу

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-3-157-163

Толық мәтін:

Аңдатпа

Әр түрлі мақсатта қолданылатын тоқыма материалдарын бояудың экологиялық таза технологиясын жасау, зиянсыз шығын материалдарын, атап айтқанда өсімдік тектес бояғыштарды қолдану арқылы технологиялық процестерді өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Өсімдік тектес бояғыштар адам табиғатына қолайлы, биологиялық ыдырайды, сонымен қатар көпшілігі бактерияға қарсы және емдік қасиеттерге ие. Бұл жұмыстың мақсаты табиғи өсімдіктер негізінде алынған бояғыштардың колориметриялық қасиеттерін зерттеу және математикалық модельдерін жасау. Тоқыма материалдарын бояуға арналған бояғыштар пияздың қабығы, түймешетен, шәйқурай және жаңғақ қабығы сығындылары негізінде алынған. Сонымен қатар бояғыштар құрамына қасиетін жақсартқыш толықтырғыш коспалар ретінде алюмокалий тұзы және мыс сульфаты қолданылған. Алынған бояғыштардың колористикалық қасиеттерін зерттеу Konica Minolta cm-3600d құрылғысының көмегімен 360-700 нм түстік координаттарында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері тоқыма материалдарының бояу сапасын, бояғыштардың құрамын, табиғи бояудың қасиеттерін жақсартқыш қоспаларды қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті. Колористикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша регрессия теңдеулері және матаның түс қарқындылығына бояу тереңдігі және түстің шағылуының әсерін сипаттайтын математикалық модельдер құрылды. Табиғи бояғыштардың түстерінің кеңейтілген реңктерінің арқасында оларды тоқыма өнеркәсібіне енгізу өзекті міндет болып табылады. Қасиеттері жақсартылған табиғи бояғыштарды қолдану өнімдердің гигиеналық қасиеттерін жақсартуға және әрлеу процесінің экологиялық тазалығын арттыруға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы

C. Ш. Сабырханова
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

160012, Шымкент, Тауке хан даңғылы, 5



Г. К. Елдияр
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

160012, Шымкент, Тауке хан даңғылы, 5



Б. О. Битлисли
Эгей университеті
Түркия

Измир, Борнова



Б. Абзалбекулы
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Қазақстан

Тараз, Төле би көш. 60



Э. Е. Сарыбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Қазақстан

Тараз, Төле би көш. 60



Әдебиет тізімі

1. Robinson T., McCullan G., Marchant R., Nigam P. Remidiation of dyes in textile effluent: critical review on current treatment technologies with a proposed alternative. Bioresource Technology. Vol. 77. 2001: pp. 247-255.

2. Allиgre C., Moulin P., Maisseu M., Charbit F. Treatment and reuse of reactive dyeing effluents. Journal of Membrane Science. Vol. 269. 2006: pp.15 - 34.

3. Баданова Р.Р., Баданов К.И., Баданов И.К. Устройство для реализации химико-технологических процеccов текстильной промышленности. //Механика и технологии. T 4.- 2014: С. 24 - 30.

4. Патент №17654 Республика Казахстан, МПК: D 06 B 5/12 Устройство для жидкостной обработки текстильных материалов / Баданов К.И., Кауымбаев Р.Т., Баданова Р.Р. http://kzpatents.com/0-pp17654-ustrojjstvo-dlyazhidkostnojj-obrabotki-tekstilnyh-materialov.html. Дата обращения: 15.01.2016

5. Кричевский Г.Е. Возрождение природных красителей. Publitprint - 2017.

6. Malatesti N., Munitic I., Jurak I. Porphyrinbased cationic amphiphilic photosensitisers as potential anticancer, antimicrobial and immunosuppressive agents. Biophys Rev. Vol. 9. 2017: рр. 149–168.

7. Chen, C., Li, M., Wang, C., Fu, S., Yan, W., & Chen, C. Meta-mordant dyeing with Camellia sinensis (L.) O. Ktze var. waldensae (SY Hu) Chang (Yellow-bud Tea) extract for wool fabrics treated by UV radiation. Fibers and Polymers. 19(6), 2018: pp.1255-1265.

8. Narayan M.R. Dye sensitized solar cells based on natural photosensitizers. Renewable and sustainable energy reviews. Vol. 16(1), 2012: pp.208–215.

9. Heinrich M. Quality and safety of herbal medical products: regulation and the need for quality assurance along the value chains. British Journal of Clinical Pharmacology. Vol. 80, 2015: pp.62-66.

10. Ebrahimi I., Gashti M.P. Extraction of juglone from pterocarya fraxinifolia leaves for dyeing, anti-fungal finishing, and solar UV protection of wool. Coloration Technology. Vol. 131(6), 2015: pp.451–457.

11. Fernandez-Agullo A., Pereira E.,. Freire M.S, Valentao P., Andrade P.B., GonzalezAlvarez J., Pereira J.A. Influence of solvent on the antioxidant and antimicrobial properties of walnut (Juglans regia L.) green husk extracts. Industrial crops and products. Vol. 42. 2013: pp.126–132.

12. Sabyrkhanova S.Sh., Behzat O.B., Yeldiyar G.K. (2022). Dyeing the cotton with extract of onion peels, walnut shell and (tanacetum) tansy, Tехнология текстильной промышленности. Том 1(397), с.212-217. - (In English). doi 10.47367/0021-3497_2022_1_212

13. Сабырханова С.Ш., Битлисли Б.О., Елдияр Г.К., Абзалбекулы Б. Ик-спектроскопические исследования структур текстильных материалов с природными красителями. Вестник Алматинского технологического университета. Т. 4, 2022: с.174-179. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2022-4-174-179

14. Тарасевич Б.Н. ИК – спектры основных классов органических соединений. - М., 2012 .

15. Moros J., Garrigues S., de la Guardia M. Vibrational spectroscopy provides a green tool for multi-component analysis. TrAC Trends in Analytical Chemistry. Т. 29(7). 2010: pp 578-591.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сабырханова C.Ш., Елдияр Г.К., Битлисли Б.О., Абзалбекулы Б., Сарыбаева Э.Е. Табиғи бояғыштар қолданылған тоқыма материалдарының түстік қасиеттерін зерттеу. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2024;145(3):157-163. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-3-157-163

For citation:


Sabyrkhanova S.Sh., Yeldiyar G.K., Bitlisli B.O., Abzalbekuly B., Sarybayeva E.E. Research of coloristic properties of textile materials dyed with natural dyestuff. The Journal of Almaty Technological University. 2024;145(3):157-163. (In Kazakh) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2024-3-157-163

Қараулар: 213


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)