Preview

Алматы технологиялық университетінің хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Әскери жауынгерлердің формалық киіміне арналған материал пакеттерінің зерттемесін талдау

https://doi.org/10.48184/2304-568X-2022-4-165-173

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада әскери жауынгерлердің формалық киіміне арналған әр түрлі құрамдағы материал пакеттерінің физико-механикалық қасиеттеріне жүргізілген зерттеу нәтижелерінің талдамасы келтірілген. Мақаланың өзектілігі келесідей, қазіргі таңда формалық киімнің тұтынушылардың талаптарына сәйкес келмеуі, әскери қызметшілер үшін отандық, сапалы, қолжетімді киім нысанының жеткіліксіздігі, Қазақстанда жылу сақтағыш, оның ішінде беймата материалдарды өндіру бойынша зерттеулердің болмауы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Беймата материалдардың өндірісі тоқыма өнеркәсібі салаласында ерекше орын алады, себебі бұл материалдардың ерекше қасиеттері оларды мата, трикотаж алмастырғыштар ретінде кеңінен қолдануға ғана емес, сонымен қатар түбегейлі жаңа қасиеттері бар жаймалар жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты отандық шикізаттан өндірілген беймата материалдар сарбаздарға арналған бұйымдарды жобалау кезінде жылу сақтағыш материалдар ретінде ұсынылды. Мақаланың мақсаты әскери қызметшілерге арналған формалық киімді жобалауға арналған материалдар пакетінің қасиеттерін зерттеу болып табылады. Отандық шикізатты кеңінен пайдалану үшін жаңа материалдың бірнеше нұсқаларын әзірлеу кезінде ұсынылған технологияны қолданудың ерекшелігі-түйе мен қой жүнін өңдеу негізінде беймата материалдарын өндіру. Беймата жылытқыш материалдардың қасиеттерін эксперименттік зерттеу зертханалық жағдайда стандартты әдістерді қолдана отырып жүргізілді. 

Авторлар туралы

А. Т. Токтарбаева
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Қазақстан

Алматы қ., Төле би көш., 100



Р. О. Жилисбаева
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Қазақстан

Алматы қ., Төле би көш., 100



А. А. Таласпаева
«Алматы технологиялық университеті» АҚ
Қазақстан

Алматы қ., Төле би көш., 100



Әдебиет тізімі

1. Требования к военной форме [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://forma-odezhda.ru/encyclopedia/vsesezonnyj-komplekt-bazovogo-obmundirovaniya-vkbo-1/.

2. Тоқтарбаева А.Т., Молдагажиева З.Д. Түйе жүнінен дайындалған жаңа беймата материалдары // Вестник Казахской головной архитектурно-строительной академии.-Алматы, 2018.- С. 103-107.

3. Тоқтарбаева А.Т., Жилисбаева Р.О. Әскери жауынгерлердің формалық киіміне арналған материал пакетін зерттеу Материалы Республиканской научно-практической конференции молодых ученых «Наука. Образование. Молодежь».-Алматы, АТУ, 2019 г.- С. 135-137.

4. Горчакова В.М. Нетканые материалы, перспектива развития и подготовка кадров// Нетканые материалы. 2014.- №1. - С.16-17.

5. Мухамеджанова О.Г., Тюменев Ю.Я., Гоголева Н.С. Анализ ассортимента нетканых утеплителей, используемых на предприятиях сервиса // Сервис в России и за рубежом. – 2013, №1 (39).-С. 11-13.

6. Лисиенкова. Л.Н.,. Комарова Л.Ю, Проскуряков Н.Е. Исследование деформации нетканых материалов в условиях циклического сжатия//Известия ТулГУ. Технические науки. - 2021.- Вып. 4.-С. 73-78.

7. Давыдов А.Ф., Шустов Ю.С., Курденкова А.В., Белкина С.Б. Техническая экспертиза продукции текстильной и легкой промышленности. М.: ИНФРА-М, 2014.-216 с.

8. Фомина С. П., Нестерчук О. П. Особенности технологии изготовления одежды из валяльно-войлочных нетканых материалов // Человек и общество XXI века: проблемы и тенденции развития (современный взгляд в контексте российских революций 1917 года): тез. докл. науч.- техн. конф. – М.,: Наука, 26 апреля 2017. – С. 188-197.

9. Буданова Г.Н., Ролдугина А.Е. Подрывные инновационные технологии текстильной промышленности // Успехи современного естествознания. – 2015. – № 1 (часть 3) – С. 468—471.

10. Советников Д.А., Мишаков В.Ю., Жагрина И.Н., Мухамеджанов Г.К. Нетканые утепляющие и формоустойчивые прокладочные материалы и наполнители для швейных изделий (учебное пособие). / М: МГУДТ. 2016.-314 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Токтарбаева А.Т., Жилисбаева Р.О., Таласпаева А.А. Әскери жауынгерлердің формалық киіміне арналған материал пакеттерінің зерттемесін талдау. Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2022;(4):165-173. https://doi.org/10.48184/2304-568X-2022-4-165-173

For citation:


Toktarbayeva A.T., Zhilisbayeva R.O., Talaspayeva A.A. Analysis of the Research of Packages of Materials for Military Uniforms. The Journal of Almaty Technological University. 2022;(4):165-173. (In Russ.) https://doi.org/10.48184/2304-568X-2022-4-165-173

Қараулар: 371


ISSN 2304-568X (Print)
ISSN 2710-0839 (Online)